68. Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша барлық жұмыстар қауіпті өндіріс факторларының жұмысшыларына әсер етудің алдын алуға арналған ұйымдастырушылық іс-шаралар мен техникалық құралдар жүйесін құруға бағытталады. Кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулық әзірленеді және бекітіледі:
1) жұмысшылардың жекелеген санаттарына (электр дәнекерлеуші, станокта жұмыс істейтін жұмысшы, слесарьлер, электр-монтерлер, зертханашылар, тазалаушылар) байланысты;
2) жұмыстың жекелеген түріне байланысты (биіктікте орындалатын жұмыс, монтаждау, ретке келтіру, жөндеу, сынау).
70. Әрбір жұмысшы жұмыс орындарындағы жұмысты ұйымдастыруға және жабдықтарға қызмет көрсетуге қатысты еңбек қауіпсіздігінің талаптарын білуі және қатаң түрде орындауы қажет.
71. Энергетикалық кәсіпорындардағы қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыстарды ұйымдастыру еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі туралы салалық ережеге сәйкес болуы тиіс.
72. Қауіпсіздік техникасы бойынша жұмыстарды жалпы басқару энергетикалық объектінің бірінші басшысына (жұмыс берушіге) жүктеледі.
Энергетикалық объектілер мен ұйымдардың басшысы мен лауазымды тұлғалары:
1) жұмыс орындарында, өндіріс орындарында энергетикалық объектілер мен ұйымдардың аумағында еңбек қауіпсіздігін және салауатты шарттарын қамтамасыз ету;
2) ұйымдар мен энергообъектілердің аумағында және өндіріс үй-жайларындағы жұмыс орындарын қауіпсіз және салауатты еңбек шарттарымен қамтамасыз ету;
3) оқытуды, білімдерін тексеруді, персоналға нұсқау беруді, олардың қауіпсіздік техникасының талаптарын сақтауын бақылауды дер кезінде ұйымдастыру қажет.
73. Энергия объектілерінің, ұйымдардың барлық персоналдарын алғашқы медициналық және шұғыл реанимациялық көмек көрсетуге, сондай-ақ оқиға болған жерде зардап шеккендерге ТҚЕ-нің талаптарына сәйкес алғашқы көмек көрсету тәсілдеріне үйрету қажет.
74. Электр станцияларының әрбір цехтарында, кіші станцияларында, желі учаскелерінде, зертханаларында және басқа да объектілерде, сондай-ақ жылжымалы бригадалардың автомашиналарында дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдардың үнемі толық қоры бар алғашқы медициналық көмек көрсетудің дәрі қобдишалары немесе сөмкелері болуы тиіс. Энергия объектілерін барлық персоналдары жақын жерде орналасқан дәрі қобдишасын білуі тиіс. Әрбір бөлімшеде оны күтіп ұстау үшін жауапты адам бұйрықпен тағайындалуы тиіс.
Персонал арнайы киімдермен, арнайы аяқ-киімдермен және орындалатын жұмыс сипатына және жұмыс барысында олардың үнемі пайдаланылуына байланысты жеке қорғаныштың басқа да құралдарымен қамтамасыз ету қажет.