«Электр техникалық материалдар және бұйымдар»


Электр беріктігі таралуының негізгі статистикалық мінездемелері



бет2/4
Дата02.12.2022
өлшемі0,75 Mb.
#160904
1   2   3   4
Байланысты:
эми лаб 2

2.2 Электр беріктігі таралуының негізгі статистикалық мінездемелері


Кез келген іріктеуден кейінгі электр беріктігі мәндерінің жиынтығы ретінде ET – нің орташа мәнін аламыз.
Ол мына формуламен анықталады
(2.2)
мұндағы K-интервалдар саны;
ETi – і-ші интервалдағы электр беріктігінің мәні;
ni – і-ші интервалдағы тесілген үлгілер саны; N – үлгілердің жалпы саны.
Ϭ - орташа квадраттық ауытқу, E - нің бытыраған кездегі мәндерін анықтайтын мінездеме болып табылады. Ол мынаған тең
(2.3)
ET – нің нәтежелерін электр беріктігі таралуының гистограммасы мен интегралдық қисықтарын тұрғызған соң, анықтауға болады.

2.3 ET мен Ϭ - ны анықтау. Гистограмма мен интегралдық сызықты тұрғызу


Экспериментпен алынған нәтижелердің статистикалық өңдеуін жасау үшін біріншіден мәліметтерді құрастырады. Ол мәліметтерде әрбір интервалдық электрлік беріктігі мен ( ETi ) әрбір интервалдың ішіндегі үлгінің саны (ni ) көрсетіледі.
Мәліметтер құрастырудың тәртібі мынандай.
2.3.1 Бақылау нәтижелерін Ет мәндерінің минимумнен максимумге қарай өсу тәртібі бойынша орналастырамыз вариациялық қатар.
2.3.2 ET мәндерінің вариациялық қатарын тең интервалдарға бөлеміз. Әдетте 8-ден 12-ге дейін бөлінеді.
2.3.3 Әрбір ni –ші интервал үшін үлгілер санын анықтаймыз. Мысал үшін 2.1- кесте (2.2) және (2.3) формулалары арқылы майсіңдірілген кабель
қағазы үшін ET мен Ϭ - ны есептеудің сұлбасы берілген.
2.1 кесте

кВ

EТi мм

ni

Σni

Wi

ΣWi

ni* EТi


EТi- Т

 (EТi- Т)2

 (EТi- Т)2 ni

18,0

2

2

0,012

0,012

36,0

-10,7

114,5

229,0

20,5

8

10

0,048

0,060

164,0

-8,2

67,24

567,9

23,0

5

15

0,030

0,090

115,0

-5,7

32,5

162,5

25,5

24

39

0,443

0,233

612,0

-3,2

10,24

245,8

28,0

52

91

0,314

0,547

1456,0

-0,7

0,49

25,5

30,5

43

134

0,258

0,805

1311,5

1,8

3,24

139,3

33,0

27

161

1,165

0,970

891,0

4,3

18,5

499,5

35,5

5

166

0,03

1,00

177,5

6,8

36,24

231,2


166




4763



2070,7









E=35мм, N=134, ni=24

Берілген мәліметтердің көрнектілігі үшін гистограмма мен интегралдық қисық алынады (2.1 сурет).






2.1 сурет - Гистограмма -1 мен интегралдық сызық -2

2.4 Сынау қондырғысын суреттеу


Сынау қондырғысы изоляциялық лактың, плита тәріздес изоляция материалдарының, мысалы, гетинакс ж.б., лактармен оқшаулаған сымдардың электр беріктігін анықтау үшін қызмет етеді.


Тиіп кеткенде сенімді электр тогынан қорғау үшін сыналатын электродтары бар сынақ орны, жоғары кернеуді реттеуге және өлшеуге арналған барлық приборлар темірмен қапталған корпус ішінде тұрады. Сынақ камерасында жұмыс істеу үшін оның алдынғы қабырғасы мен корпустың қақпағын ашу керек. Сыналып жатқан материалды бақылап тұру үшін корпус қақпағына әйнек терезеше орнатылған.
Берілген кернеуді реттеу трансформаторы арқылы бірқалыпты реттеп отыруға болады. Жоғары кернеуді изоляциямен құйып жасалған қабыршықтың ішіндегі жоғары вольтты трансформатор арқылы алуға болады. Кернеуді түзету үшін бір фазалы дәнекер сұлбасына (мостиковая схема) қосылған селенді түзеткіш қолданылады. Айнымалы жоғары кернеуді өлшеу үшін вольтметрді жоғары вольтты трансформатордың кіші кернеу жағына қосамыз. Одан шыққан тұрақты кернеуді өлшеу үшін кедергімен тізбектеп қосылған вольтметр қолданылады.
Сыналып жатқан объект тесілген кезде, немесе ол арқылы үлкен ток жүрген кезде, жоғары кернеу максимал ток релесі арқылы тоқтатылады.


  1. кернеуді бірқалыпты реттейтін құрылғы;

  2. кернеуді ұлғайтатын трансформатор;

  3. сыналатын үлгі;

  4. көрсететін лампа; 5- камера; 6- кілт.

    1. сурет - Қондырғының принципиалды сұлбасы



    1. сурет - Қызмет ету элементтерімен қызмет ету панеліндегі аспаптардың орналасуы





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет