«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған



бет35/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57
Бақылау сұрақтары:

  1. Негізгі нышандары бойынша сынақ түрлерін жүйелеу.

  2. Желідегі кернеудің жоғалуын анықтау жолдары.

  3. Кабельдердің қимасын анықтау әдістері.

  4. Ток тығыздығының тұрақты шарты бойынша кабель қимасын анықтау.

  5. Индуктивті кедергіні есепке алмай желілерді есептеу.

  6. Электр қондырғыларындағы токтың қашуы.


Дәріс 11

Тақырыбы: САҚТАНДЫРҒЫШТАР. ҰЗАҚ ЖҮКТЕМЕ КЕЗІНДЕГІ ТЕГІС КІРІСТІРГІШТІҢ ҚЫЗУЫ. ҚЫСҚА ТҰЙЫҚТАЛУ КЕЗІНДЕГІ ТЕГІС КІРІСТІРГІШТІҢ ҚЫЗУЫ.
Сақтандырғыштар. Жалпы мәліметтер

Сақтандырғыштар – бұл электр желілерін асқын кернеу токтарынан және қысқа тұйықталу токтарынан қорғауға арналған электрлік аппарат. Сақтандырғыштың негізгі элементтері қорғалатын тізбек соңынан қосылатын тегіс кірістіргіш және доғасөндіргіш құрылғы болып табылады. Сақтандырғыштарға келесідей талаптар қойылады:



  1. Сақтандырғыштың токуақыттық сипаттамалары төмен өтуі қажет, бірақ қорғалатын нысанның токуақыттық сипаттамаларына жақын болуы керек.

  2. Қысқа тұйықталу кезіндегі сақтандырғыштың іске қосылу уақыты мүмкін минималды болуы керек, әсіресе жартылай өткізгіш аспаптарды қорғау кезінде. Сақтандырғыштар токшектеуішпен жұмыс істеуі қажет.

  3. Қорғалатын тізбектегі қысқа тұйықталу кезінде сақтандырғыштар қорғаудың селективтілігін (іріктелуін) қамтамасыз етуі қажет.

  4. Сақтандырғыштардың сипаттмалары тұрақты болуы керек, ал олардың көрсеткіштерін технологиялық өзгерту қорғаудың сенімділігін бұзбауы қажет.

  5. Қондырғылар қуатының артуымен байланысты сақтандырғыштар жоғарғы сөндіру қабілетіне ие болуы керек.

  6. Сақтандырғыштардың конструкциясы тегіс кірістіргіштің күйуі кезінде оны жылдам әрі оңай ауыстыруын қамтамасыз етуі қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет