«Электрқауіпсіздігі» дәрістер жинағы 6В11210-Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің мамандығы бойынша оқитын жоғарғы оқу орындарының студенттерге арналған


Жерлендіргіш құрылғылардың түрлері



бет46/57
Дата23.12.2021
өлшемі476,97 Kb.
#127890
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57
Жерлендіргіш құрылғылардың түрлері

Жерлендіргіш құрылғы деп өзара қосылған өткізгіштер (электродтар) жиынтығын айтады және олар жерге қосылған болады. Жерлендіргіштің жерлендірілетін қондырғыға қатысты орналасу орнына тәуелді жерлендіргіш қондырғылар екі түрге бөлінеді: орталықтандырылған және контурлы.

Орталықтандырылған жерлендіргіш қондырғылар (сурет 21) келесідей сипатталады, оның жерлендіргіш бөлігі жерлендірілетін қондырғының орналасқан ауданынан сыртқа алшақ орналасқан немесе осы ауданның өзге бөлігінде орналасқан.

1 – жерлендіргіш; 2 – жерлендіргіш өткізгіштер (магистральдар);

3 – жерлендірілетін қондырғы

Сурет 21. Орталықтандырылған жерлендіргіш құрылғы


Орталықтандырылған жерлендіргіш құрылғының маңызды кемшілігі – қорғалатын қондырғыдан жерлендіргіштің алшақтығы, нәтижесінде қорғалатын территорияның барлық немесе бір бөлігінде жанасу коэффициенті 11 = α. Сондықтан бұл типтегі жерлендіргіш құрылғы жерге тек аздаған тұйықталу тогы кезінде, негізінен 1000 В дейінгі қондырғыларда қолданылады. Мұндағы жерлендіргіш потенциалы жанасу кернеуінің мүмкін жіберілетін мәнінен аспайды Uпр,доп, В:

Мұнан бөлек жерлендіргішке дейінгі қашықтық ұзақ кезінде қосылғыш, яғни өткізгіш кедергісі есебінен жерлендіргіш құрылғының кедергісі айтарлықтай жоғарылап кетуі мүмкін.

Орталықтандырылған жерлендіргіш құрылғының артықшылығы жерлендіргіш электродтарын жердің ең төменгі кедергілі орнын (ылғал, сазды, төмен және т.б.) таңдау мүмкіндігінде.

Орталықтандырылған жерлендіргіш құрылғының қажеттілігі келесі жағдайларда туындауы мүмкін: қандайда бір себептерден жерлендіргішті қорғалатын территорияда орнату мүмкін болмаған жағдайда; берілген территориядағы жердің жоғары кедергілі кезінде (мысалы, құмды, тау-жынысты топырақ) және сол орынның белгілі бір территориясындағы жер жақсы өткізгіштікке ие; жерлендірілетін қондырғының арнайы орналасуы кезінде (мысалы таулы қазбаларда) және т.б.

Контурлы жерлендіргіш құрылғының негізгі сипаттамасы, онда жерлендіргіштің электродтары жерлендірілетін қондырғының орналасқан ауданның контуры бойында орналастырылады, сонымен қатар осы ауданның ішкі периметрінде. Әдетте электродтар мүмкіндігінше аудан бойынша біркелкі орналастырылады, және де сондықтан контурлы жерлендіргіш құрылғы сондай-ақ таралған депте аталады.

Контурлы жерлендіргіш құрылғы кезіндегі қауіпсіздік тек ғана жерлендіргіш потенциалын төмендетумен қамтамасыз етілмейді. Бұған қорғалатын территорияға жекелеген жерлендіргіштерді сәйкесінше орналастыру жолымен қол жеткізіледі.

Мысал ретінде 22 суретте контурлық жерлендірілген қаңқаға фазаның тұйықталу мезетіндегі потенциалдардың таралуы көрсетілген.

Суретте көрініп тұрғандай жерлентіргіш электродтары орналастырылған аудан аймағындағы потенциалдың өзгеруі біркелкі орын алады; бұл кезде жанасу кернеуі Uпр және қадам кернеуі Uш жерлендіргіш потенциалымен ϕ салыстырған үлкен емес мәнге ие. Бірақ, контур жақтауынан шет тыста ϕ орасан төмендеуі байқалады. Осы жерлердегі жермен тұйықталу тогы жоғары қауіпті қадам кернеуін болдырмау үшін, бірінші кезекте кіріс және өту орындарында жерге түрлі тереңдікте қосымша болат жолақтар жерлендіргішке қосылып орнатылады. Осыған орай осы орындардағы потенциалдың төмендеуі қисық бойынша жүреді (сурет 23).


Сурет 22. Контурлы жерлендіргіш құрылғы: Uпр, Uш – жанасу және қадам кернеуі; φз – жерлендіргіш потенциалы; Із – жерлендіргіш арқылы өтетін ток; rз – ток ағымына жерлендіргіштің кедергісі

Сурет 23. Кернеу қадамын төмендету үшін жерлендіргіш контурының жақтауына қосымша болат жолақтарды орналастыру мысалы
Ғимарат ішіндегі потенциалды теңестіру табиғи жолмен орындалады, жерлендіргіштің тармақталған торымен байланысқан металл конструкциялар, құбырлар, кабельдер және осыған ұқсас заттарға орай. Темірбетонды ғимараттардың арматурасы потенциалды теңестіруге өзінің қолайлы ықпалын тигізеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет