Әлсіз электролиттер үшін 1 – α = 1, осыдан K = α2C, олай болса α = √ K/C
Әлсіз және күшті электролиттердің теориялары
Дебай-Гюккель теориясы: күшті электро-литтердің ерітінділерінде бір аттас иондар өзара тебіседі, әр аттас иондар тартылады.
Әрбір ионның айналасында қарсы заряд-талған иондардан иондық атмосфера пайда болады;
Концентрация жоғарылаған сайын иондық атмосфера тығыздалып, иондардың қозғалысы қиындайды;
Күшті электролиттердің ерітінділеріндегі иондардың мөлшері өздерінің нақты шамасынан төмен болып көрінеді;
Әлсіз және күшті электролиттердің теориялары
Белсенділік (а) – күшті электролиттер үшін қолданылатын шартты әсерлі концентрация:
а = γ·С
γ – белсенділік коэффициенті – күшті электролиттердің қасиеттерінің ауытқуын сипаттайтын шама;
Белсенділік коэффициенті электр өрісіне, ерітіндінің иондық күшіне тәуелді:
І = 0,5 ∑Ci Zi2
lg γ = – 0,5 Z2 √ I
Ерігіштік көбейтіндісі
Ерігіштік көбейтіндісі (ЕК) - әлсіз электролиттердің қаныққан ерітінділеріндегі иондардың концентрацияларының көбейтіндісі, ол белгілі температурада тұрақты шама.
Әлсіз электролиттер ерігенде, ерітіндіге иондар ауысады, сондықтан тепе-теңдік қатты тұз бен ерітіндіге ауысқан иондардың арасында орнайды;
Ерігіштік көбейтіндісі
CaSO4 ↔ Ca2+ + SO42-
[Ca2+] [SO42-]
K = ------------------
[CaSO4]
K · [CaSO4] = [Ca2+] [SO42-]
EKCaSO4 = [Ca2+] [SO42-]
Ерігіштік көбейтіндісі
Қаныққан ерітінді:
EKCaSO4 = [Ca2+] [SO42-]
Қанықпаған ерітінді:
EKCaSO4 > [Ca2+] [SO42-]
Аса қаныққан ерітінді:
EKCaSO4 < [Ca2+] [SO42-]
Судың иондық көбейтіндісі
Н20 ↔ H+ + OH-
[H+] [OH-]
K = ------------------
[H2O]
K · [H2O] = [H+] [OH-]
KH2O = [H+] [OH-] = 1·10-14
Cутегілік көрсеткіш
Бейтарап орта:
[H+] = [OH-] = 1·10-7 моль/л
Қышқылдық орта:
[H+] > [OH-]
[H+] > 1·10-7 моль/л
Негіздік орта:
[H+] < [OH-]
[H+] < 1·10-7 моль/л
Cутегілік көрсеткіш
Сутегілік көрсеткіш (рН) – сутегі иондары концентрациясының теріс ондық логарифмі: