Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: _______________________________________________________________
Орындаған: _______________
Тексерген: _______________________
Алматы-2008
Жоспар.
Кіріспе . ...............................................................................................................
І - тарау.
Электромагниттік тербелістер туралы мағұлмат. ......................................
Тербелмелі контур. ......................................................................................
Еркін тербелістер. ........................................................................................
Еріксіз электр тербелістері. ........................................................................
І – тарау.
Электромагниттік толқындар туралы. ......................................................
Жазық электомагниттік толқындар. .........................................................
Электромагниттік өрістің энергиясы. .......................................................
Электромагниттік өрістің импульсы. .......................................................
Қорытынды. .............................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. ........................................................................
Кіріспе
Өмірде өзіміз куә болып отырғандай ғылым мен білімнің дамуы адамзат үшін көп ықпал етті. Бірақ қанша дамығанменен де болашақта проблемалар таусылар емес. Жаңа жетістіктерге жетсек солғұрлым жаңа сұрақтар туындайды, ол да болса өмір талабы.
Біздің эрамызға дейінгі VII-ғасырда өмір сүрген грек философы Милеттік Фалестің жазуына қарағанда, жүннен тоқылған матаға үйкелген янтарьдың жеңіл нәрселерді өзіне тартатындығын әуелде тоқымашы әйелдер байқаған. Бұл жаңалықты тек екі мың жылдан астам уақыт өткенде ғана 1600 жылы ағылшын дәрігері Джильберт айқындап кеңейте түскен. Ол мұндай қасиеттерді янтармен қатар жібекке үйкеген шыныда және тағы басқа бірсыпыра заттардан байқалғанын ашты. Сөзбе-сөз айтқанда “янтарьланған” денелер. Грекше «электрон» - янтарь деген сөз.
Екі ғасырға жуық уақыттың ішінде XVII ғасырдың соңына дейін денелердің электрленуін зертеу ісі баяу дамыды да, сонымен бірге оның басқа табиғат құбылыстарын зертеумен ешқандай байланысы болған жоқ. Негізінен ғалымдар денелерді үйкеліс арқылы электрленген күйге келтіру және олардың арасындағы өз ара әсер күштерін зерттеу ісімен ғана қанағаттанып келген еді. Электр жөніндегі ілімнің бұл саласы кейінірек электростатика деген атаққа ие болды.
1789 ж.Галвани токтың физиологиялық әсерін ашты. Олжаңа ғана сойылған бақаны бел омыртқа нервтерінен мыс ілгекке іліп алып, балконның темір шарбағына асып қойғанда қойғанда, бақаның бұлшық еттері әрдайым шарбаққа тиген кезде жиырылып кететінін байқады. Электрленген денелер арқылы разрядтағанда бұлшық еттердің жиырлатыны оған дейін де белгілі болғанымен ұзақ уақыт электрлік құбылыстардың біртұтастығы тағайындалмадыда жұрт электрлік құбылыстардың өзінің «гальванилік электр” және үйкеліс арқылы алынатын электр деп бөліп келді. Тек ХІХ ғ.басында ғана электрлік құбылыстардың төтенше әрқилы болып келетінін көрсететін бірсыпыра ірі жаңалықтар ашылды: электр тогының пайда болу шарттары тексерілді, токтың жылулық және магниттік әсерлері тағайындалды, диэлектриктердің ролі және т.б. анықталады.
Электромагниттік индкцияның ашылуы электромагниттік өріс жөніндегі біздің көзқарасымызды тереңдетті. Бірақ мәселе тек мұнда ғана емес. Өзіндік индукция арқасында зарядтың, тоқ күшінің және электр тізбектерін сипаттайтын басқа да шамалардың тербелуі мүмкін, бұндай тербелістерді электромагниттік деп аталады.
Маятниктің тербелісінің конденсатордың индуктивтік катушка арқылы разрядына еш ұқсастығы жоқ секілді
Электромагниттік тербелістер мен толқындар.
Максвелл гипотезасы бойынша, ығысу тоғы өткізгіштік тоғы тәрізді , магнит өрісін жасайды. ал тығыздығы ығысу тоғы D электрлік индукция векторының уақыт бойынша туындысы нольге тең емес кезде, уақыт бойынша өзгеріп тұратын электр өрісі бар кездердің бәрінде, пайда болады. Қашан да уақыт бойынша өзгеріп тұратын электр өрісі бар болса, онымен байланысты магнит өрісі бар.
Электростатикалық өріс, яғни өзара қозғалмайтын және шамасы өзгермейтін электр зариядтарының өрісі, тек электр зарядтарына ғана әсер етеді; ешқандай оның магниттік әсері аңғарылмайды. Ал егер зарядтар бір- біріне қатысты қозғалса не олардың шамасы өзгерсе, онда олардың жасаған электр өрісі де өзгереді де, сол кезде электрлік әсер мен бірге магниттік әсер де пайда болады.
Дербес жағдайда бір қалыпты өспелі /не кемімелі/ электр өрісі бар деп алайық, сонда ығысу тоғы тұрақты болып, ол тұрақты магнит өрісін де туғызар еді. Іс жүзінде айнымалылар электр өрісінің әр қашан уақыт бойынша алынған туындысы болады, яғни айнымалы ығысу тоғын тудырады, сондықтан уақыт бойынша пайда болатын магнит өрісі де айнымалы болады. Жалпы алғанда, айнымалы электр өрісі алып тұрған кеңістік те, сонымен қатар айнымалы магнит өрісі мен де толтырылған болады.
Уақыт бойынша өзгеріп тұратын магнит өрісіВ индукция векторы мен және оның уақыт бойынша туындысы мен
ІІ- тарау.
Электромагниттік толқындар
Достарыңызбен бөлісу: |