- Электромагниттік толқындар - бір-бірімен байланысқан айнымалы электр және магнит өрістерінің кезекпен өзгеруі. Жиілігіне және толқын ұзындықтарына байланысты электромагниттік толқындарды мынадай жеті түрге бөледі:
- 1. Төменгі жиілікті сәуле шығару;
- 2. Радиотолқындар;
- 3. Инфрақызыл;
- 4. Көрінетін сәуле шығару;
- 5. Ультракүлгін сәуле шығару;
- 6. Рентген сәулелері;
- 7. Гамма-сәуле шығару.
- Олардың табиғаты бірдей болғанымен қасиеттері әр түрлі.
Электромагниттік өріс - Электр өрісінің кернеулік және магнит өрісінің индукция векторларының тербеліс бағыттары толқынның таралу бағытына перпендикуляр. Демек, электромагниттік толқын — көлденең толқын. Электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы С кернеулік және индукция векторлары жататын жазықтықтарға перпендикуляр орналасады. Демек, электромагниттік толқындағы E және B векторлары бір-біріне және толқынның таралу жылдамдығының бағытына перпендикуляр. Егер бұрандасы оң бұрғыны E векторынан B векторына қарай айналдырса, онда бұрғының ілгерілемелі қозғалысы толқын жылдамдығының С векторымен дәл келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |