Қазақстан Республикасы тұңғыш президентінің 2017 жылғы 3 қаңтардағы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған тиісті инфрақұрылымды құра отырып, электромобильдер өндірісін дамыту қажеттілігі туралы тапсырмасын орындау шеңберінде елде электр құю станцияларының инфрақұрылымын дамыту бойынша жобаны іске асыру жалғасуда.
Қазақстанда электромобильдердің саны жыл сайын артып келеді. ҚР Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2020 жылы олардың саны 550 бірлік болған.