Электрондық үкімет Бірқатар дамыған елдерде «электрондық үкімет»



Дата09.04.2020
өлшемі14,36 Kb.
#62044
Байланысты:
Электрондық үкімет

Электрондық үкімет

Бірқатар дамыған елдерде «электрондық үкімет» қазіргі заманғы қоғам мен ашық мемлекеттік басқаруды қалыптастырудың басты элементтерінің бірі болып табылады. «Электрондық үкімет» азаматтарға мемлекеттік қызметшілермен тікелей өзара іс-қимыл жасамай әлеуметтік маңызды мәселелерге жауаптарды оралымды алуына мүмкіндік береді, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде әкімшілік сипаттағы барлық мүмкін болар кедергілерді алып тастайды, сондай-ақ ресми ақпаратқа қолжетімділікті жеңілдетеді.

«Электрондық үкімет» – бұл мемлекеттік қызмет көрсетулерді автоматтандыру және оңтайландыру, қоғамды мемлекеттік басқару мәселелеріне тартуды арттыру және ішкі бизнес-процестерді жетілдіру мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (бұдан әрі - АКТ) мүмкіндіктерін пайдалану негізінде мемлекеттік органдардың ішкі және сыртқы қарым-қатынастарының өзгерісі.

«Электрондық үкіметті» қалыптастырудың негізгі мақсатттарына жатқызылатындар :

- мемлекеттік қызметті АКТ-ны пайдалану арқылы көрсету;
- азаматтардың мемлекеттік басқару үдерісіне қатысу дәрежесін ұлғайту;
- мемлекеттік қызметтің ішкі тиімділігін арттыру.

«Электрондық үкіметті» құру идеясын Қазақстанда бірінші рет ел президенті Н.Н. Назарбаев 1997 жылы «Қазақстан-2030» мемлекеттік бағдарламасында көтерді. «Электрондық үкіметті» Қазақстанға ендіру мемлекеттік органдардың азаматтар мен ұйымдарға қызмет көрсету сапасын жақсартуға және мерзімдерін қысқартуға, әртүрлі мемлекеттік базаларға қолжетімділікті қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдардың қызметін ізерлеу мүмкіндігіне, құрамы бойынша тиімді де оңтайлы мемлекеттік аппаратты құруға бағытталған.

Бүгінгі күні мемлекеттің тиісті заңнамалық актілерді ел АКТ-н дамыту саласындағы мемлекеттік бағдарламаларында айқындаған «Электрондық үкіметті» Қазақстанда қалыптастырудың бастапқы сатысының көптеген міндеттері табыспен іске асырылды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 10 қарашадағы № 1471 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы Электрондық үкіметті» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 1155-1 Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы «электрондық үкіметті» дамытудың 2008-2010 жылдарға арналған бағдарламасы мен Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 8 қаңтардағы № 414 Жарлығымен бекітілген «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасы қабылданып іске асырылған болатын, олар «электрондық үкіметті» кезең-кезеңмен қалыптастыруға және дамытуға, электрондық және мемлекеттік қызмет көрсетулерді электронды түрде ендіруге ықпал етті. Сондай-ақ қазіргі таңда «Ақпараттық Қазақстан-2020» мемлекеттік бағдарламасының жобасы әзірленуде, ол өз кезегінде Қазақстанда АКТ саласын жетілдірудің негізгі стратегиялық құралы болып табылады.

Бұдан басқа, «Электрондық құжат және электрондық цифрлы қолтаңба туралы» 2003 жылғы 7 қаңтардағы, «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі, «Ақпараттандыру туралы» 2015 жылғы 24 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарымен «электрондық үкіметтің» негізгі міндеттері мен құқықтық даму негіздері, сондай-ақ тұтастай «электрондық үкіметтің» сәулетін дамыту негіздері айқындалған.

Егер де «электрондық үкіметті» қалыптастырудың әлемдік тәжірибесі туралы айтсақ, онда «электрондық үкімет» пен электронды демократияны құру идеясын алғаш рет Америка Құрама Штаттары (одан әрі – АҚШ) және Ұлыбритания ғалымдары ұсынды, мұның астарында жаңа АКТ-ларды негізгі демократиялық құндылықтарды қорғау мен дамыту үшін және бірінші кезекте билік органдарының шешімдер қабылдау үдерісіне және мемлекеттік басқаруға азаматтардың қатысуы үшін пайдалану жатты.

«Электрондық үкіметті» қалыптастырудың әртүрлі өңірлер мен әлем елдері тәжірибесіндегі үш негізгі модельді бөліп алу қажет: Америкадағы, Европа мен Азиядағы. Американдық модель «электрондық үкіметтің» АҚШ-тағы қалыптасу ерекшелігін көрсетеді; еуропалық болса өзіне Батыс, Орталық және Шығыс Еуропаның көптеген елдеріндегі «электрондық үкіметтің» дамуын қамтиды; азиялық модель Сингапур мен Оңтүстік Кореяда табыспен қолданылады.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылындағы жеңілдік, қолжетімділік пен аз шығындар «электрондық үкіметтің» американдық моделінің негізгі мақсаты болып табылады.



Өз кезегінде еуропалық модельге Еуропарламент, Еурокомиссия, Еуропалық сот секілді мемлекеттіктен жоғары институттар тән, олардың ұсынымдары «электрондық үкіметтің» қызметін дамыту және реттелімдеу кезінде барлық Еуропалық Одақ елдері үшін міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет