Байланысты: 17.11 тапсырма Электронды үкімет казргі АКТ
2. Электронды үкіметті қалыптастыру кезеңдері. Қазақстан Республикасында «электрондық үкімет» қалыптастырудың 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 8 маусымдағы отырысында № 9 хаттамамен мақұлданған Қазақстан Республикасындағы “электрондық үкімет” тұжырымдамасының ережелері ескеріле отырып әзірленді.Осы Бағдарламаның негізіне «электрондық үкімет» арқылы - прогрессивті ақпаратты Қазақстанға» қол жеткізу идеясы алынды.
Электрондық үкімет құру идеясы Елбасымызға тиесілі, әрі алғаш рет тоғыз жыл бұрын ауызға алынған болатын. Осы уақыт ішінде электрондық үкіметіміз қалыптасуы мен дамуының іргелі төрт кезеңінен өтті. Ол кезеңдердің қай-қайсысы болса да қазақстандықтардың мемлекетпен өзара әрекеттестігіне көмегін тигізгені сөзсіз.