«Электроника» кафедрасы


 Деректер енгізу құрылғысы



бет4/6
Дата07.02.2022
өлшемі383,6 Kb.
#82700
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Зертханалық жұмыстар

1.2 Деректер енгізу құрылғысы
Жүйенің жұмысына қажетті ақпаратты (команд кодтары мен деректер) жады жүйесіне енгізуге арналған енгізу құрылғысы (In) екі бөліктемеден тұрады (1.7 суретті қара):
 түймелік құрылғы (0_F);
 кодтау құрылғысы (CD).
Аталымдары оналтылық символдармен белгіленген түймелер негізінде құрылған түймелік құрылғы (0_F) түймелердің басылуы кезінде теріс импульстің қалыптастырылуын қамтамасыз етеді.
Мәртебелі шифраторлар негізінде құрылған кодтау құрылғысы (CD) басылған түймеге сәйкесті екілік кодын қалыптастырады.
1.7 Сурет
1.3 Жады жүйесі

Жады жүйесінің (Mem, Memory) негізгі құрылым бөліктемелері (1.8 суретті қара):


 жады блоктары (mem, memory);
 жадыны басқару блогы  (MCon, Memory Control);
 адрес регистрі (Add_4);
 буферлік элементтер.

1.8 Сурет
Құрылымы бірдей екі жады блогы (mem) команда кодтары мен деректердің бөлек сақталуын қамтамасыз етеді.
Жадыны басқару блогы (MCon) енгізу құрылғысынан немесе микропроцессордан түсетін басқару сигналдарына байланысты екі жады блогының біреуінің (бағдарлама немесе дерек жадысының ) және оның жұмыс режимінің (енгізу, жазу, оқу) таңдалуын қамтамасыз етеді.
Екі жады блогына ортақ адрес регистрі (Add_4) жадының жандандырылған ұяшығының адресін ақпараттың жазылу немесе оқылу кезінде сақтауға арналған.
Үш жағдайлы буферлік элементтер (! және i) орындалушы командаға байланысты дерек жіберілімінің бағытын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет