Электростатика дегеніміз не? Электростатика



бет3/6
Дата07.02.2022
өлшемі22,26 Kb.
#89660
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
физика СРС 3

Электрлік диполь деп нені айтады? 
Электрлік диполь деп өз ара тең, әр - аттас екі нүктелік зарядтардан құралған жүйені атайды. Мысал ретінде екі шеті зарядталған молекуланы алуға болады 19-сурет. Диполь зарядтары айналасында электр өрісін туғызады.
Гаусс теоремасы?
Гаусс теоремасы, электр динамикасында — электр статикасының S тұйық бет арқылы өтетін электр индукциясының (D) сол бетті қамтитын көлем (V) ішіндегі зарядқа (Q) пропорционалдығын тұжырымдайтын негізгі теоремасы.
Потенциал нені сипаттайды?
Потенциал[1] (потенциалдық функция) — физикалық күш өрістерінің кең көлемді тобын (электрлік, гравитациялық, т.б.) және физикалық шамалардың вектормен көрсетілген өрістерін (сұйықтық жылдамдығының өрісі, т.б.) сипаттайтын ұғым. Әрбір векторлық шама а өзінің потенциалының градиентіне тең: а=gradj. Мұндай жағдайда векторлық өрісті потенциалдық деп атайды. Потенциал векторлық өрісті сипаттау үшін көмекші функция ретінде енгізіледі. Термодинамикада потенциал берілген жүйе күйін сипаттаушы макропараметрлерге байланысты функция ретінде қарастырылады. Потенциал арқылы термодинам. жүйенің барлық қасиетін анықтауға болады. Физикада потенциал ұғымының басқа мағынасы да бар. Мысалы, электр өрісінде ол бірлік зарядты электр өрісінің берілген бір нүктесінен шексіздікке тасуға кеткен жұмысына тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет