Әлем музейлерінің тарихы оқу құралы



Pdf көрінісі
бет24/54
Дата22.10.2022
өлшемі1,93 Mb.
#154592
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54
Байланысты:
treatise18582

 
Сҧрақтар: 
1. Ватикан музейлерінде тамаша туындылардың мол болып жинақталуына 
себепкер болған кімдер? 
2. Музей қҧрылысы тарихынан не білесіз? 
3. Қашан Ватикан дербес мемлекет болып жарияланды? 
4. Шедеврлерін атаңыз.
 
 


Т.Н. Мұхажанова 
81 
14 – т а қ ы р ы п 
 
Уффици сурет галереясы 
 
Флоренциядағы Уффици сурет галереясы – флоренциялық 
қоғамдық музейлер мен галереялар кешеніне кіретін кескіндеме, 
мҥсін, графика мемлекеттік музейі. Уффици деген атауы итальн 
тілінен аударғанда кеңсе «канцеляри» деген сӛзінен шыққан. 
Себебі ол герцог Медичидің сарайы жанынан әкімшілік меке-
меге арналып салынған болатын. Оның қҧрылысын 1560 жылы 
Джорджо Вазари Козимо І Медичидің тапсырысы бойынша бас-
тап салады да, 1574 жылы ол дҥниеден қайтқаннан кейін Бер-
нардо Буонталенти оның жҧмысын жалғастырып, аяқтайды. 
1575 жылы Медичи жинақтары жаңа сарайға әкелініп топтасты-
рылады.
Музейдің басты қҧндылығы – сурет ӛнерінің ғажап 
туындылары болып табылады.
1581 жылы Франческо Медичи І жоғарғы қабатта бірнеше 
жайлар әулеттің ӛнер туындылар жинағына арнайды, міне, осы 
жыл галереяның негізі қаланған уақыты болып саналады. 
Негізінен, ХV ғ. алғашқы ширегінен бастап-ақ Медичидің 
банкирлік ҥйі Флоренция ӛмірінде маңызды орынға ие болады. 
Осыдан бастап қала билігін ӛз қолына зорлықпен алабастайды. 
1434 жылы Козимо ди Джованни (ҥлкені) республика алдында 
ерен еңбегі ҥшін Отан әкесі аталып, мҧнда алған ӛз 
диктатурасын орнатты. Кейінірек бҧл әулеттің ӛкілдерін 
Флоренциядан бірнеше рет қуғындады, бірақ олар қайта оралып 


Әлем музейлерінің тарихы 
82 
отырды. Оларға бірнеше рет қастандық та ҧйымдастырылды, 
олармен соғысты да, бірақ олар тайсалмай, тіпті шетелдік 
әскерді әкеліп те, ӛздерінің билігін қайта орнатып отырды. 
Алайда олардың Флоренцияға ҥстемділігі ХVІІІ жҥз жылдыққа 
дейін созылып, содан кейін бара-бара бәсеңдеген еді. 
Медичилердің барлығы ӛнердің мәнін жақсы тҥсінетін еді 
және Флоренцияны итальяндық ӛркендеудің мәдени астанасына 
айналдыра алған еді. Олардың сарайларында танымал философ, 
ақын да жарқырап кӛріне алған еді, олардың тапсырысымен 
ҥздік кескіндеме шеберлері мен сәулетшілер еңбек етті. «Ме-
дичи ҧясынан» Ренессанстың мынандай титандары шыққан 
болатын: Леонардо да Винчи, Микеланджело, Сандро Ботти-
челли, сарай суретшісі болып ҧзақ қызмет еткен Лоренцо. 
Медичилер лиценат және коллекционерлер болды. ХVІ 
ғасырдың аяғында олардың отбасылық жинағы Италияның ең 
қҧнды коллекциясы болып саналды.
І Франческоның тапсырысы бойынша сәулетші Бернардо 
Буонталенти екінші қабатындағы терасты әйнекпен жауып, 
бірнеше музейлік залдар жасады. Мҧнда тарихи портреттер мен 
мҥсіндер орналастырылды. Осы жаңа галерея ҥшін V Папа Пий 
Франческоға арнайы сый ретінде Ватикан жинағына келіссіз деп 
танылған 26 антикалық мҥсіндерді тарту еткен болатын.
ХVІІ ғ. кескіндеме коллекциясы ерекше кӛбейген еді. Кейбір 
суреттер Уффици галереясы ҥшін арнайы салынып отырды. 
Мысалы: 1639 жылы Гвидо Ренидің «Умирающая Клеопатра» 
айтуға болады. ХVІІ ғасырда Медичи әулеті ӛздерінің кӛркемдік 
коллекцияларын Уффициге тапсырып, оларды жҥйелеуге ҥлкен 
кҥш салған болатын. ІІ Фердинанд тҧсында Оңтҥстік және 
Батыс галереялары ашылып, музейде енді ҥш галерея залы 
болды. Франческоның мирасқоры І Фердинандтың тҧсында 
жинақтың мӛлшері ӛсе тҥсті. Әсіресе 1631 жылы ІІ 
Фердинандтың герцог Урбинскийдің мҧрагері Викторияға 
ҥйленуі коллекцияны одан әрі байыта тҥсті. Оған ҧзақ жылдар 
бойы жинақтаған Тицианның «Венера Урбинская», Рафаэль, 
Бароччилардың шығармалары енген еді.
ХVІ-ХVІІ ғ.ғ. ӛзінде-ақ Уффици Флоренцияның шіркеулері 
мен монастырьлерінен кейде кӛшірмелермен ауыстырып, ана-
ғҧрлым қҧнды деген шығармаларды ала бастаған болатын.


Т.Н. Мұхажанова 
83 
Уффициға Леонардо да Винчидің, Андреа дель Сарто және ХІІ-
ХV ғ.ғ. суретшілерінің шығармалары осындай жолдармен 
тҥскен болатын. 
ХVІІ-ХVІІІ ғ.ғ. басында коллекция қарқынды тҥрде ӛсе 
тҥсті. Фердинандтың інісі кардинал ғалым Леопольдо 11 мың 
кӛне шеберлердің суреттерін жинаған болатын. Осы уақытта 
Дюрердің «Голгоф», Леонардо да Винчидің «Поколение 
волхов» және Ван Дейк пен Рембранттың портреттік еңбектері 
мен Болон академия шеберлерінің шығармалары алынған бола-
тын.
1737 жылы 31 қазанда Медичи әулетінің соңғы ӛкілі Анна 
Мария келісім-шартқа отырып, Флоренция қаласына Медичи 
әулетінің барлық коллекцияларын тапсырды. Ол: Уффицида 
сақталған коллекциялар қаладан ешқашан шығарылмауын және 
коллекцияны кӛпшілік кӛруге мҥмкіндік жасауға арнайы шарт 
қойды. Сӛйтіп, Уффици жеке музейден Лувр, Британ музейінен 
де ертерек кӛпшілікке арналған мемлекеттік музейге айналды. 
1765 жылы мемлекетті австриялық эрцгерцог Петер Лео-
польд басқарады. Ол ӛз заманының ағартушылық идеясының 
негізінде мемлекетті қайта қҧру жоспарын жасайды. Оның ішіне 
флоренциялық коллекцияны қайта ҧйымдастыру да кірді. 
Уффици жоспарға сәйкес тарихи белгілері бойынша ҧйымдасты-
рылған сурет галереясына айналды. 
Уффици музейінің қҧрылымы еуропалық танымды, мойын-
дауға ие болды. 
ХVІІІ ғ. ІІ жартысында туристік мода ӛскеннен бері Италия-
дағы Уффици ең кӛп келетін орынға айналды. Оған Еуропаның 
тҥкпір-тҥкпірінен ӛнердің білгірлері ағылып жатты. Сол кездің 
ӛзінде-ақ галерея музейлердің эталонына айналды. Музей жи-
нақтарын қҧрушылар ӛз еліндегі музейлерді Уффицида жасал-
ған жҥйеге сай қҧруға тырысты. 
1795 жылы музей практикасында алғаш рет суреттердің 
астында туындының атауы ғана емес, автордың есімі жазылған 
этикеткалар пайда болады. 
ХІХ ғ. Уффици коллекциясының негізінде мемлекеттік му-
зейлердің тармақталған жҥйесі қҧрылды: қару-жарақ музейі
зергерлік ӛнер музейі, герцогтық ғылыми қондырғылар мен 


Әлем музейлерінің тарихы 
84 
қҧралдар коллекцияларынан жинақталған ғылыми-тарихи му-
зейі, археологиялық музей.
Бірінші дҥниежҥзілік соғыстан кейін Уффици Ҧлттық гале-
рея мәртебесін алуға негіз болды.
Ал 1945 жылдан кейін біраз қҧнды туындылар алынып, 
екінші дҥниежҥзілік соғыс кезінде жоғалған шығармалар қайта-
рылынды. Оған Мазаччо, Мазолино, Веронезе, Тинтореттоның 
шығармаларын айтуға болады.
Мемлекет мҧралыққа қалдырылған жеке коллекциялармен 
де толықтырылады. 1969 жылы банкир Контини Бонакоссидің 
сыйы музей коллекцияларын тҥпкілікті толықтыра тҥсті. Музей 
қоры Чимабуэ, Тинторетто, Веронезе, Бассано, испандық су-
ретшілер Сурбарана, Гойенің шығармаларымен толықтырылды. 
Бҥгінгі таңда Уффици галереясы 45 залдан және 4 экспози-
циялық коридордан тҧрады. Олардың барлығы бірегей қҧнды 
шығармаларға толы. Мҧнда мҥсін, графика (110 мың) гобелен-
дерді айтпағанда 1700 кескіндемелік туынды қойылған. Жинақ-
тың ауқымдылығы сондай, оны толық дҧрыстап кӛріп шығуға 
бірнеше ай қажет. 
Уффици галереясының жинақтарының ерекшеліктері сонда, 
барлық басты суретшілері мен ең ҥздік шығармалары бар 
флорентиялық мектептің тҧтас даму кезеңдерін қамтуында. Ең 
алдымен, Уффици жинағы ХІІІ-ХVІІ ғ.ғ. итальяндық кескіндеме 
элементтерінің қҧндылығымен танымал. 
Галерея топтамаларында тӛмендегі мектептер қамтылған: 
флорентия (ХІІ-ХІV ғғ.); венециандық (ХVІ ғ.); боллондық 
(ХVІІ ғ.). 
Уффици галереясына кескіндемелік шедеврлерден басқа: 
антикалық коллекциялар да кіреді. Ол, негізінен, ХVІІ ғ. жинақ-
талған. Соның ішінде «Венера Медичи» (шамамен б.з.д. І ғ. 
ортасына) жатады. Графика коллекциясы Еуропадағы ең кӛне 
және Италиядағы ӛте бай жинақ болып табылады. Кӛптеген 
экспонаттарды суретшілердің ӛзі немесе мҧрагерлері тапсырған. 
Мысалы: Джорджо Вазаридің мҧрагерлері музейдің негізін 
қалаған Франческо І Медичиға суретшінің суреттер альбомын 
сыйға тартқан. 
Уффици галереясының экспозициясының таң қалдыратын 
бӛлімі суретшілердің автопортрет галереясы. Оның негізі ХVІІ 


Т.Н. Мұхажанова 
85 
ғасырда қаланды. Оны бастаған Леопольдо Медичи болады. 
Римнен алғаш туынды сатып алған. Осының нәтижесінде ҧлы 
шеберлердің тҥрін кӛруге болатын жалғыз музей қҧрылды. 
ХVІІІ және ХІХ ғасырларда суреттерге мақсатты тҥрде арнайы 
автопортреттер тапсырыс беріліп отырды. Леонардо, Рафаэль, 
Микеланджело, Дюрер, Тициан, Рембранд, Рубенс, Ван Дейк, 
Гольбейн мен орыс суретшілерді: Кипренский, Айвазовский, 
Кустодиев, Репин, Шагалдың автопортреттері бар.
Сонымен қатар бҧл жерден барлық флорентиялық ірі сурет-
шілердің мысалы, Чимабэ, Джотто ди Бондоне, Мазаччо, Анре 
Верроккьо, Филиппо Липпи, Леонардо да Винчи, Лоренцо ди 
Креди, Андреа дель Сарто, Джованни Батист Россо шығар-
маларын кӛруге болады. Музей қорларының ішіндегі ең та-
нымал қҧндысы Сандро Боттичеллидің «Аллегория весны» және 
«Рождения Венеры» атты туындысымен Микеланджело Буонар-
ротирдің «Модонна Дони» кӛркемсуреттерін атап кетуге 
болады.
Галерея, сонымен бірге антикалық мҥсіндерді сақтап тҧр. 
Ерекше кӛзге тҥсетіні – эллинизм дәуіріне жататын «Танцую-
щий фавн», «Марсий», «Юный Аполлон», «Гибель Ниобид» жә-
не танымал «Венера Медичи». Музейдің әлем бойынша ХVІ ғ. 
Еуропада қалыптаса бастаған кескіндеме жинақтарының орны 
ерекше. 
Қазіргі таңда музей тҧрақты тҥрде кӛрмелер ҧйымдастыруда, 
және ҥлкен ғылыми жҧмыс жҥргізуде, ҥлкен кітапханасы және 
ғылыми-реставрациялық шеберханасымен танымал. Уффици 
галереясын тамаша шеберлердің энциклопедиясы деп текке 
атамаса керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет