Әлем музейлерінің тарихы оқу құралы


Сҧрақтар:  1. Ортағасырлық Батыс Еуропа жинақтарының ерекшелігін атаңыз.  2. Жеке қорлардың жиналуы. 6 - т а қ ы р ы п



Pdf көрінісі
бет11/54
Дата22.10.2022
өлшемі1,93 Mb.
#154592
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54
Байланысты:
treatise18582

Сҧрақтар: 
1. Ортағасырлық Батыс Еуропа жинақтарының ерекшелігін атаңыз. 
2. Жеке қорлардың жиналуы.
6 - т а қ ы р ы п 
 
Орта ғасыр кезеңіндегі Шығыс елдерінің жинақтары 
Мҧсылман әлемі мен ҥнді-буддалық елдерде алғашқы 
коллекцияларды жинақтаудың ӛзіндік діни астары болды. Ислам 
діні қалыптасып, оның мәдениеті Оңтҥстік Жерорта теңізі айма-
ғына және Шығыста Индонезияға дейінгі жерге тарап, жерлен-
ген мҧсылман қабірінде болса да қазыналар болды, жҥз жылдан 
астам уақыт бойы онда бай, сирек кездесетін заттардың қоры 
жинақталды. Мҧхаммед Пайғамбардың ӛзі осындай жолмен 
жиналған қазыналарды «вакфа» немесе «вакуфа» деген 
концептуалды атаумен негізін қалаған. Оның мәні бойынша 
мемлекет немесе жеке адам діни шараларға немесе қайырымды-
лық мақсатпен дҥние мҥлікті сыйлай алатын болған. Осындай 
жолдармен жиналған заттар келешекте музейдің қалыптасуына 
себепкер болған.
Айталық, Тегерандағы шах Абдул Азиз музейі, пайғамбар 
қайтыс болғанда қабіріне келушілердің әкелген сыйлықтары 
негізінде қалыптасқан.
Иракта мҧсылмандардың қасиетті қаласы болып есептелетін 
Неджефте Мҧхаммед пайғамбардың кҥйеу баласы бірінші шейіт 
имамы халиф Алидің қабірінің жанындағы қазынасы келешекте 
музейге негіз болған. 
Кӛне жазба ескерткіштерде будда ғибадатханасының ӛнер 
туындылары, сирек кездесетін жануарлар мен ӛсімдіктер 
сақталған. Ҥнді шіркеулерінде бейнелеу ӛнер туындылары, 
мҥсіндер, қолданбалы ӛнер туындылары, тҥрлі сирек кездесетін 
заттар жылдап, тіпті ғасырлар бойына жиналған.
Жапонияда шіркеу қазыналары ҧзақ уақыт бойы діни 


Әлем музейлерінің тарихы 
28 
және жеке тҧлғалардың жалғыз ғана сақтаушы орны болып 
келген. Оған мысал ретінде әлемге танымал болған VІІІ ғ. Нарда 
Тойдайдзи ғибадатханасының Сѐсоин қазынасын атауға болады. 
Бҧл қазынаның қҧрылуына император Сомның жесірі (724-756 
жж. билік қҧрған) будда Вайрочанға арнап жасаған қҧрбандық 
шалу негіз болған. Бҧл қазынада қару жарақтар, қалқан, айна, 
ширмалар, музыкалық аспаптар – жалпы саны 650 зат болған. 
Осы заттарды сақтау ҥшін ғибадатхана территориясына 
салдырған, кейін қордың санының ӛсуіне орай ХХ ғ. ағаштан 
жасалған қҧрылыс ол музейге айналған.
Ӛнер туындыларының бай жинақтарымен сарайларды безен-
дірді, ал осындай әдемі заттармен толтырудың басты жолы 
тиімді әскери жорықтар ҧйымдастыру еді. Араб халифатының 
Бағдадтағы Аббасидтер әулетінің (750-1253 жж.) резиденциясы 
мен Каирдегі Фатимид әулеттерінің (909-171 жж.) сарайларында 
қарулардың әшекейленген тҥрлері мен бейнелеу ӛнерінің 
бҧйымдарын сақтаған. Әсіресе ерекше қҧрметпен каллиграфия 
есептелді, себебі жазудың әдемі тҥрін меңгеру деген сауат-
тылық, тҧлғаның рухани жемісінің жетістігін танытқан. Со-
нымен қатар мҧсылман әлемінде қолжазба кітаптар ӛте жоғары 
бағаланып, тіпті алтынмен теңестірген кездері де болған.
Әсіресе қолжазба кітаптарын жинақтау ХV-ХVІ ғғ. Иран, 
Ҥнді елі, Осман империясында ерекше дамыған. Гератта (Иран) 
Тимуридтер сарайында арнайы кітап шеберханасы жҧмыс 
істеген, онда Бағдад пен Тебриздің ең танымал каллиграфтары 
мен суретшілері жиналған, ал Стамбулдағы Осман сҧлтанды-
ғында қолжазбаны жасау ҥшін жергілікті іскерлермен қатар 
Италия, Иран және Әзірбайжанның шеберлері де еңбектенген.
Коллекцияларды жинауды ең шыңына жеткізіп дамытқан 
қытайлықтар болды. Хань империясы тҧсында (б.з.д. 206 - б.з. 
220 жж.) император сарайларының жалпы мәдениетін кӛтеру 
мақсатында, тҥрлі аймақтардан танымал бейнелушілер мен 
каллиграфтарды жинақтаған.
Кҥнделікті 
ӛмірлерінде 
қытайлықтар 
пайдаланатын 
иероглифтерді соншалықты дамытып, оларды әдемілеп бояп 
салу, ӛнер туындысына айналған. Уақытының кӛп бӛлігін осы 
ӛнер тҥріне жҧмсаған адамдар рухани байып, эмоциялы тҥрде 
ләззат алған. Каллиграфтар қоғамда суретшімен тең бағаланған. 


Т.Н. Мұхажанова 
29 
Айталық, император Тай-цзун (627-649 жж.), бҥкіл Қытай 
аумағы бойынша (321-379 жж.) танымал болған атақты 
каллиграф Ван Си-чжидің шығармаларын іздестіріп, жинақтауға 
бҧйрық берген. Бҧйрық бойынша жеке қолда жҥрген тҥп 
нҧсқаны мемлекетке ӛткізу керек, себебі бейнелеу ӛнерінің 
қҧнды дҥниесі болып есептелінеді деген.
Таң империясы кезінде де, мемлекеттік жҧмыс пен мәдениет 
басты орынға қойылып, жинақтардың саны артқан. VІІІ ғ. 
басында бас Академия немесе Ғалымдар палатасы атты мекеме-
лерде каллиграфтар бейнелеу ӛнері бойынша сабақ алған, ал 
император олардың жасаған туындыларымен жеке танысып
ерекше талант иелерінің қызмет барысы бойынша шенін 
жоғарылатқан. 
Таң империясы қҧлап, кӛтерілістер орын алған уақытта да 
жинақтау ісі ӛз дамуын жалғастырған. Мәселен, император Ли 
Бян (937-943 жж.) тҧсында оңтҥстік Таңда Академия қҧрып, 
мыңдаған жергілікті картиналар мен кітаптар сақталған. 
Дегенмен қытайлық коллекциялардың даму шыңы Сун импе-
риясы (960-1279 жж.) тҧсында экономиканың гҥлденуі кезеңінде 
болды. Бірінші Сун императоры Чжао Куан-ин (960-976 жж.) 
тҧсында кӛркемсурет департаменті қалыптасып, онда жас 
суретшілер сабақ алған, ал шеберлер тапсырыстар бойынша 
жҧмыс істеген. Сӛйтіп, император қазынасы кҥнартып ӛсе бер-
ген, әсіресе жазу ҥлгілерімен қатар әшекей бҧйымдары, қымбат 
кілемдер, кҥмістен жасалған кӛне бҧйымдар жинақтың қҧра-
мында болған. Император сарайында жинақтарға байланысты 
арнайы департамент жҧмыс істеген.
Сун империясы дәуірінде кӛркем сын ерекше даму деңгейіне 
жетеді, оған себепкер – ХІІ ғ. басында қҧрылған кӛркемсурет 
академиясы. Бҧл академия ортағасырлық Қытайдың тҧңғыш 
мемлекеттік мекемесіне айналып, елдің мықты суретшілерінің 
басын біріктірді.
Императорлық жинақпен қатар жеке жинаушылар қатар 
дамыды. 
Арнайы трактаттар қҧрылған; Сун империясында жетеуі 
жазылса, ал Юань әулеті кезеңінде (ХІІІ-ХІV ғғ.) тағы екеуі 
жазылған. 1387 ж. басты ҥш томдық Цао Чжао «Ге гу яо линь» 
атты кешенді жҧмыс жарыққа шыққан.


Әлем музейлерінің тарихы 
30 
Сун дәуірі кезеңінде Қытайда манчжур әулеті басқарған 
тҧста да коллекция жинау ісі ӛз жалғасын тауып жатты. Бҧл 
уақытта ірі коллекциялардың тізбесін жиі шығара бастаған.
Сонымен, Еуропа елдерінің коллекция жинауына антикалық 
кӛне заттар негіз болса, ал шығыста діни нақышта дамыған. 
Мҧсылмандық қоғамның қазыналарында, ҥнді-буддалық храм-
дар мен сарайларында ежелден керемет заттар мен бҧйымдар, 
бағалы әшекейлер, т.б. қҧнды заттар сақталып келген. 
Шығыс елдерінде, әсіресе Қытайда жеке коллекцияларды 
жинау жақсы дамыған. Ӛнер туындыларын бағалау, олардың 
сақталуы теориялық тҧрғыда жоғары дамуы Еуропа елдерінен 
бҧрын болған. Бірақ музей ерекше мәдениеттің тҥрі ретінде 
Еуропада қалыптасқандықтан, бҥкіл адамзаттың мақтанышына 
айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет