Әлем музейлерінің тарихы оқу құралы



Pdf көрінісі
бет4/54
Дата22.10.2022
өлшемі1,93 Mb.
#154592
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
treatise18582

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Т.Н. Мұхажанова 

АЛҒЫ СӚЗ 
Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарында білім бе-
руді жетілдіру бағдарламасы, Әлем музейлерінің тарихының мә-
селелерін жаңа әдістемелік негізде оқытуды ҧйымдастыруда жо-
ғары мектеп оқытушыларының алдына жаңа талаптар қойып 
отыр.
Музей – жалпы адамзат баласының ӛмірінде заттық және 
рухани мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда ҥлкен 
рӛл атқарады. Әсіресе ҧлттық, мәдени, азаматтық, әскери, еңбек 
жетістіктерін, әдет-ғҧрып, салт-дәстҥрдің ерекшеліктерін оқып-
ҥйренуге оның кӛмегі зор.
Музей алғашқыда аса бағалы бҧйымдар мен заттар және 
мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалып-
тасты. Уақыт ӛте келе ол әдістемелік қызметі жетілген функцио-
налдық институттарға дейін дамып жетілді. Жаңа мыңжылдық-
та, адамзаттың жаһандану дәуірін бастаған кезеңде әлемнің ірі 
музейлерінің тарихын зерттеп жазу қажет.
Музей – табиғат пен адам қолынан жасалған ӛнер туынды-
ларын және кӛне заман ескерткіштерін, ҥлгі нҧсқаларын жинақ-
таушы, сақтаушы, насихаттаушы және бҧл мҧраларды ҧрпақтан-
ҧрпаққа жеткізе отырып, қоғамға тәлім-тәрбие беретін ғылыми-
мәдени және рухани мекеме. Қазіргі таңда әлем мемлекеттері 
арасынан музейі жоқ елді кездестіру мҥмкін емес. Әр елдің мем-
лекеттерінің музейінің қалыптасуы мен дамуы жергілікті халық-
тың ҧлттық ерекшеліктеріне де байланысты. Сондықтан осы 
ерекшеліктерді, әлем музейлерінің тарихын оқу арқылы ҥйре-
нуге мҥмкіндік туады.
Мемлекетіміздің жоғарғы оқу орындарында білім беру 
саласын реформалау бағытын қолдап, жҥзеге асыру мақсатымен 
әл-Фараби атындағы Қазақ ҧлттық университеті тарих, археоло-
гия және этнология факультетінің дҥниежҥзі тарихы кафедрасы 
«Әлем музейлерінің тарихы» курсын музей ісі мамандығы бо-
йынша студенттеріне оқылатын негізгі ғылыми пән ретінде 
енгізді.
«Әлем музейлерінің тарихы» курсы ҚР Білім және ғылым 
министрлігі бекітілген және іске қосылған ҚР жалпыға бірдей 
міндетті Мемлекеттік білім беру стандарты бойынша жоғары 


Әлем музейлерінің тарихы 

оқу орнында оқытылады. Бҧл оқу қҧралы 050419 – «музей ісі 
және ескерткіштерді қорғау», 050208 – «археология және 
этнология» мамандықтары бойынша жоғары оқу орны тарих 
факультеттерінің студенттері мен оқытушыларына арналған. 
Оқу қҧралы кредиттік оқу технологиясының бағдарламасына 
сай жасалып, әлемдік музейлік жинақтардың қалыптасуын, 
олардың қҧрамының ӛзіндік ерекшеліктерін және алғашқы 
музейлердің пайда болу тарихы мен тарихи алғышарттарымен 
таныстырады, музейлердің қҧрылуының тарихи жолын, 
ғимараттық кешендерінің салыну тарихын және олардың дамуы 
сияқты мәселелерге баса назар аударылады. Бҧл студенттердің 
осы пәнді меңгеруіне септігін тигізеді. Оқу қҧралында антика 
және орта ғасыр коллекциялары, Батыс Еуропа, Америка мен 
Ресейдің ірі ӛнер және тарихи музейлері Орта Азия мен Азия 
музей кешендерінің тарихы қарастырылады. 
Студенттердің тақырыпты және бірқатар мәселелерді терең-
дей меңгеруіне жеңілдіктер туғызу мақсатында бақылау сҧрақ-
тары, пәннің мазмҧнын ашатын нақты материалдар, студенттер-
дің ӛзіндік жҧмысы және реферат ҧсынылды.
«Әлем музейлерінің тарихы» – жоғары оқу орындары сту-
денттерін кредиттік жҥйе талаптарына сай оқытуға арналған оқу 
қҧралы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет