Элементар бөлшектердің теориясы. Атомнан кварктарға дейін. Қазіргі заманғы әлемнің ғылыми бейнесі



бет2/2
Дата21.04.2020
өлшемі31,88 Kb.
#63743
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Атомнан кварктарға дейін
Англ я3Ауезханов Д, математика 1, математика 1, 42 2
Электрон-позитрон жұбы туатын кері процестің болуы да мүмкін, мәселен, едәуір жоғары энергиялы фотон (оның массасы пайда болатын бөлшектердің тыныштық массаларының қосындысынан артық болуы тиіс) ядромен соқтығысқан кезде осы процесс байқалады. Арада екі жыл өткен соң позитрон магнит өрісінде орналасқан Вильсон камерасының көмегімен табылды. Бөлшек тректің қисаюы бойынша оның заряд таңбасы, ал қисықтық радиусы мен бөлшектің энергиясы бойынша оның зарядының массасына қатынасы анықталады.

1 сурет

Осының салдарынан траекторияның қисықтығы артқан. -квант қорғасын пластинкадан өткен кезде электрон — позитрон жұбы туатын кері процесті 2-суретте келтірілген фотосуреттен көресіңдер. Магнит өрісінде орналасқан Вильсон

2 сурет

камерасында ол жұп өзіне тән қос мүйізді шанышқы түрінде із қалдырады. Элементар бөлшектер арасындағы реакциялар кезінде бір бөлшектердің жоғалып (аннигиляция), екіншілерінің пайда болуы, ескі бөлшектердің құрамды бөліктерінің жаңа комбинацияларының пайда болуы емес, бұл түрлену болып табылады. Бұл әсіресе электрон — позитрон жұбының аннигиляциясы кезінде анық байқалады. Тыныштық күйде ол екі бөлшектің де белгілі массалары және электр зарядтары болады. Осы кезде туатын фотонның заряды да, тыныштық массасы да жоқ, өйткені ол тыныштық күйде бола алмайды. Бөлшек — антибөлшек жұптарының пайда болуы және олардың аннигиляциясы тек электрондар мен позитрондарға ғана тән емес екендігі қазір жалпы жұртқа белгілі.

Ядролары антинуклондардан, ал қабықшасы позитрондардан тұратын атомдар антизат түзеді. 1969 жылы Кеңестер Одағында бірінші рет антигелий алынды. Антизат пен заттың аннигиляциясы кезінде заттың тыныштық энергиясы -кванттар түзетін кинетикалық энергияға айналады.

Тыныштық энергиясы дегеніміз - Әлемдегі аса зор және бір жерде шоғырланған энергия резервуары болып табылады. Ол тек аннигиляция кезінде ғана толығымен босанып, энергияның басқа түрлеріне айналады. Сондықтан да антизат - энергияның сарқылмас көзі, ең калориялы "отын". Осындай "отынды" адамзаттың қай кезде жүгендей алатындығын қазір айту киын. Элементар бөлшектер физикасының және бүкіл физика атаулының көкейкесті міндеттері шешілген күн де алыс емес деп үміттенеміз.

 VІ. ДК. Оқытылып отырған  оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§9.3, 9.4, 9.5.  дайындық сұрақтарын талдау.



  1. Элементар бөлшектер деп нені айтады?

  2. Нейтрон протоннан, электроннан  және нейтринодан құралады деп есептеуге бола ма?

  3. Неліктенлептондар шын элементар бөлшектер деп аталады?

  4. Адрондар кварктардан қалай құрылады?

  5. «түрлену арқылы өзара әрекеттесу» ұғымының мазмұны қандай?

. Үй тапсырмасын беру: § 9.3, 9.4, 9.5

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет