Киіз үй- көптеген ғасырлар бойы Еуразияның ұшы-қиырсыз жазирасын басқарған ежелгі халықтың көшпенді тұрмысы мен өмір салтына мейлінше қолайлы болған баспана түрі. Соңғы қола дәуірінің өзінде-ақ (б.з.д. ІІ мыңжылдық тың соңы - І мыңжылдықтың басы) Еуразия даласында доңғалақ үстіндегі алғашқы жылжымалы тұрғын жайлар пайда бола бастады.Орта ғасырларда платформаларға орнатылған, ондаған жетек малы сүйреткен орасан зор жиналмайтын киіз үй-ордалар кезіп жүрген. Арба үстіндегі тұрғын жай (күйме) - киіз үйлердің осындай салтанатты түрлері Қазақстанда ХҮІІ ғасырға дейін қолданыста болды.