Әлеуметтану және бірегейлік



Дата15.02.2023
өлшемі12,74 Kb.
#168805
Байланысты:
?ëåóìåòòàíó æ?íå á³ðåãåéë³ê
Бекаа, 6 АПТА, Сыбайлас жемқорлықтың түрлері, Лекция 4 Опасные метеоявления ПП ATSEP 6 часов 89 слайдов, Lektsiya 1 Kulturologiya, Тұлғалық ресурстар ұлттық сананы сақтау мен дамытудың факторN

Әлеуметтану және бірегейлік
Әлеуметтану-жеке адамдарға қоғам мен оның құрылымдары тарапынан үнемі әсер ету процесі.Соның нәтижесінде адамдар белгілі бір білімдерді,құндылықтар мен нормаларды игеріп,нақты қоғамда,әлеуметтік топтар мен ұйымдарда өмір сүру тәжірибесін жинақтайды әрі тұлғаға,сол қоғамның тең құқылы мүшесіне айналады.Әрбір жеке адам,әр жаңа ұрпақ өздері туып,өмір сүріп жатқан әлеуметтік жүйенің мәдени мұрасын игерудің өзіне тән ерекше жолынан жүріп өтеді.Социологияда әлеуметтану мен сәйкестендіру процестерін түсіндіретін екі теория бар.Бұл құрылымдық функционализм(Талькотт Парсонс) және символикалық интеракционизм(Джой Герберт Мид)ұсынатын рөлдік теория.Рөлдік теорияға сәйкес қоғам-бұл тұтастай алғанда қоғамның тұрақтылығын сақтау үшін жұмыс істейтін әр түрлі функционалды бөліктердің күрделі жүйесі.Әлеуметтік рөлдердің қоғамның ойдағыдай жұмыс жасауына мүмкіндік беретін мақсаттары бар.Бірегейлік– біреудің бір нәрсемен барабар келуі, ұқсастығы. Жеке тұлғаның қандай да бір топқа қатысы тұрғысынан алғандағы сипаты. Психологияда Б. – жеке тұлғаның ішкі құндылықтары мен жанкештілігі сезімі. Қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық әдебиеттерде Б. Мәселесі екі бағытта – жеке және әлеуметтік болып қарастырылады. Біріншісі, жеке тұлғаның өзін дене бітімі, зияткерлік қабілеті, өнегелік мінез-құлқы тұрғысынан сипаттауы(менің осындай қасиеттерім бар). Екіншіден, жеке тұлғаны өзін әртүрлі әлеуметтік топтар қауымдастықтар құрамына (этникалық, демографиялық, діни, саяси, кәсіби, аймақтық және т.б.) жатқызуы. Жаһандану ұлттық және мәдени бірегейленуге аса қиын сын. Ғаламданушы әлемде Б. ғылымның да, күнделікті өмірдің де негізгі өлшеуішіне айналуда. Біріншіден, көптеген қоғамдар, адамдар және жеке тұлғалар бірегейлену дағдарысына ұшырап отыр, екіншіден, жаһандану барысында бірегейлену өзгеріске ұшырауда. Жаһандану процесі барысында бірегейлену мәселесі трансұлттық экономикалық кеңістікте өз орнын белгілеуден, уайым мен үрейді жаншудан тұрады. Ұлттық мемлекет рөлінің өзгеруі мен трансұлттық кеңістіктердің пайда болуы адамдарды ұлттық сезімнен айырмайды. Бірегейлену мәселесі қоғамдардың қауымдастыққа өтуі деңгейінде, мысалы, еуропалық қауымдастық аясында зерттелген. Мұнда көпдеңгейлі плюралистік бірегейлік пайда болады. Егер еуропалық ықпалдасу ортақ ұқсастықтары бар елдер арасында жүріп жатса, онда ғаламдық деңгейде кейбір мәдени әмбебап ортақ мода, туризм, білім сияқты құбылыстарды кездестіруге болады. Еуропалық ықпалдасу жағдайындағыдай жаһандану барысында да елдердің аумақтық, мәдени, тарихи естеліктері сақталады, бірақ, өз елдерінен тыс жерлерде жұмыс істеу мүмкіндігі туады, мәдени қалыптардың ортақтығы арта түседі, біріккен жүйенің мүшесі болу мүмкіндігі туып, өзара байланыстылық кеңейеді. Сонымен қатар жеке тұлға ұлттық белгісі мен азаматтығын әртүрлі қабылдайды. Мәдениеттердің жаһандануы экономикалық қатынастардың, ақпараттардың жаһандануына қарағанда қарқынды емес. Сондықтан да барлық қарым-қатынаста мәдени ерекшелік сақталып қалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет