Тақырыбы Мәдениет әлеуметтануы.
Мақсаты: студенттерді мәдениет әлеуметтануымен таныстыру. Оларды мәдениет ұғымының жан-жақтылығымен таныстыру.
Дәрістің мазмұны:
Мәдениет әлемінің күрделілігі мен көп қырлылығы соншалық, әрбір ғылым – философия, тарих, өнертану, этнография, мәдениеттану, әлеуметтану – осы құбылысты тануды оқып үйренуде. Әлеуметтану ең алдымен қоғамның дамуы мен қызмет етуіне мәдениеттін тигізер әсерін зерттейді. Мәдениет социумда орын алып жатырған барлық өзгерістерді басынан кеше отырып, әлеуметтік үдірістердін мәнің анықтауға өз үлесін қосады. Алғашында «мәдениет» сөзі жерді өңдеу тәсілі мағынасын білдірді ( colege – лат. өсіру, күту, ол туралы қайғыру). XYII-XYIII ғасырларда европаның қоғамдық санасының мәдениетке деген басқаша кең ұғымда қарауы, мәдениетті европаның өзіндік санасының орталық ұғымына айналдырды.
Достарыңызбен бөлісу: |