Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасы «Әлеуметтану» пәні ДӘріс сабақтары бойынша әдістемелік



бет11/18
Дата13.10.2022
өлшемі85,42 Kb.
#152919
түріНұсқаулар
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18
Байланысты:
Дәріс социология

ДӘРІС. ОТБАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез-құлық, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады. Сонымен қатар отбасы - некеге немесе қаны бір туыстыққа негізделген, ал оның мүшелері тұрмыстың ортақтығымен, өзара жауапкершілікпен және өзара көмек көрсетумен байланысқан шағын топ. Неке отбасындағы қатынастарды қалыптастырушы болып саналады. Некенің маңызды принциптері бар. Олардың қатарына жар таңдау еркіндігі, сұйіспеншілік , өзара сыйластық жатады. Ал оның негiзгi белгiлерi:
а) некелiк немесе оның барлық мүшелерiнiң қандық туыстық байланысы;
б) бiр жердегi бiрге өмiр сүруi;
в) ортақ отбасылық бюджет (қазына).
Бұл жерде заңдық жақтары мiндеттi емес. Басқа да белгiлерi нақты емес: бiрге өмiр сүру қашанға дейiн созылады бiр апта әйтпесе бiрнеше жыл; бұкiл отбасы бюджетiнiң қанша бөлiгiне әрбiр мүше кiредi т.б. Мұндай белгiлер объективтiлеу боп көрiнер едi.
Ұлгiлi отбасы-адамның бақытының маңызды, жақсы бiр бөлiгi. Қоғам сондай мықты, жақсы отбасыға назар аударады. Отбасының құрылуы, некеге тұруы заңмен реттелсе де жетекшi рол атқаратын мораль (адамгершiлiк). Мынаны атап айту керек, некенiң көптеген жақтары оған отыратын адамдардың арымен бақыланады. Ойланып, ақылменен отырған неке-сәттi, жақсы болады, ал ойланбай отырған неке-елiктiргiш болады.
Неке-бұл тарихи келiсiлген, қоғамдық рұқсат етiлген және реттелген әйел мен еркек арасындағы қатынастар, олардың құқығын бiр-бiрiне мiндетiн, балаларына, өз ұрпақтарына, ата-аналарына қатынастарын орнатады. Басқаша айтсақ, неке-ол отбасының дәстұрлi құрылу құралы, оны қоғамдық бақылау қоғамның өзiн өзi сақтауы мен дамуының бiрден бiр қаруы, жолы.
Отбасы идеологиясы деп, әрбір отбасында қалыптасқан белгілі бір қарым-қатынастар мен құндылықтар жүйесінің жиынтығын айтамыз.
Неке – бұл қоғам тарапынан ретке келтірілген әлеуметтік қатынастар, мұнда жеке-дара құштарлық сезім тұратылыққа, өзара бейімділікке және неке шарттары ерлі-зайыптылардың нақты әрекетіне айналады. Бейімділік жаңа сәби туғаннан кейін тұрақтылыққа айналады, ол жан-жақты дамыған және толық ұйымдасқан түрге ауысады. Дау – жанжал негізінде бейімділік тұрақты зорлық, күштеу жағдайына да айналуы мүмкін, Ақыр аяғында ол отбасының ыдырауына, некенің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Отбасын құруда табысқа жету, отбасының ыдырауына жол бермеу – бұл маңызды әлеуметтік мәселе. Отбасының береке-бірлігі әр уақытта ішкі және сыртқы күштер ықпалымен қалыптасады. Ішкі күштерге жататындар: балаларға қамқорлық жасау, отбасында еңбекті бөлісу, некені тұлғаның талабын іске асырудың құралы ретінде пайдалану, отбасы мүшелерінің өзара сыйластығы, т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет