2. Қазақстан Республикасындағы саяси модернизация. Еліміздегі саяси жаңғырту мен даму стратегиясының негізгі бағыттары «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасу және даму стратегиясы» (1992 ж.), «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтар-дың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» стратегиялық бағдарламасы (1997 ж.), «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»(2012 ж.) сияқты бағдарламаларда айқындалған. Сонымен бірге, еліміздің саяси даму бағыттары ҚР Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауларында және Қазақстан халқы Ассамблеясының отырыстарында сөйлеген сөздерінде жан-жақты талданып, одан әрі дамыту жолдары ұсынылып отырылады. Президенттің «Ғасырлар тоғысында» (1996 ж.), «Тарих толқынында» (1997 ж.), «Сындарлы он жыл» (2002 ж.), «Тәуелсіздік белестері» (2003 ж.), «Қазақстан жолы» (2007 ж.) атты кітаптары еліміздегі саяси жаңғыртудың ауқымы мен бағытын ұғынуға, сондай-ақ мемлекеттік саясат пен еліміз дамуының стратегиялық жоспарындағы негізгі басымдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді.
«100 нақты қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары.
«Мәңгілік Ел» идеясы ұлт жоспары ретінде бес институционалдық реформалар негізінде жүзеге асырылады:
Кәсіби мемлекеттік аппарат құру.
Заңның үстемдігін қамтамасыз ету.
Индустрияландыру және экономикалық өсім.
Біртектілік және бірлік.
Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру.
Мұнда бірінші қадам арқылы мемлекет халықты жалпыұлттық идеяға жұмылдырып, кәсіби қызметкерлері арқылы қоғамның дамуына барынша үлесін ұқсатын негізгі күш. Өйткені, адамзат тарихындағы әрбір кезеңдерде модернизациялық үрдістердің негізгі өзегі мемлекет болып табылатындығы айқын. Мемлекеттің даму болашағындағы маңызды қадам – ұлттық экономиканы дамытып, саяси жүйелердің үйлесімін қамтамасыз етіп, елдің әл-ауқатын арттыру болып табылады. Мемлекеттің модернизациялық жобаларының негізгі діңгегі ел қамын ойлаушы, мемлекеттік басқару діңгегін қолына алып, барлық сатылардан мүдірмей өтуге жетелейтін тұлғалар. Жалпы ұлтты жұмылдырушы мемлекеттік жобалар мемлекеттік қызметкерлерге үлкен жауапкершілік артып, олардан ұлтжандылықты, төзімділікті, ерен еңбектерді күтеді.
Заңның үстемдігін қамтамасыз ету арқылы сот жүйесі мен құқық қорғау органдарының тиімділігі мен ашықтығын жүзеге асырылады. Әділ сот жүйесі, халықты қорғауға бағытталған құқық қорғау жүйесі, әрбір республика азаматтарының бойында мемлекеті үшін мақтаныш сезімін ұдайтып, жаңа белестерге тартады. Бұл да «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырудың маңызды межесі болып табылады.
Индустрияландыру және экономикалық өсім арқылы халықтың әл ауқаты жақсарып, тұрмыс деңгейі көтеріледі. Ұлттық экономиканы терең реформалау стратегиялық инвесторларды тарту және өндірісті арттыру арқылы мемлекет басымдықтарға жетеді.
Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамында Мәңгілік Ел Ұлттық идеясына қатысты екі бап бар. Олар: IV.Біртектілік пен бірлік бөлімінің 85-қадамы. «Мәңгілік ел» патриоттық актісі жобасын әзірлеу» болса, 89-қадам. «Нұрлы 27 болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру. Мектептік білім берудің қолданыстағы оқу бағдарламаларына Мәңгілік ел құндылықтарын енгізу.
Берілген Ұлт жоспарында еліміздің жоғары оқу орындарының қызметіне бағытталған 7 қадам бар. Мемлекет басшысы заманауи білім және ғылымның, жастар тәрбиесінің саласына саласына да өзінің басты назарын аударып отыр.
Қазақстан Республикасы Президенті ұсынған Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты адам бағдарламасын жүзеге асыру бойынша маңызды қадамдар еліміз тарапынан жасалуда. Кәсіби мемлекеттік аппарат құру мәселесі бағдарламаның басты қадамы болып табылады. Реформа «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңның негізінде мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыруға бағытталған.
Бағдарламаның бірінші және екінші қадамы мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғырту және лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиістігін меңзейді. Бұл – мемлекеттік қызметтің мансаптық моделіне көшу болып табылады және мемлекеттік қызметке алғаш қабылданатындар өз қызметтік жолын тек төменгі лауазымдардан бастайды. Қоғамның, мемлекеттің дамуы үшін, меритократия қағидаттары негізінде қалыптасқан ұлттық элита қауымдастығы қажет. Мұндай элитасы бар қоғам ғана өркендейді. Қауымдастықтың аясына, өз елінің және ұлтының дамуын жеке басының қамынан, меркантильді мақсаттарынан жоғары қоюға ұмтылатын тұлғалар жиналуы керек. Бұл – әрбір өркениетті мемлекеттің әлеуметтік саясатының стратегиялық маңызды бағыты болуы және стратегиялық қоғамдық мораль мәселесін де қамтуы тиіс.