2. Әлеуметтік орта мен әлеуметтік мінез-құлық. Әлеуметтік орта - адамдар тартылған қоғамдық қарым-қатынастармен тұрақты байланыста болатын олардың қалыптасуы, тіршілік етуі, дамуы және іс-әрекеттердің қоғамдық (материалдың және рухани) жағдайларын қамтитын адамның қоршаған әлеуметтік әлемі (социум).
Әлеуметтік орта: мемлекет;
қоғам;
әлеуметтік топтар;
жеке тұлғалар.
Әлеуметтік орта – адамды қоршаған жандар:
Жақын әлеуметтік орта – отбасы, туыстар, достар.
Аралық орта – мектеп.
Алыс орта – бейтаныс адамдар, БАҚ.
Әлеуметтік орта: тұлғаның дамуына жағдай жасайды;
мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыру;
басқа да адамдармен өзара әрекет жасау.
Әлеуметтік мінез-құлық –әлеуметтік акторлардың өздерінің артықшылықтары мен көзқарастарының, әлеуметтік әрекеттер мен өзара әрекеттесулердің мүмкіндіктері мен қабілеттерінің көрінісі мен нысаны.