2. Баланың әлеуметтену үрдісін қамтамасыз ететін әлеуметтік институт – отбасы, әлеуметтендіруші агенттері болып – ата-аналары болып есептеледі. Отбасындағы баланың әлеуметтену үрдісі мақсатқа бағытталған және стихиялы болып екі түрге бөлінеді. Мақсатқа бағытталған әлеуметтену дегеніміз ата-ананың ақыл кеңесі, үлгі-өнегелері, бірігіп атқарған шаруалары, стихиялы әлеуметтену – отбасында баланың өзі куә болған оң және теріс ықпалдар, ата-ананың теріс әрекеттері мен қылықтары нәтижесінде жинақталған тәжірибелер.