17-дәріс
ӘЛЕУМЕТТАНУ НЕГІЗДЕРІ
Денсаулық және денсаулық сақтау
2-бөлім
ҚАЗАҚСТАННЫҢ
АШЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ
Кітап:
Дәріс:
Әлеуметтану негіздері
17. Денсаулық және денсаулық сақтау. 2-бөлім
2
Дәрістің мақсаты:
жыныс, әлеуметтік топ, нәсілдік, этностық және жас ерекшеліктерінің
денсаулық пен ауруға әсерін қарастыру және талдау.
Негізгі термин:
гендерлік алшақтық.
Саулық пен науқастықтың әлеуметтік таралуы
Жыныс, әлеуметтік тап, нәсілдік/этностық ерекшелік және жас мөлшері ауру мен денсаулық
үлгісін түсіндіруге көмектеседі. Ерлердің, кедейлердің, жастар мен егде адамдардың арасында
өлім-жітім деңгейі жоғары, оның себебі – биологиялық емес, әлеуметтік мәселелер.
Денсаулықтың әлеуметтік-экономикалық мәртебенің төмендігіне байланысты кемшін
болуы – қарапайым қабілет пен денсаулық сақтау ісінің шегінен алшақ шығып кететін мәселе.
Кедей адамдардың өмір сүру деңгейі төмен, олар көп күйзеліске ұшырайды, білім деңгейі төмен
және ластанған аймақтарда өмір сүреді. Сондықтан денсаулығына байланысты қиындықтар
туындайды.
Психикалық аурулар
Физикалық ауруға шалдыққан жағдайдағыдай, психикалық ауруларға да әлеуметтік фак-
торлар әсер етеді. Олар – әлеуметтік тап және гендерлік ерекшеліктер.
Әйелдер және төменгі тап өкілдері психикалық ауруға көбірек душар болады. Мұның себебі
әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ мұнда күйзелістің әсері басым. Ер адамдардың зиянды заттарды
қабылдау, жан күйінің берекесіздену көрсеткіштері әйелдерден гөрі анағұрлым жоғары.
Гендерлік алшақтық – әйелдер мен ерлердің арасындағы әлеуметтік, интеллектуалдық,
саяси, мәдени және экономикалық жетістіктер мен ұстанымдарға қатысты айырмашылық.
Дербес жұмыстарға арналған тапсырмалар
1. Жыныс, нәсіл және отбасылық табыстың денсаулыққа әсерін талдаңыз.
2. Денсаулыққа қатысты гендерлік алшақтықтың кем дегенде екі түсіндірмесін ұсыныңыз.
Бақылау және талқылау сұрақтары
1. Неге ер адамдар медбикелік жұмыспен сирек айналысады? Мұндай гендерлік айырма-
шылықты не өзгерте алады?
2. Күйзеліс – кең тараған кесел, соның ішінде ер адамдарға қарағанда әйелдер жиі душар
болатын ауру. Неге әйелдер күйзеліске жиі ұшырайды?
Қосымша әдебиет және ақпарат көздері
1. Ритцер Дж., Степницки Дж., Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы»
қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.
2. Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С., Әлеуметтану негіздері. 9-басылым. – Алматы: Ұлттық
аударма бюросы, 2018. – 464 б.
3. Мертон Р., Социальная теория и социальная структура. – М.: ACT: ACT МОСКВА: ХРАНИТЕЛЬ,
2006. – 873 с.
4. Weitz R., The Sociology of Health, Illness, and Health Care: A Critical Approach. 6th edition. –
B: Gengage Learning, 2016. – 432 p.
5. White K., An Introduction to the Sociology of Health and Illness. SAGE, 2016. – 240 p.
Достарыңызбен бөлісу: |