Кітап:
Дәріс:
Әлеуметтану негіздері
10. Девиантты (нормадан ауытқушы) мінез-құлық, қылмыс және қоғамдық
бақылау
2
Дәрістің мақсаты:
девиантты мінез-құлық және қылмыс терминдерін, олардың өзара бай-
ланысын қарастыру; мінез-құлық пен өзін-өзі бағалаудың нормадан ауытқыған жағдайларын
түсіну үшін әртүрлі теориялық көзқарастарға шолу жасау; нормалар мен құндылықтарды
интернализациялаудың, ресми және бейресми әлеуметтік бақылаудың девиантты мінез-құлық
пен қылмыс жасау мүмкіндігіне әсерін, адамдардың жынысы, әлеуметтік жағдайы және т.б.
факторлардың қылмыс жасау ықтималдығына әсерін талдау.
Негізгі терминдер:
бейресми қоғамдық бақылау, ресми қоғамдық бақылау, девианттылық,
қылмыс, аномия, моральдық кәсіпкер, шағым жасалмайтын қылмыс.
Конформизм (сәйкестік) және девиация
Адамдар көп уақытта тәртіпке бағынады. Қоғамдық бақылаудың үш түрі конформизмге
жетелейді. Олар: 1) нормалар мен құндылықтарды бойымызға сіңіру арқылы өз-өзімізді тежеу;
2) бейресми қоғамдық бақылау; 3) ресми қоғамдық бақылау.
Адам белгілі бір қарекет нормаларын бұзған кезде тәртіпсіздікке барады. Оғаштық ше-
гінен шығып, маңызды нормаларды бұзуды және осы үшін қоғамдық шектеуге ұшырауды
девианттылық деп атайды.
Қылмыс – заңға қайшы девианттық әрекет. Девианттылық салыстырмалы түрде қарас-
тырылады. Ол қоғамның берген анықтамасына, болған жайттың төңірегіндегі жалпы ахуалға
және адамның мәдениеті мен субмәдениетіне байланысты болады.
Кеңсе қызметкерлері, яғни ақ жағалылар жасаған қылмыс санының артуы қылмыстың тек
төменгі тапқа тән құбылыс емес екенін айғақтайды. Ер адамдардың, азшылық және төменгі
тап өкілдерінің, жастардың қылмыс үшін тұтқындалу ықтималдығы жоғары. Бұл теңсіздіктің
бір себебі олардың қылмысқа көбірек баратынында болса, екінші бір себебі қылмыстық сот
жүйесінің оларға әркелкі қарайтынында.
Қылмыстық сот төрелігі жүйесіне полиция, сот және түзету жүйесі кіреді. Бұлардың
әрқайсысында құзырлы органдарға әділдікті жүзеге асыруда көп еркіндік беріледі. Дегенмен
«міндетті түрде ең төменгі шекті мерзімге жазалау» заңы билік тізгінін судьялар мен
адвокаттардан алып, прокурорлардың қолына береді.
Девианттылыққа қатысты теориялық көзқарастар
Құрылымдық функцияшылдар адамның девианттық әрекетінің қоғамдық тәртіпсіздікке
қатысын анықтау үшін шиеленіс теориясын қолданады. Бір ауданмен салыстырғанда басқа
ауданда қылмыс деңгейінің неге жоғарылығын анықтау үшін, олар ұжымдық тиімділік тео-
риясына жүгінеді. Символдық интеракционистер дифференциалды ассоциация, тежеу және
ат қою теорияларын пайдаланады. Олар девианттылықты девиантты іс-әрекет пен девиантты
болмыс қалыптастыратын әрекеттесу нәтижелері деп қарастырады. Конфликт теориясының
мамандары девианттылықтың себебін іздейді және гендерлік, нәсілдік пен таптық теңсіздік
кезінде девианттылыққа жетелейтін заңдылықтарды талдайды.
Бейресми қоғамдық бақылау – достарымыз, қызметтестеріміз және айналадағы басқа
адамдардың бізді орынсыз әрекет жасаудан бейресми түрде тыйып отыруы.
Ресми қоғамдық бақылау – айыппұл салу, жұмыстан не топтан шығару, қамау сияқты
әкімшілік жазалар қолдану әдiсi ресми қоғамдық бақылауға жатады.
Девианттылық – белгілі бір қоғамның наразылығын тудыратын не тіпті жазалауға әкеп
соқтыратын, нормаға қарсы іс-әрекет.
Аномия – қоғамның нормалары айқындығының жоғалуы немесе қолданыстан шығып
қалуы.
Моральдық кәсіпкер – моральдың жаңа анықтамасын беріп, оны енгізуге тырысатын
адамдар.
3
Кітап:
Дәріс:
Әлеуметтану негіздері
10. Девиантты (нормадан ауытқушы) мінез-құлық, қылмыс және қоғамдық
бақылау
Шағым жасалмайтын қылмыс – есірткі шегу, жезөкшелік, құмар ойын ойнау және пор-
нография сияқты заңсыз тауарлар мен қызметтерді сатып алғысы келетін адамдар мен оны
сатушылар арасында ерікті түрде жасалған іс-әрекет.
Дербес жұмыстарға арналған тапсырмалар
1. Заң органдарының назарына ілінген (не ілінуі мүмкін) девиант адамды сипаттаңыз.
Адамдар тәртіпке бағынудың орнына девианттылыққа неліктен баратынын қай теория жақсы
түсіндіре алады? Бір адамның мысалында девианттылық теорияларын салыстырыңыз.
2. Суицидтің негізгі түрлерін талдаңыз.
3. «Ақ жағалылар» қылмысын, яғни корпоративтік қылмысты болдырмау стратегиясын
жасаңыз.
Бақылау және талқылау сұрақтары
1. Нашар ауданда өскен балалардың неліктен кейбіреулері басбұзар, ал кейбіреулері тәртіпті
болатынын дифференциалды ассоциация теориясы түсіндіре ала ма, әлде түсіндіре алмай ма?
2. Әлеуметтік орта адамның девиантты мінез-құлқының қалыптасуына әсер етеді деген
тұжырыммен келісесіз бе?
3. Америкалықтардың көпшілігі неліктен корпоративтік қылмысқа қарағанда көшедегі
қылмысқа көбірек көңіл бөледі деп ойлайсыз? Бұл туралы конфликт теориясы не дейді?
Құрылымдық-функцияшылдық теория ше?
Қосымша әдебиет және ақпарат көздері
1. Ритцер Дж., Степницки Дж., Әлеуметтану теориясы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы»
қоғамдық қоры, 2018. – 856 бет.
2. Бринкерхоф Д., Уэйтс Р., Ортега С., Әлеуметтану негіздері. 9-басылым. – Алматы: Ұлттық
аударма бюросы, 2018. – 464 б.
3. Мертон Р., Социальная теория и социальная структура. – М.: ACT: ACT МОСКВА: ХРА-
НИТЕЛЬ, 2006. – 873 с.
4. Дюркгейм Э., Самоубийство: Социологический этюд. – М.: Мысль, 1994.– 400 с.