Әлеуметтану оқу құралы



бет5/5
Дата23.02.2020
өлшемі443,5 Kb.
#58853
1   2   3   4   5
Байланысты:
24 asilhanova g.j. aleumettanu


9 Басқару социологиясы
Еңбек ұйымдары қызметінің орталық осі болып басқару табылады. Басқаруға деген әлеуметтік көзқарастың негізгі үш түрлі компонентті бөлуге байланысты. Олардың біріншісі - мақсатты ойлау мен мақсатты жүзеге асыруды қамтитын мақсатты бағытталған басқарушы әсер, ол басқарудың негізін құрайды. Мұндай әсер сыртқы (басқару органы объекттен тыс болғанда) және өзін-өзі басқару (әсер объектке кіретін бөлімше және субъектпен орындалса) түрінде болады. Басқарудың екінші компоненті - әлеуметік өзін-өзі ұйымдастыру, яғни ұжымшылык реттеудің кездейсоқ процестері (лидерлік, ²престиж шкаласы², бейресми ұйымдасқан топтар, әлеуметтік нормалар). Аталған екі компонент үшінші компонентті тудырады – «бұрынғы» басқару еңбегінің өнімдерімен қатар (тұрақты лауазымдық құрылымда административті тәртіппен, объективтелген шешімдер), ұжым ішіндегі кездейсоқ қалыптасқан ережелер мен қарым-қатынас нормаларын қамтитын ұйымдастыру тәртібі.

Берілген элементтердің оптималды сәйкестігі олардың шекараларын пайдалану мүмкіндіктері мен есептеу, мүмкін болатын қарама-қайшылықтарды жою негізінде олардың интеграциясын меңзейді. Осылайша, басқарушы шешімдердің көп бөлігін (бұйрық, тапсырма) бір реттік ықпал ету формасынан ұзақ мерзімді тәртіп формасына көшіруге немесе кездейсоқ реттеуіштерді ұйымның алдына қойылған мақсатына «қосуға» мүдделі.


9.1 Басқару тәсілдері

Бұл ұжым, топ, жұмысшыларға деген мақсатты ықпалдың әлеуметтік тәсілдерінің жиынтығы. Әрбір көрсетілген деңгейде басқару ерекше мәселелерге тап болады, сондықтан сәйкесінше әдістерді құрайды. Олардың біреулері әрбір үш жағдайға да қолданылады, ал келесілерін қолдану нақты бір жағдаймен шектеулі.

Жеке кәсіпорын жұмысшысына қатысты оның мінез-құлқына түрлі ықпал етудің түрлерін бөлуге болады:

1) тікелей (бұйрық, тапсырма);

2) мотивтер мен қажеттіліктер арқылы (ынталандыру);

3) құндылықтар жүйесі арқылы (тәрбие, білім және т.б.)

4) қоршаған әлеуметтік орта арқылы (административтік және бейресми ұйымдарда және т. б.еңбек жағдайларын, статусты өзгерту).

Кәсіпорынның өндірістік ұжымына кіретін топқа қатысты әлеуметтік басқару тәсілдері келесідей бөлінеді:

1) топ құрамының мақсатты құрылуы (квалификациялық, демографиялық, психологиялық белгілері бойынша жұмыс орнының саны мен орналастырылуына байланысты);

2) топтардың ынтымақтастығы (жарыс ұйымдастыру, басқару стилін жетілдіру, әлеуметтік-психологиялық факторларды және басқа әдістерді қолдану);

Кәсіпорынды әлеуметтік ұйымдастыру денгейінде мынадай тәсілдер қолданылады:

а) ресми және бейресми құрылымдарды үйлестіру (жоспарланған және шындығындағы байланыс пен нормалар арасындағы қарама-қайшылықтарды жою);

ә) басқаруды демократиялау (қоғамдық ұйымдар рөлін жоғарылату, жұмысшыларды біріккен шешімдерді жасап шығаруға жұмылдыру, өндірістің кейбір баскарушыларын таңдалуы, еңбек активтілігін арттыру және т. б. арқылы);

б) әлеуметтік жоспарлау (жұмысшылардың квалификациясын жоғарлату, ұжымның әлеуметтік құрылымын жетілдіру, тұрмысты жақсарту және басқа шаралар).


9.2 ²Басшылық – бағынушы ² қатынасы

²Басшылық² ұғымы ²басқару² ұғымына жақын және ұйымдастырушылық қатынастың басты түрін, атап айтсақ, қызмет бабындағы міндеттерді шешу үшін басшылықтың бағынушылармен ұйымдастырудың ерекше түрін бөлу үшін қолданылады. Осыған байланысты, әлеуметтік көзқарас басшылықты ұйым ішіндегі адамдар арасындағы ерекше үш жақты қатынасты талдауды көздейді. Біріншіден, басшылық – бұл түрлі статустар, административті құрылым деңгейлерінің арасындағы қатынас. Ол бір жұмысшының басқамен біржақты тәуелділігінің құқықтық негізін қамтиды.

Екіншіден, басшылық – бұл ортақ еңбек процесіндегі жеке жұмыс функцияларының қатынасы: бірі – тым ²жалпы² болса, екіншісі – тым ²жеке². Онда (еңбек процесінде) бір жағынан ұйымдастыру функциялары, екінші жағынан атқару функциялары байланысады.

Үшіншіден, басшылық – бұл сонымен бірге жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастың ерекше түрі. Соңғы жағдайда оның әлеуметтік-психологиялық мазмұны – бірін-бірі мойындау, ықпал ету, стиль, мүдделер қарастырылады.

Аталмыш ²басшылық - бағынушы² қатынасының жақтары бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, олар бір-бірімен тығыз байланысты болса да, салыстырмалы дербестікке ие. ²Басшылық-бағынушы² байланысын әлеуметтану жекелілік денгейдегі басқару бойынша жалпы қатынастардың көрінісі түрінде зерттейді. Басшылықтың бағынушыларға ықпал етуі, оларды ұйымның талаптарына сай және өз ойларына сай белгілі бір еңбек тәртібіне итермелеуді мақсат етеді.

Ықпалдың екі түрі болуы мүмкін: тікелей (бұйрық, тапсырма) және жанама, мотивтендірілген (стимулдар арқылы). Бірінші жағдайда басшылық қоластындағыларының іс-әрекетіне бағытталған және сәйкес мінез-құлықтың қажеттілігі олардан ауытқуға қойылатын санкциямен бекітіледі. Осының нәтижесінде талаптарды орындамағаны үшін мүмкін санкциялардан жұмысшының ²шығындары² оның орындауға ²шығындарынан² артады. Өзінің шектен тыс формасында ²басшылық-бағынушылық² қатынасы мәжбүрлеу түрінде болады, яғни, басшылық мақсаты атқарушының мүдделерімен сәйкес келмейді, оларға қарама-қайшы. Екінші тәсіл жұмысшының мотивтері мен қажеттіліктеріне ықпал ету. Еңбекке ояту жеке адамның еңбек үлесіне компенсация түрінде болатын қажеттіліктерді қанағаттандыру арқылы жүзеге асады. Тікелей ықпалда мұндай компенсация болып жағымсыз санкциялардың жоқтығы табылады. Мұндағы тиімділік индивидке сәйкесінше ықпал ету арқылы «өзін-өзі күшейту» есебінен жүзеге асады ²арқылы іске асады. Басшылық процесінде басшының жеке ерекшеліктері қалыптасады, сондықтан, басшылықтың түрлі стильдері болады. Басшылық стилін – басшының жұмыс бабындағы мәселелерді шешуде қоластындағылармен қарым-қатынасының жеке ерекшеліктері ретінде анықтауға болады. Ресми ұйымдастыру шеңбері, басшының оған бағынышты жұмысшыларға және қызмет міндеттеріне қатысты белгілі бір қызмет мінез-құлқын таңдауға мүмкіндік береді. Осы шеңбердегі саналы таңдау немесе кездейсоқ тербелістер болмай қоймайды және басшының индивидуальдылығын –оның мәдениетіне, мінезіне, тәрбиесіне, біліміне байланысты, яғни әлуметтік категориялар, аймаққа, мамандыққа, ұжымға, басшыға тән психологиялық және әлеуметтік-мәдени факторлармен детерминацияланады. Басшылық стильдерін мынадай басты түрлерге бөледі: авторитарлық – басшы қол астындағыларының пікірімен санаспайды, өз қалауын күштеп енгізеді; демократиялық – жұмысшылар біріккен шешім қабылдауға жұмылдырылады әлсіз басшы басқарушылықтан өз еркімен босайды, оның ұжымдағы ықпалы шамалы. Басшылық стилі басқару мәдениетімен тығыз байланыста.

Басшылық стилі еңбекті ынталандырумен айқындалады. Ынталандыру - жұмысшының еңбек мінез-құлқына жанама ықпалы, оның еңбекке жұмсаған күшіне компенсация ретіндегі жеке адамның қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы мотивациясы. Қанағаттануға бағытталу адамды белгілі бір мінез-құлыққа күшті ынталандырады, оған тікелей бұйрық беруден гөрі жақсырақ нәтиже береді.

Бірақ ынталандыруды ұйымдастыру тікелей ықпал етуден күрделірек. Стимулдар жүйесіне мотивтер және қажеттілік жүйесі қарсы тұрады. Ынталандыру сол екі жүйенің органикалық үйлесуі болғанда ғана тиімді.

Стимулдың ²материалды² және ²моральды² болып бөлінуі шартты. Сыйақы тек ақшалай марапат қана емес, сонымен бірге, мойындау, қадірлеу. Тиімді басқару мақсатына әлеуметтік басқаруда қолданылатын стимулдар жүйесін кеңейту кіреді. Стимулдар болып еңбек жағдайлары, жұмыс уақытының икемді жүйесі, ұжымдағы қарым-қатынас және т. б. болуы мүмкін, бірақ ең басты стимул болып материалдық мүдде, еңбек төлемі принципінің толық жүзеге асырылуы болып қала береді. Қазіргі өндірістің ерекшеліктеріне, ең бастысы оның күрделілігіне байланысты жеке жұмыскердің соңғы өнімге үлесі анық емес болады. Осыған орай еңбек төлемінің және стимулдарының ұжымдық формасы (бригадалық тәсіл, ұжымдық бөлімшелер және т. б.) іске асады.
9.3 Басқарушылық шешімдер

Басқарудың ең басты өнімі не? Әрине бұл оның қабылдаған шешімдері. Басқарушылық шешімдер – бұл ұйымдағы белгілі бір өзгерістердің ресми жобасы. Осылардың негізінде келесідей басқарушылық шешімдер түрі бөлініп шығады:

1) Қатаң детерминацияланған шешімдер: мұнда басшының индивидуальды ерекшеліктері мүлдем ықпал етпейді, не шамалы ғана болады. Бұл жағдайда шешім субъектісінің тұлғасы оны қабылдау процесіне тартылмайды, себебі, шешімнің мазмұны ұйымдастырушылық ережелермен (заң, инструкция, жоғарғы инстанция бұйрығы және т. б.) анықталады. Мұндай шешімдер екі түрлі болуы мүмкін: а) стандартталған, күнделікті (мысалы, жалақы төлеу туралы, өтініш жазған жұмысшыны жұмыстан шығару туралы, жұмысқа байланысты аурулар бойынша төлемақы төлеу туралы шешімдер) және ә) туынды, екінші ретті шешімдер, яғни, басқа шешімдерді орындау мен дамыту бойынша және олардан туындайтын шешімдер (бұрын қабылданған, сырттан келген, т.б.);

«Инициативтік» шешімдер – (яғни қатаң детерминацияланбаған) шешім субъектінің индивидуальді үлесін білдіреді. Онда тербеліс диапазоны маңызды болуы мүмкін. Бұл ұйым үшін өте маңызды зардаптар әкеледі. Мұнда да 2 түрді бөліп көрсетуге болады: а) эпизодтық және жергілікті сипаттағы жағдайлық шешімдер (мадақтау, жаза, жеке тағайындаулар т. с. с.); ә) қайта ұйымдастырушылық, яғни ұйымның белгілі бір элементін өзгеруге бағытталған (ресурстарды қайта бөлу, жаңа мақсаттарды ойластыру, әкімшілік құрылымның өзгеруі т. б.)


9.4 Өзін-өзі ұйымдастыру

Басқару қызметі тек басшы – бағынышты тік қатынастарын ғана қамтымайды. Ұйымдарға сондай-ақ өзін-өзі ұйымдастыру тән. “Өзін-өзі басқару” ұғымы әдетте екі мағынада болады: кең және тар. Кең мағынада “өзін-өзі басқару” ұғымы белгілі бір ұйымдастырушылық жүйенің автономды функциялануын, өзінің ішкі проблемаларына байланысты шешімдерді қабылдауға құқылылығын білдіреді. Бұл мағынада өзін-өзі басқарудың қейбір деңгейі кез-келген кәсіпорын, мекеме, т.б. тән. Бірақ әлеуметтік көзқарас бойынша, яғни тар мағынада, өзін-өзі басқару – ұжымдық басқару, ұйымның барлық мүшелерінің сәйкес басқару органның жұмысына қатысуы, атқарушыларды шешімдерді қабылдау процесіне жұмылдыру болып табылады. Өзін-өзі басқару – бұқаралық, ұжымдық немесе топтық ауқымдағы әлеуметтік ықпалдың өнімі.

Басқаруда өзін-өзі ұйымдастыруды қолдану соңғысының тиімділігін арттырады және еңбек ұйымдарындағы маңызды даму факторын құрайды. Өзін-өзі басқару процестері конструктивті де, деконструктивті де рөль атқаруы мүмкін, яғни, дезорганизация ретінде байқалады.

Басқару циклының соңғы ұғымы – бұл “әлеуметтік реттеу”. Ол басқару объектісінің тұрақтылығын сақтау және оған реттеушілерді (нормалар, ережелер, мақсаттар, байланыстар) енгізу арқылы дамыту арасындағы тепе-теңдікті сақтауға бағытталған, мақсатты басқарушылық ықпалды білдіреді. Әлеуметтік реттеу жанама басқару болып табылады және (“тікелей” басқарумен қатар) объектіге қажетті нәтижені беру және оған жету жолдарын нұсқау арқылы жүзеге асады. Әлеуметтік реттеу арқылы басқару субъектісі тұрғысынан қалаулы басқару объектісінің мотивациясы мен мақсатты ойлауды тудыратын қызмет шектеулері және мүмкіндіктері пайда болады.



9.5 Қазіргі жағдайда менеджменттің дамуы

Қазіргі қоғамның дамуы жүйелік сипаттағы терең әрі динамикалық өзгерулермен сипатталады. Мемлекеттік, саяси және экономикалық тұлғалар өзгеріп, жаңа әлеуметтік және өндірістік технологиялар енеді. Осы процестердің барлығы күрделі ұйымдасқан әлеуметтік жүйелердегі басқарудың маңызын елеулі арттырады.

Әлемде жұмыс күшінде және біріккен еңбек құрылымында маңызды сапалық өзгерістер пайда болды. Енді басқарушылар, білімі төмен, тіл алғыш атқарушылармен емес, мамандармен көп кездесетін болды. Қазіргі өндіріс өзінің технологиялық құрылысы бойынша кәсіби маманданған еңбекті кең пайдаланады. Сондықтан, қазіргі менеджерлер басқару шешімдерін іске асыруға шығармашылық ықпал ететін және бағалай білетін жұмыскерлерді басқарады.

Сонымен қатар, жұмысшылар құрамы да өзгереді: егер бұрын шаруалар, жұмысшылар және сервистік қызметкерлер басым болса, қазіргі экономикада басты маманданған топтар болып “басқарушылар және мамандар” саналады. Олардың арасындағы қайшылық кез-келген ұйымның динамикасын анықтайды.

Басқаша айтқанда, басқарудың әлеуметтік объектілеріндегі үлкен өзгерістер қазіргі өндірістік менеджменттің сипаты мен түрін өзгерту қажеттілігіне әкеп соғады. Ал бұл процесс өте күрделі және ерекшеліктері әлі толық зерттелмеген. Өндірістік менеджмент ұлттық экономиканы ұйымдастыру қағидаларын өзгерту және қоғамда нарықтық реформа жүргізу кезінде ерекше рөльге ие болады.

Өндіріс құрылымын, экономикалық байланыс сипатын өзгерту, макроэкономикалық дисфункциялар және жалпы қаржылық дисбаланс, жекеменшік революциясы және тұтыну жүйелері кәсіпорын дамуындағы белгісіздік және дезорганизация сипатын тудырады. Мемлекеттік кепілдік жүйесінің жойылуы және өзара міндеттерді орындау ортақ экономикалық кеңістіктің бөлшектенуіне әкеледі. Мұндай жағдайда әр аймақ, әр өндіруші өзінің жеке антикризистік басқармалық стратегияларын қолдануы қажет.

Осылайша, әлеуметтік-экономикалық жүйенің түбірлі трансформациясы нарықтық реформалардың арнайы ғылыми-басқармалық қамтамасыз етілуін және терең теориялық өнделуді қажет етеді:

- реформалау процесінің басқарылу мәселелерін және

реформалардың әлеуметтік бағасының оптималдандырылуы;

- басқарудың “маркетингтік” қасиетінің пайда болу мәселелері, яғни, мәдениеттің өзгеруі және менеджменттің технологиялық тәсілдері;

- өндіріс сапасына радикалды ықпал ету мақсатымен басқарушылық жаңалықтарды енгізу;

Қазіргі өндірістің дамуының елеулі ерекшеліктері бүкіл басқару философиясының және менеджменттің тәжірибелік қайта бағытталуынының өзгеруіне әкеп соқты. Бұл процестерді талдай отырып, Ю.Г.Волков және И.В.Мостовая өндірісті ұйымдастырудың төрт басты жаңа ерекшеліктерін анықтайды:

1) күрделі технологиялық, экономикалық, тұтынушылық және әлеуметтік-коньюнктуралық өзгерістерге жауап түріндегі қазіргі менеджментті ақпараттандыру;

2) корпоративтік қағидаларды және клиенталдылықты енгізу негізінде өндірістік басқару жүйелерін әлеуметтендіру;

3) эвристика, жаңа енген психологияның, прогностиканың дамуын есептей отырып менеджментті инновациялау;

4) антикризистік реттеу стратегияларын қолдану, технократикалық басқару ойынан социократикалық ойлауға көшу, ортаны құраушы мәдениеттілік есебінен өндірісті басқаруды экологизациялау.

Бүгінде көптеген кәсіпорындарда қоғаммен байланыстың арнаулы бөлімдері пайда болуда, себебі, жеке фирмалардың өндірістік және маркетингтік саясаты олардың қызметінің жетістігі өнімдеріне және өндіріске деген қоғамдық пікірдің сипатына байланысты. Басқаша айтқанда, қазіргі менеджмент дамуының мәні әлеуметтанушыны, әлеуметтік философты қызықтырмай қоймайды: әкімшілікті реттеу және басшылық ракурстағы емес нағыз адамды басқару үрдісіне айналып бара жатыр. Және де ол қызметтестікті іске асырудың құндылығы, қажеттелігі және мүмкіндіктері, топтың сәйкестігі позициясы жағынан маңызды болуы керек.

Осыған орай, мамандар қазіргі өндірісті басқару формаларын ұйымдастыру мәселелеріне байланысты мәселелерді зерттеуге көп көңіл бөледі.

Бірақ басқару технологияларын зерттеу және әлеуметтік әрекеттестіктің жаңа түрімен қаланған инновация енгізу қағидаларының ұйымдастырылуы айырықша өзектілікке ие.

Негізгі ұлттық ресурсы түрінде адам капиталын әлеуметтік басқарудың сапасы қазіргі өндірістің табысты нарықтық өзгерістеріне және қарқынды бәсекелестікке әкелудің басты факторы болуы мүмкін.

Өндірістік саладағы инновациялық менеджменттің басты қағидалары:

1) валеологиялық (превентивті, антикризисті, әлеуметтік-экологиялық);

2) коммуникативті (ақпараттық, мәдениеттік, әлуметтік-реактивті);

3) синергетикалық (инновациялық, эвристикалық, барлаушылық, ықтималдылық);

4) социократикалық (адамның орталықтандырылуы, клиенталды, ынтымақтастық).

Бүгінде инновациялық өндірістік менеджмент әдеттегі басқару мен бюрократикалық басқару түріндегі қарама-қайшы әрекеттестік түрінде іске асады. Ол “басқару” моделінен “үйлестіру” моделіне және “технократикалық” ойлау стилінен жаңа “социократикалық” басқару стиліне көшумен сипатталады.

Басқарушылық инновациясының қажеттілігі нарыққа көшу жағдайларындағы әлеуметтік үйымдастырудың өзгеруінің тоқыраушылық процесінде өндірістің мәні ерекше: еңбек ұжымының ішінде маманданған кадрлар топтарының статусы төмендейді, жұмыс күші басты өндірістен өндірістік емес салаға көшеді, квалификацияланған еңбектің үлесі азаяды, жасырын жұмыссыздық дамиды. Бұның бәрін тривиалді әлеуметтік басқару стратегияларын іске асыру арқылы жоюға болады.

Қазіргі еңбектегі және өндірістегі өзгеріс сапалық сипатта болып келеді. Олар тіпті жеке кәсіпорында да байқалады және әлемдегі экономикалық күштің орналастырылуында да бейнесін табады.

Менеджменттің жаңа философиясының іске асуы, ең алдымен өндірістік демократияның жетілуі және дамуы, менеджерлер мен жұмысшылардың қызметтестігінің қарқындылық жүйесін құру және басқарудың децентризациясын білдіреді. Себебі, еңбек қазіргі адамдар үшін өмір сүру жолынан өзін-өзі дамытудан өзін-өзі бекітуге айналуда.

Әдебиеттер
1 Аитов Н.А. Социология труда. – Алматы, 1997.- С. 192.

2 Вебер М. Избранные произведения. – М., 1990. – С. 25.

3 Волков Ю.Г., Нечипуренко В.Н., Попов А.В., Самыгин С.И. Социология: курс лекций: учебное пособие. – Ростов-на-Дону. – 1999. – С. 97.

4 Давыдов Ю.Н., Гайденко П.П. История и рациональность: социология М. Вебера и веберовский ренессанс. – М., 1992. – С. 147..

5 Заславская Т.И., Рывкина Р.В. Социология экономической жизни. Очерки теории. – Новосибирск, 1991. – С. 65.

6 Giddens A. Sociology. Cambridge, 1989. - p. 7.

7 Как провести социологическое исследование//под ред. М.К.Горшкова. – М. – 1990. – С. 23-47

8 Конт О. Курс позитивной философии. Родоначальники позитивизма. вып. 4.- СПб., 1912. – С. 214.

9 Маркович Д. Социология труда. – М., 1988. – С. 76.

10 Мацковский М.С. Социология семьи. Проблемы теории, методология, методика. – М., 1989. – С. 78-93.

11 Мескан М., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента (перевод с анг.). – М., 1992. – С. 121.

12 Осипов В.Г. Социология. – М., 1990. – С. 20.

13 Очерки по истории теоретической социологии XIX – нач. XX вв.- М., 1994. – С. 83.

14 Рабочая книга социолога. – М., 1983. – С. 38.

15 Рабочая книга социолога. – М., 1983. – С. 111-136.

16 Радугин А.А. Социология. – М., 1997. – С. 44.

17 Смелзер Н. Социология. – М., 1994. – С. 143.

18 Современная западная социология. Словарь. – М., 1990. –

С. 52-57.

19 Тажин М., Б. Аягапов. Социология негіздері. – Алматы, 1997. – С. 56.



20 ЯдовВ.А. Размышление о предмете социологии.// Социологические исследования. – М.,1990. – № 2.- С. 5.

21 Ядов В.А. Социологическое исследование, методология, программа, методы. – М., 1987. – С. 35-67.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет