Зерттеушілер саяси жүйенің мынадай төрт бөлігін атайды :
1) саяси институттар;
2) саясиқатынастар;
3) саяси ережелер;
4) саяси мәдениет.
Саяси институттарға ұйымдар, мекемелер мемлекет, саяси партиялар, кәсіподақтар, кооперативтік, жастар, әйелдер, т.б. ұйымдар мен бірлестіктер жатады.
саяси қатынастар Оған таптарыдың, этникалық бірлестіктердің, тұлғалар мен қоғамның, азамат пен мемлекеттің арасындағы қатынастар кіреді.
саяси ережелер Олар саяси институттардың өзара бірлесіп әрекет етуін қамтамасыз етеді және саяси жүйенің ережелік негізін құрайды. Олардың ішіндегі ең маңыздысына Конституция және соған сүйенетін заңдар мен басқа нормативтік актілер жатады.