Денсаулық сақтау экономикасында қолданатын жаңа қадамдар: қаражат жұмсауды ұтымды ету және азайту, тиімділікті жоғарылату; қорларды бөлу; екі жақтың арақатынастарын реттеу, денсаулықты қорғауға қатысты әр тараптың мәні мен орнын анықтау; қаржыландыру көздерін түрлендіру.
29 Халық, миграция және жаһандық урбандалу.
Миграция (лат. migratio — көші-қон, қоныс аудару) — адамдардың (мигранттардың) қандай да бір аумақтардың шекарасынан өтіп, ұзақ уақытқа немесе біржолата қоныс тебу процесі.
Халық көші-қонын бірегейлендірудің негізгі белгілерінің бірі - қандай да бір аумақтың әкімшілік шекарасын кесіп өту (мемлекет, аудан, аймақ, қала және т.б.). Осы негізде ең алдымен, халықаралық (мемлекетаралық) және ішкі миграцияны анықтайды.
Ӏшкі көші-қон ел халқының жалпы санын өзгертпейді,
халықаралық көші-қон әлем елдеріндегі халық санының өзгеруіне әкеледі, көбіне азаматтықты өзгерту орын алады. Сондай-ақ қала ішіндегі аумақтық көші-қондар ("қала-қала"), ауылдық жерлердегі ("ауыл-ауыл"), қалалық және ауылдық жерлердің өзара көші-қон алмасуы ("ауыл-қала", "қала-ауыл"). Мерзімдік белгілеріне қарай қайтып оралмайтын (ішкі көші-қон,) және қайтып оралатын миграция (ұзақ мерзімді, мезгілдік, үздік- создық, ауық-ауық көші-қон) түрлері анықталған.
Түрлеріне қарай ерікті, мәжбүрлі, заңсыз көші-қон болып бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |