Социологиялық зерттеу төрт өзара байланысқан алгаритімдерден тұрады: — зерттеуге дайындық; — бастапқы ақпаратты жинақтау; — жиналған ақпаратты өңдеу және ЭВМда өңдеуге дайындау; — өңделген ақпаратты талдау. Зерттеу нәтижелері бойынша, есеп дайындау, қорытындыларды және кепілдемені тұжырымдау.
Зерттеу бағдарламасының негізгі қызметтері: әдістемелік, әдісті, прогноздық, ұйымдық-технологиялық. 28.Негізгі әлеуметтанулық зерттеулер және оларды қолданудың ерекшеліктері.
1) Сипаттамалық (дискриптивтік) зерттеу- зерттелетін құбылыс жайында жалпылама мәліметтер алуға арналған зерттеудің түрі.
2)Аналитикалық(талдама) - құбылысты жай сипаттап қана қоймай, оның негізінде жатқан себептерді анықтау мен мәнін ашуға, талдауға бағытталған зерттеудің түрі.
3) Қайталанған зерттеулер - объектіде, құбылыста, ұжымдық пікірлер мен көңіл-күйлерде болған өзгерістерді тіркеу үшін жүргізіледі. Қайталанған зерттеулерге:
1) Панельдік зерттеулер- бірыңғай уақыт аралығынан кейін сол сұрақтарды қайта беру;
2) Трендтік зерттеулер- нақты бір оқиға б\ша жан-жақты зерттеулер;
3)Лонгитюдтік зерттеулер- бір оқиғаның тек бір бөлігін ғана қарастыратын зерттеу.
31Әлеуметтанулық іріктеу түрлері мен олардың қолданылу ерекшеліктері Іріктеп алу - ақпарат жинап, оның іріктеп алынған бір ғана бөлігін талдаудан жүрттың неғүрлым ірі топтары жөнінде баллам жасау.