Кез келген ғылымды оқу курсы ретінде оқып - білу оның зерттеу объектісі мен пәнін, құрылымын, категориялары мен заңдарын, ғылымдар жүйесіндегі және қоғамдық өмірдегі алатын орны мен рөлін анықтаудан басталатыны кездейсоқ нәрсе емес. Ғылымның пәндік мазмұны оқу курсын барынша баяндаудың нәтижесінің негізінде толық анықталатыны белгілі. Сонымен қатар бұл ғылымның өзіне тән мәнін және ерекшелігін курстың алғашқы тақырыбында анықтап, оқып-білу аса маңызды. Мұны жүзеге асырмайынша, оқу курсының әрбір жекелеген тақырыптарын қарастыру тіптен мүмкін емес. Сондықтан оқуды «Әлеуметтану - ғылым» деп аталатын тақырыптан бастау қажеттігі туындап отыр. Енді соған тоқталайық.