Әлеуметтанудың классикалық кезеңі
|
Негізгі ұғымдар
|
Ұғымды кім қарастырды
|
Ұғымның мазмұны
|
Позитивизм
|
Негізін салушы О.Конт. Позитивизмнің алғашқы өкілдері: Э.Литтре, Г.Н. Вырубов, П.Лаффит, И.Тэн, Дж.С. Милль, Г.Спенсер
|
Нағыз ақиқат ғылымның жеке салаларында ғана пайда болып, қалыптасатын, философиялық зерттеулердің ешқандай танымдық құны жоқ деген тезиске сүйенетін философиялық бағыт.
|
Әлеуметтік статика
|
О.Конт
|
Қоғамдық жүйенің өмір сүруі мен шарттарын зерттейді
|
Әлеуметтік динамика
|
О.Конт
|
Қоғамдық жүйенің дамуы және өзгеру заңдарын зерттейді
|
Социал-дарвинизм
|
Герберт Спенсер
|
Қоғамдағы адамзат дамуы заңдылықтарын биологиялық эволюциямен байланыстыратын және қоғамдық әмірдің анықтаушы факторлары ретінде өмір сүру үшін күресуге анағұрлым қабілеттілерді табиғи іріктеу принципін ұсынатын идеялық ағым
|
Органикалық әлеуметтану
|
Герберт Спенцер
|
Белгілі бір әлеуметтік құбылыстар жабайы табиғат құбылыстарына ұқсас қарастырылатын әдіснамалық принцип қоғамдық процестер мен қатынастардың ерекшеліктерін табиғи құбылыстардың заңдылықтарына сілтеме жасай отырып түсіндіреді
|
Қоғамның эволюциялық дамуы
|
Чарьлз Дарвин
|
Биологияда – тірі организмдердің орта мен жағдайға бейімделіп, өзін өзгертетіні, ортаға үйлескендері жасап, үйлеспегендері жойылып отыратыны туралы идея болып, осы өзгеріс себепті олардың қабілеті үздіксіз артып, төмен деңгейден жоғары деңгейге көтеріледі деп есептейтін теория.
|
Құрылымдық-функционалдық
|
Герберт Спенсер
Эмиль Дюркгейм
|
Құбылыстар мен процестерді жүйелі құрылымдық тұтастық ретінде ғылыми-зерттеу әдісі
|
Аномия
|
Эмиль Дюркгейм
|
Қоғамның құндылықтар жүйесiндегi түбегейлi дағдарыстарды бiлдiретiн ұғым.
|
Қоғамдық формациялар
|
Карл маркс
|
Әлемдік тарихи-әлеуметтік өсу бірізді кезеңдер алмасуымен - қоғамдық-экономикалық формациялар түрінде сипатталған теория
|
Қоғамдық еңбек бөлінісі
|
Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо, Джон Мейнард Кейнс, Милтон Фридман Карл Маркс секілді ғалымдар қарастырады.
|
Еңбек қызметі түрлерінің ара жігін ажырату. Еңбек бөлінісі еңбекті ұйымдастыру жүйесінде қалыптасады. Өндірістің тиімділігін арттырудың тұрақты қолданыстағы факторы болып табылады
|
Буржуазия
|
Карл Маркс
|
меншікке ие капиталистік қоғамның басым класына сәйкес келетін әлеуметтік-таптық категория
|
Пролетариат
|
К. Маркс, Ф. Энгельс еңбектерінде қарастырады
|
Капиталисттік қоғамда жалдамалы жұмысшы табы.
|
Қоғамның революциялық дамуы
|
Карл Маркс
|
Табиғат, қоғам өміріндегі, білім мен танымдағы сапалы өзгерістер.
|
Конфликтті көзқарас, конфликт теориясы
|
Ральф Даренфорд
|
Қоғамдағы диалектикалық қайшылықтар дамуының ең жоғарғы сатысы, ол әлеуметтік қауым және индивидтердің мүдделерінің қарама-қарсы тенденциялардың үдеуімен сипатталады
|
Идеалды тип
|
Макс Вебер
|
Әлеуметтанушы назы немесе қиялының жемісі емес,логикалық тұрғыдан жасалған ұғымдар.
|
Бюрократия
|
Макс Вебер,Фридрих Гегел,Карл Маркс
|
атқарушы билік орталықтарының қоғам мүшелерінің еркінен тыс қалуына негізделген саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйе
|
Харизмалы тұлға
|
Э.Трельч және М.Вебер
|
Аса дарындылық; қандай да бір тұлғаның қисынмен түсіндіруге келмейтін, айналадағыларға қатты ықпал ету, әсер ету мүмкіндігі. "Харизма" ұғымы харизмалық үстемдік, харизмалық көшбасшылық сияқты саяси түсініктердің негізі болып табылады.
|
Престиж
|
Макс Вебер
|
Жеке адамның, әлеуметтік топтың, кәсіптің, ұйымның әлеуметтік маңыздылығын, белгілі бір норманы қоғамдық бағалау
|
Әлеуметтік іс-әрекет
|
Макс Вебер
|
Әлеуметтік іс-әрекет біріншіден, ол оңтайлы, саналы түрде болуы, ал екіншіден басқа адамдардың мінез-құлқына бағытталуы қажет. Әлеуметтік іс-әрекеттің мұндай ұғымы бойынша адамдардың әлеуметтік емес, материалдық объектілерге бағытталған іс-әрекеттерін әлеуметтік іс-әрекеттер деп атауға болмайды.
|
Әлеуметтік мобильдік
|
Макс Вебер
|
Адамдардын бір әлеуметтік топтар мен қабаттардан басқаларга өтуі сондай-ақ, олардың престижділігі, табыс деңгейі және билігі жоғары деңгейлерге жылжуы немесе төменірек иерархиялық позицияларға карай жылжуы.
|