Әлеуметтену және бірегейлік. Отбасы және қазіргі заман. Девиация, қылмыскерлік және әлеуметтік бақылау



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі37,22 Kb.
#85498
1   2   3   4
Байланысты:
2-ТАҚЫРЫП
2-ТАҚЫРЫП, Лекция 3, Лекция 3
Отбасының даму циклдері (кезендері). Бұл отбасының өзгеру серпінінің, оның пайда болуы мен ыдырауының арасындағы уақытты қамтиды.
Бірінші кезең некеге тіркелуден және бірігіп өмір сүруден бірінші бала туғанға дейінгі уақыт.Екінші кезеңең соңғы баланың мектепке баруымен, ал, үшінші кезең соңғы баланың әлеуметтік ер жетуі (бой жетуі), табыс табуы мен оның экономикалық тәуелсіздігі, дербестігі, өз бетінше күн көруі арқылы анықталады. Отбасының тіршілік кезеңдері оның ең басты функциясын орындаумен, яғни адам санын көбейтумен байланысты болмақ.
Отбасының бұдан да басқа өмірлік кезеңдері бар, бірақ, осы жоғарыда көрсетілгендер негізгі кезеңдерін құрайтындықтан осылармен шектелеміз. Кейінгі уақытта жас отбасын зерттеуге жете назар аударылуда. Көпшіліктін, ұйғаруымен жас отбасы мынадай белгілермен сипатталады: некеге отырғандардың жасы 30-дан аспайды, бірігіп өмір сүруі 5 жылдан артық емес. Ерлі-зайыпты адамдар бірініші рет некеге отырған. Бұл сипаттама жас отбасын басқалардан ерекше көрсетеді. Жас отбасынан басқа мосқал, кексе адамдары отбасы бар, ал, толық жетілген отбасы деп мосқал отбасы мен жас отбасы арасындағы отбасын айтамыз.
Девиация дегеніміз - әлеуметтанушылардың пікірінше,қоғамның нормадан ауытқушылығын білдіреді.ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында девиацияның туындау себептерін биологиялық және психологиялық тұрғыдан түсіндіру орын алды. Американдық дәрігер және психолог Уильям Х. Шелдон (1940) индивидті дене құрылымының ерекшелігіне қарай эндоморф,мезоморф,эктоморфтық түрлерге бөлді. Мезоморф түрдегі адамдар ғалымның пікірінше, дивианты әрекетке бейім келеді. Психологиялық бағыттың өкілдері девиацияны психологиялық қасиеттермен байланыстырды. Девиацияны әлеуметтік тұрғыдан алғаш талдаған Э.Дюркгейм. Ол қоғамдағы мәдени және әлеуметтік құбылыстардың мәнін ашатын аномия теориясын ұсынды. Дюркгеймнің пікірінше, девиацияның басты себебі аномия.
Оның пікірінше, аномия қоғамның белгілі бір кезеңінде адамның мінез-құлқының төмендеп, моралъдық, діни адамгершілік тұрғыдан басқару қиынға соғуынан, жоғарыдағы негізгі әлеуметтік институттардың (яғни, мекеме бұйымдардың) іс-әрекетінің тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардың өсуінен байқалмақ.
Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізінде социологизм постулатына сүйене отырып, адамдардың өзі қол жұмсаудағы басты себебін анықтауға тырысады. Оның ойынша, адамның өзіне қол жұмсау әрекеті қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына (түріне) байланысты болмақ. Нақтылай айтатын болсақ, оның тамыры ұжымдық байланыстардың деңгейі мен шапшаңдығына және әлеуметтік интеграцияның негізінде тетігінде жатыр. Э.Дюркгейм нақтылы әлеуметтік мазмұнда жиналған материалдар негізінде мынандай тамаша қорытындыға келеді: қоғамның даму деңгейі және интеграциясы жоғарылаған сайын адамның өз жанын өзі қиюшылық әрекеті төмен болады және керісінше де солай. Осындай тұжырыммен Э.Дюркгейм әрбір әлеуметтік топтардағы өзін-өзі өлтірушіліктің түрліше деңгейін ашып берді. Мысалы, протестанттар мен католиктерді салыстырғанда бұл құбылыс католиктерде бірнеше есе кем, ал, қалалар мен селоларды салыстырғанда қалаларда жоғары. Э.Дюркгейм өзін-өзі өлтірушіліктің 4 типін (тұрпатын) анықтап берді, олар: эгоистік, алътуристік, экономикалық және фаталистік. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән құпиясы бар, шешілу жолы жеке адам мен топтың қарым-қатынасына байланысты. Э.Дюркгеймнің бұл теориялық еңбегі қылмыстық істердің және девиациялық (ауытқу) мінез-құлық әлеуметтануының негізін салды. Бірақ, Э.Дюркгейм қылмыстық істердің психологиялық мотивтерін мойындамады және девиацияны конформизм секілді табиғи құбылысқа балады.Сонымен қатар, нормадан ауытқу екі жақты құбылыс. Девиация қоғамдық өзгерістерге, әлеуметтік нормалардың жетілуіне септігін тигізеді.Аномия теориясын ары қарй Р.Мертон дамытты. Оның пікірінше, девиацияның басты себебі қоғамдық мақсат пен оған жету жолдарының қарама-қайшылығында.Осыған сәйкес ол қоғамға бейімделу түрлерін анықтады:
Конформист –мәдени мақсат пен қоғамдық ережелердің сәйкестігін қалайды.
Инновация- мақсатты орындағаны мен оған жетудің қоғамда қалыптасқан жолдарын мойындамайды.
Ритуализм- қоғамдық мақсатты қабылдамау, бірақ қалыптасқан ережелерді мойындау.
Ретретизм- қоғамдық мақсат пен ережелерден бас тарту.
Бүлік -билеуші мақсаттардан жаттанып,жаңа мақсаттар мен қоғамдық ережелерді қалыптастыруға ұмтылыс.
Белгілі антрополог Р. Линтон модальды және нормативті тұлға ұғымдарын енгізді.
Нормативті тұлға-қоғамдағы мәдениеттің тұлғалық идеалының үлгісі.
Модальды тұлға- тұлғалық идеалға сәйкес емес, статистикалық тұрғыдан кең тараған түр.
Мәдениеттанушылық көзқарастар бойынша, девиация мәдени нормалардың шиеленісінің нәтежесінде туындайды. Қоғамдық пікір мен үйлеспетін кез келген әрекет девианты деп аталады. Девиант нормадан ауытқыған индивид.Девианты әрекеттің түрлері: қылмыс жасау, алкоголизм, нашақорлық т.б. Тар мағынасында девиантты әрекет қылмыстық жауапқа тартуға келмейтін ауытқушылық. Заң бұзушылық әрекеттердің жиынтығы немесе қылмыс жасау делинкветті әрекет деп аталады.
Жеке адам мен қоғам арасындағы әлеуметтік қатынастар әлеуметтік бақылау жағдайында қалыптасып, іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет