Әлеуметтанулық зерттеулерді зерттеу пәнін талдаудың тереңдігіне, масштабына, шешілетін міндеттердің күрделілігіне қарай бөледі. Зерттеулердің негізгі түрлері
Әлеуметтанулық зерттеулерді зерттеу пәнін талдаудың тереңдігіне, масштабына, шешілетін міндеттердің күрделілігіне қарай бөледі. Зерттеулердің негізгі түрлері:
Әлеуметтанулық зерттеулерді зерттеу пәнін талдаудың тереңдігіне, масштабына, шешілетін міндеттердің күрделілігіне қарай бөледі. Зерттеулердің негізгі түрлері:
барлаулық зерттеулер;
сипаттамалық зерттеулер;
сараптамалық зерттеулер.
Барлаулық зерттеулер: әлеуметтанулық талдаудың ең қарапайым түрі. Бұл зерттеудің барысында мазмұны жағынан шектеулі міндеттер шешіледі.Азғантай жиынтық зерттеледі, қарапайым бағдарламаға негізделеді.
Сипаттамалық зерттеулер: құбылыстар мен үрдістердің құрылымын,түрлерін, сипатын анықтау мақсатында жүргізіледі. Сипаттамалық зерттеулердің объектісі әртүрлі әлеуметтік сипаты бар адамдардың үлкен топтары.
Сараптамалық зерттеулер: әлеуметтік құбылыстар мен үрдістердің құрылымдық элементтерін сипаттаумен шектелмей, олардың себептерін, үрдіске араласқандардың тәртібін, объектіге жаңа сипат, қасиет беретін факторларды ашуға бағытталған.