Әлеуметтік-экономикалық жаңғыру Қазақстан дамуының негізгі векторы. Әлеуметтік жаңғыру: мақсаты, міндеттері, қағидалары



бет2/7
Дата22.12.2021
өлшемі49,79 Kb.
#127635
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7
Білім жүйесінің мазмұнын жаңарту

Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен жан жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені). (ҚР "Білім туралы" Заңы, 4 тарау, 13-бап).

«Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін не істеуіміз керек ?

Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар.Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыстар күтіп тұр» делінген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат,Бір мүдде,Бір болашақ» Қазақстан халқына Жолдауында.

Жалпы білім беру мазмұны - оқыту процесінде оқушылар меңгеруге тиісті білім, икемділік пен дағды көлемін білдіреді. Білім беру мазмұны педагогикалық үндеу ретінде қоғамның әлеуметтік тапсырмасының нұсқасы ретінде қарастырылады, яғни баланың білім, икемділік пен дағдыларына қойылатын талаптар ретінде.

Баланың болашағы, оның зият дамуы, мүддесі және оқуы, келешекте еңбек іс - әрекетіне қатынасы көп жағдайда білім беру мазмұнымен анықталады.

Мемлекеттік білім беру саясатының бағытында қазіргі таңдағы мектеп баланың әсерлі дамуын жүзеге асыруы мен тұлғаның қажеттілігі мен қабілеттерін ескере отырып, оның бірқалыпты қалыптасу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керектігі айтылады. Мектептерде білім беруді заман талабына сай ету осыған бағытталған.

Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды. Оқыту үдерісін Білім мазмұнының жаңартылған бағыты мұғалімнің бағыттауымен оқушының өздігінен білім алуына ықпалы зор. Жаңартылған білім мазмұны белсенді оқыту арқылы әр түрлі әдіс-тәсілдердерді қолдана отырып оқушылардың барлығын сабаққа жұмылдыру, ынтасын, пәнге деген қызығушылығын ояту. Жаңартылған оқу бағдарламаларында пәннің мазмұны және мақсаттары мұғалімдер үшін бірізділігімен тиімді. Бағалаудың жетістік критерийлері де өте жақсы қамтылған. Мұғалім үшін тиімділігі оқушыны әділ бағалай алуы, мақсаттың нақтылығы, ресурстардың жеткіліктілігі. Оқушы үшін белсенді оқытудың тиімді жақтары, оның жеке, жұппен, топпен жұмыс істеуінде. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Себебі өз білмейтіндерін басқа білетін оқушылардан толықтыруы.

Сындарлы ойлайтын, өз мүмкіндіктеріне сенімді; әр түрлі әлеуметтік және өндірістік проблемаларды өз бетінше шешуге қабілетті тұлғаны дайындау үшін оқытудың сапасын жетілдіру аса маңызды мәселе болып табылады. Осы мақсатта білім негіздерін өз еркімен үйренетін, іс-әрекет мақсатын, міндетін, түрін,тәсілін,жағдайын өзінше түсініп, алған білімін өмірде қолдана алатындай жағдайға оқушыны жеткізуіміз керек. Оқытудың ұтымды технологиясын пайдалану арқылы шәкірттің тұлғалық болмысын дамытуға мүмкіндік туады.

Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды–машыққа қол жеткізу ғана емес,солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке-ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану,жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады. Кез келген қоғам үшін өскелең ұрпақтың қайсыбір таңдау жасағанда ұлттық рух пен ұлттық мүделерді бастап орынға қойып,азаматтық пен адамгершілік ұстамдарынан ауытқымауы аса маңызды. Сондықтан , тәрбиелей отырып, сапалы білім беру ұстанымын қою қажет. Икемді тұлға болу үшін неге икемделу керек екенін бала да, ата-ана да айқын білу керек. Ол үшін жаңа типті мектептің ең негізгі мақсаты — жалпыадамзаттың ұлттық құндылықтарды бала бойына сіңіру керек. Білім мазмұны да, құрылымы да,оқыту технологиялары да сол мақсатқа жетуге бағыт алуы керек. » Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы»-дейді әл Фараби бабамыз. Дұрыс тәрбиеленген бала ғана «Қазақстандық білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру», («Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы»-ҚР Президенті 2006 ж 3 жолдауынан) мақсаты-ның орындалуына жеткізе алады. Бұл бағдарламалар мазмұны оқушылардың білімімен қатар функционалдық сауаттылығын дамытуға да бағытталған. Әсіресе, оқушының өмірлік ұстанымының қалыптасуына, Отанын сүюге, отбасы құндылықтарын қадірлеуге және сақтауға, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты білуге баулиды. Оқушы тек қана білім нәрімен сусындамайды, рухани болмысын да қалыптастырады.

Әлемдік білім кеңістігіндегі озық тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беруге көшудегі негізгі нысана-адамзат тарихында уақыт озған сайын өзектілігі арта түсетін білімді де білікті, тәжірибелі де текті ұрпақ қалыптастыру.

Ұлтымызды дәріптейтін, рухымызды биіктетіп, ұлттық сенімімізді жігерлендіретін ұрпақтың болашағы – бізге, яғни ұстаздарға үлкен міндет. Ол үшін мұғалім кәсіби біліктілігін жаңа бағытта арттырып, білім мазмұнын жаңартып, тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, әдістемелік негіздерді қалыптастыруы керек. Өйткені білім әр адамға өмір бойы қажет екенін өмір тәжірибесі дәлелдеп отыр.

Мұғалім- мектептегі негізгі тұлға. Себебі тәрбие және білімнің көздеген нәтижеге жетуі мұғалімнің іс-қабілетіне,шеберлігіне байланысты.Олай болса мұғалімдердің кәсіби даярлығына қойылатын талап та жоғарылауда.

Алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалану білім беруді жаңарту ісіндегі маңызды буын болып табылады.

Білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын орыс тілі мен әдебиеті сабағында қолдануға болады. Ал жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық,кәсіптік,адамгершілік,рухани азаматтық және адам қабілетін қалыптастыруға игі әсерін тигізсе, ал оқушылардың ойлау, есту, көру, ынталану, бақылау, іздену мен танымдық қабілеттерін ашуға, белсенді сөздік қорын дамытуға бағытталған.

Ісмер ағаштан бір затты қырнап жасаудан бұрын оны жоңғылап алатыны сияқты, мұғалім де оқушыға өзінің тәлімдерін үйретуден бұрын оның бойындағы білім алуға деген талпынысты оятып алуы қажет.Ұлтты жаңа интеллектуалды белеске көтеру туралы Ел президенті қабылдаған үндеуге сәйкес жүргізіліп жатқан білім беру жүйесіндегі деңгей биік болуы үшін мұғалім әрбір сабағын өзіндік ойы, шиеленісуі мен шешімі бар өнер шығармасындай ойластырып, дайындауы қажет.

ІІІ деңгейлік курсты оқып ,7 модуль идеясымен танысып,орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында пайдаланып келемін. Бұл модульдерді сабақта ұтымды пайдалану арқылы оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, шығармашылықпен жұмыстануға үйренетіндігі, сонымен бірге оқушы мен мұғалім арасында ынтымақтастық орнап, сабақтың тиімділігі арта түсетіндігі атап көрсетілген.

Басты міндеті —қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалай білуге көмектесу, сындарлы ойлауға бағыттау.

Бағдарлама жеті модульден тұрады:

1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер.

2. Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.

4. Оқыту мен оқуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (АКТ) пайдалану.

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу.

7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық.

Осы 7 модуль бойынша сабақтарды қызғылықты етіп өткізу үшін үнемі оқушылардың сабақтан жақсы әсер алуына байланысты инновациялық технологияны қолдану қажет. Бағдарлама оқушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік ой-пікірін жеткізе білетін ынталы сенімді болуды қалыптастырады. Күнделікті сабақтарда сыныпта ынтымақтастық ахуал қалыпастыру білімге құштарлықтарын, көңіл күйлерін жақсартуына оң әсерін береді. Ынтымақтаса жұмыс істей отырып, олар бір нәтижеге жету үшін топ ережелерін сақтауды үйренеді. Өз-өздерін реттеулері мен көшбасшылыққа ұмтылулары, дарындылары айқындала бастады.

Осы 7 модульді сабақтарыма қолданған кезде сыныптағы көрініс, оқушылардың көзқарасымен оқу үрдісіне қатысты орын алған өзгерістерге толы болды және өзімнің де көптеген қызықты идеяларымды жүзеге асыру жөнінде белсенділігім арта түсті. Қазақстанның білім беру мазмұны сөзсіз жаңа сатыға көтеріліп, алға қадам бастап келеді. Біліктілік пен шеберлігімізді ұштастырып, жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеру біздердің міндетіміз. Қазіргі заман мұғалімі заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгергенде ғана білігі мен білімі жоғары, жетекші тұлға ретінде болатыны анық жеті модульді сапалы қолдана алсақ, оқушыларымыз сыни ойлай алатын, білімге құштар, алған білімдерін талдап, жинақтап, практикада қолдана алатын нағыз көшбасшы тәрбиелейтіндігіміз сөзсіз 8 сыныптағы сабағым «Производные и непроизводные предлоги» тақырыбында өтті. Мақсаты: тақырыпқа түсінік беру, предлогтың жазылу дағдыларын үйрену.

Ынтымақстастық атмосферасын қалыптастыру мақсатында 4 оқушыдан сыныпты екі топқа бөлдім. Топқа бөлуді смайликтер арқылы жүзеге асырдым. Сабақты үй тапсырмасын тексеруден бастадым.

«Он сұрақ» техникасы бойынша оқушының маңдайына «Предлог» сөзі жазылған стикерді жапсырып қойып, ол сыныпқа он сұрақ қойды: Қосымша сөзге сұрақ қойыла ма?, Қосымша сөзге синонимдер келтіруге бола ма?, Қосымша сөздің сөйлемде жеке ролі бар ма?, Қосымша сөз сөздерді байланыстыру үшін қолданыла ма?,Қосымша сөз өзгере ме? Қосымша сөздің аяғында «е» жазыла ма? Деген сұрақтарға екі топтағы оқушылар «иа», «жоқ» деп мүдірместен жауап бере алды.Себебі, төмен деңгейлі сұрақтар қойылып, оқушылардың бастапқы білімдерін көрсетуге мүмкіндік болды. Оқушылар жауабын «Жарайсың!», «Өте жақсы!», «Дұрыс!» деп ынталандырып отырдым. Бұл әдіс өткен тақырыпты қайталап, есте сақтауға және оқушымен әрі қарай жұмыстануға мүмкіндіктің барын анықтауға көмек берді.

Сабақтың тұсаукесер кезеңінде кеңейтілген тапсырма берілді. Экрандағы және қосымша жеке үлестірмелі карточкадағы сөйлемдерге қатысты төмен деңгейлі сұрақтар арқылы тапсырмаларды орындап, жаңа сабақ тақырыбын тауып негізгі бөлімге көпір жасады.

Бұл кеңейтілген тапсырма арқылы талдау жұмысына төселіп,ойлау қабілетінің дамуына жақсы әсер етті. Тапсырма сәтті шықты, оқушылар сұрақтар аса қиындық келтірмегендіктен бастапқы білімдері арқылы бірден көмекші сөздерді тауып, олардың түрлерін анықтап, жаңа материалды меңгеру үшін бастау болды. Сұрақтар талдау бағытында,мысалы, «Берілген сөйлем ішінен көмекші сөзді тап», «Көмекші сөздер дегеніміз не?», «Қандай қосымша сөздер производный немесе непроизводный деп аталады?», «Оларды ескере отырып, жіктеулерге байланысты келесі сабақ тақырыбын құрастырып шығыңыз» деп берілді .Берілген тапсырма бойынша өз беттерімен жұмыстанып, сұрақтар жауабын ескере отырып, «Производные и непроизводные предлоги» деген тақырыпты құрастырып шығарды.

Негізгі бөлімдегі топтық жұмыста «Тыңдаушы үштік» техникасын пайдаландым. Алғашында топта үш адамнан , екіншісінде жұптасып жұмыс жасады. Әр оқушы жазушы,сұрақ қоюшы және жазып алушы ролін атқарды.

Түсіндіру,сұраққа жауап беру арқылы талдап, берілген тапсырманы тез орындауға кірісіп,ұтымды жауаптарын дайындап, екі топты да тығырықтан алып шықты.

Жұптық жұмыс «Ойлан – Жұптас – Бөліс» техникалары бойынша тапсырма интербелсенді тақтада беріліп әрі үлестірмелі топшамамен жұмыс түрінде өтті. Үлестірмелі топшамада құрамын толықтыруға жататын сөйлемдер тобы берілді және оқушылар өздері әр қайсысы жеке-жеке орындап, кейін қасындағы жолдасымен ақылдасып тексеріп, соңында топ алдында бөлісті. Мысалы, топшамада берілген сөйлемдер ішінен «производные» және «непроизводные» қосымша сөздерді тауып,жеке талдап,одан жұптасып талдап,сынып алдында нақты жауабын айтып қорғайды. Тез орындап,жұптасып, ортақ жұмыстанды,мен бақылай отырып ынталандыру арқылы бағаладым.

Сабақты қорытындылау «Арасындағы айырмашылық» техникасымен қосымша сөздер айырмашылығы анықталды. Екі шаршының ішіне «Производные предлоги» және «Непроизводные предлоги» сөздерді қойып «Неге?» деген сұрақ жазылды. Жауап беруде «... ... болып табылады, ал .... - .....» сөйлемін қолданды. Бұл сөйлем тапсырманы орындауға сілтеме жасап тұрды.

«Производный предлог» тың басқа сөз таптары,яғни существительный,наречие,деепричастиеден жасалатынын, ал «непроизводный» сөз таптарынан жасалмайтынын айта келіп, екі екі себетке қосымша сөздерді түрлеріне қарай жинақтап берді. Бұл оқушылардың қосымша сөздерді түсініп,түрлерін ажырата білетінінің дәлелі болды.

Оқушыларға анимацияланған сурет арқылы сөйлем құрау тапсырмасы беріліп,оқушылар өз сөйлемдерін оқып,кейін экрандағы сөйлемдермен салыстырды. Бұл жерде «непроизводные предлогтарды» қолданды,яғни на,в,под,за,у,перед,между және осы сөйлемдерге сәйкес мысық қозғалыс жасап отырды.Сөйлемдер бірдей сөз таптарынан тұратынын, ал айырмашылығы қосымша сөздерінің мағынасында екенін түсіндірді.

Рефлексия кезеңінде сабақты қорытындылап,алған білімдерін тұжырымдау сұралды. Әр топтағы оқушылар өздерінің осы сабақ туралы пікірін ,сабақтың ұнағанын айтты және өздерінің көңіл күйлерін менің сұрағыма байланысты смайлик көтеру арқылы «өте жақсы» деп білдірді және «Біз қосымша сөздер түрлерімен таныстық,айырмашылығын білеміз,сабақ ұнады,тақырыпты түсіндік» деген пікірлерін айтты. Сөздерді байланыстыру, жұлдыз бен ұсыныс айту, бағалау себептерін түсіндіруде, рефлексия кезегінде сабақты қорытындылап,өз жетістіктеріне байланысты ойларын толық,нақты жеткізе алды. Бүгінгі күні білім сапасы үлкен мәселе болып тұрғаны шындық. Білім сапасы – мұғалімдер жұмысының көрсеткіші және мұның бәрі пәндік олимпиададан, ғылыми жоба жарыстарынан көрініс табады. Осы жерде ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың «Ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім.Екінші, керек құралдар, құралсыз іс істелмейді» деген сөзі ойға оралады. Бұл өткен ғасырдың басында айтылғанымен, жүз жыл өтсе де бағыт – бағдар болып тұр.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Барлық жаңғырту үрдісіндегі табыстың негізгі факторларының бірі – ұлттық білім беру жүйесін жаңарту болып табылады», - деп атап көрсеткендей, жыл сайын білім беру үдерісі жаңару үстінде. Қазіргі кезде білім беру саласына жаңа көзқарас, жаңаша талап қойылып отыр.

«Өсер елдің ұлы өнерлі, қызы мінезді келеді» дейді дана халқымыз. Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек,алдымызда отырған өрендеріміздің болашағы ХХІ ғасырмен тұстас келгеніне қуаныштымыз. Өйткені, ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Білімділерді аялап тербетер,баптап өсірер саналы тәрбие мен сапалы білім керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет