Әлеуметтік ғылымдар факультеті Құқықтану кафедрасы


Жер құқығының әдістері мен жүйесі



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі43,97 Kb.
#89600
1   2
Байланысты:
1-апта Абдуллаева Асель

2.1 Жер құқығының әдістері мен жүйесі
Жер қатынастарының ерекшеліктері жер құқығында қолданылатын реттеу әдістерінің мамзұнына жанама түрде байланысты болады. Белгілі әдіс түрін қолдану жер құқық қатынастарының қандай салада қалыптасқандығын білдіреді. Мәселен, жер қорын мемлекеттік басқарумен байланысты жер құқық қатынастарына билік әдісі қолданыслса, жер учаскесін жалға беру барысныда шартты әдістер тобы қолданылады. Жер құқығының әдістері дегеніміз – жер қатынастарын реттейтін, яғни, жер құқық қатынастары субъектілеріне әсер ету амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Жер құқығының әдістері екі түрге бөлінеді: императивті және диспозитивті. Жер құқығының императивті әдістері – билік пен бағыныштылыққа негізделген, міндетті қатысушысы мемлекет немесе мемлекет мүддесін білдіретін билік органдары болады. Императивті әдістер жер ресурстарын мемлекеттік басқару саласында, мемлекеттік басқару функциясын жүзеге асырудың тәртібін анықтауда, жер учаскесінің шекті мөлшерін анықтауда, жер учаскесін тек нысаналы мақсатта пайдалану шектеулерін белгілегенде, т.б. жағдайларда қолданылады. Жер құқығының диспозитивті әдістері – жер құқық қатынастары қатысушыларының теңдігіне, шарт еркіндігіне негізделген. Бұл әдістер жерге жеке меншік құқығын жүзеге асыру саласында және жерде дербес шаруашылық жүргізуде қолданылады. Яғни, жер құқық қатынастары қатысушыларына жер учаскесіне қатысты өз бетінше шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Жер құқық қатынастарының ерекшелігі, осы саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде императивтік және диспозитивтік әдістердің өзара үйлесімділігімен айқындалады. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруі, жас құқық салаларының пайда болуы құқықтық реттеу әдісін құқық саласын жеке дара қарастырудың алғышарты ретінде тану көзқарасын өзгертті. Себебі, көптеген құқық салалары, мысалы, жер құқығы, аграрлық құқық, кәсіпкерлік құқық, т.б. салалар аталған екі әдісті де қолданады. Сол себептен, құқықтық реттеудің белгілі бір нысанын қолдану құқық саласын бөліп қарастырудың негізі болып табылмайды. Жер құқығының жүйесін, жер қатынастарын реттеу барысында әр түрлі міндеттер атқаратын институттар ретінде қарау қажет. Жер құқығын және құқықтық сала ретінде көрсететін басты институттар ол жалпы институттары, ал жер қатынастарының жекелеген түрлерінің немесе кейбір сұрақтарды ғана реттеуге бағытталған жер құқықтық нормалары – арнайы институттар болып табылады. Сонымен жер құқығының жалпы бөлімін жалпы институттар құраса, ерекше бөлімін – арнайы институттар құрайды. Шын мәнінде қатынастарды реттеп отырған құқық жүйесін ғылыми тұрғыдан түсіндіру, сол саланың жеке құрылымдық бөліктерін, олардың ерекшеленуімен өзара байланыстарын және ішкі қалыптасу заңдылықтарын қамтиды. Бұл процестің бір маңызды жағы барлық басқа институттарға немесе олардың басым көпшілігіне бірдей жалпы ережелер қолданылатынын және осы институттар біртектес немесе өздерінің бірігуі кезінде, аталмыш құқық саласын қалыптастыратынын анықтайды. Жер құқығының жүйесі дегеніміз - өзара тығыз байланысты жер құқық институттарының жиынтығы. Өзге құқық салалары сияқты жер құқығының жүйесі келесі бөлімдерден тұрады: жалпы бөлім, ерекше бөлім және арнайы бөлім. Жалпы бөлімде жалпы ережелер, яғни жер құқығының түсінігі, пәні, әдістері, қағидалары, қайнар көздері қарастырылған. Сонымен бірге, жерге меншік құқығы, жер пайдалану құқығы, жер қатынастарын мемлекеттік реттеу және жер заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік мәселелері көрініс тапқан. Жер құқығының ерекше бөлімінде жер қорының жекелеген санаттарының құқықтық режимі мен оларды қорғау жағдайлары қарастырылған. Атап айтсақ, ауылшаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық режимі, елді мекендердің (қалалардың, кенттер мен ауылдық елді мекендердің) жерінің құқықтық режимі, өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс және өзге де ауылшаруашылығы мақсатына арналмаған жерлердің құқықтық режимі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлердің құқықтық режимі, орман қорының жері, су қорының жері, босалқы жерлердің құқықтық режимі. Арнайы бөлім шетелдердің жер заңдарын зерттейді. Шетел мемлекеттерінің, Қазақстан жерін пайдалану мәселелерін, халықаралық шарттармен реттелетін жерді жалдау қатынастарын және жерді халықаралық қорғау және жер қатынастары саласындағы халықаралық ынтымақтастық мәселелерін зерттейді.


3. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Жер кодексі
2. http://refleader.ru/bewatyatyqas.html

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет