Әлеуметтік философия және оның философиялық білім құрлымындағы рөлі



Дата15.03.2022
өлшемі32,08 Kb.
#135454
Байланысты:
әлеуметтік философия
user file 56f7781d10e47, user file 56f7781d10e47, реферат

  1. Әлеуметтік философия және оның философиялық білім құрлымындағы рөлі.

Әлеуметтік философия — қоғам мен адам туралы философиялық принциптер мен заңдылықтар туралы мәселені қарастырады. Әлеуметтік философияның зерттейтін пәні адам және адам туған қоғамдық болмыс болып табылады. Оның басқа ғылымдардан айырмашылығы қоғамдық зерттейтін (тарих, әлеуметтану, мәдениет тарихы т.б.) түсініктерге назар аударады. Тарихи процесстің мәні мен бағыты, қозғаушы күші және мақсаты «қоғам», «қоғамдық», «әлеуметтік» сөздерінің түсінігі кеңінен таралған, бірақ олардың мәні көбінесе көп мағыналы және толық түсініксіз болып келеді. Ең алдымен «қауымдастық», «қоғам» терминдерін ажырата білу керек. Қауымдастық қазіргі заманға сай тұрмыстық нысандармен анықталады немесе адамдардың өзара әрекеттері олардың жалпы шыққан тегімен, тілмен, көзқарастармен байланысты. Қоғам халықтың азық ретінде және зерделі ұйымдастырылған үлкен топтардың іс — әрекеті біріккен қоғамдық негізде емес, біріккен мүдде мен шартта. Қоғам түсінігі халық, ұлт, мемлекет түсінігінен ажыратылып алу керек. Ұлт — бұл мемлекеттік, экономикалық, саяси және адамдардың рухани қарым — қатынас байланысқан бір немесе бірнеше халықтың ұйымдасқан өмірінің нысаны. Мемлекет құқық пен заң негізінде ұйымдасқан өмір нысаны, халық және ұлт адам өркениетінің тарихи азығы. Бұл барлық түсініктер өзара байланысты және бір – бірінің түсінігі толықтырып отырады.
Қоғам, адам және қоғамдық қатынастар туралы ой — пікірлер, идеялар мен ұғымдар алғашқы қауымдық қоғам дәуірінде — ақ қалыптаса бастады. Адамдардың алдында қоғам деген не, ол қалай пайда болды, ол қалай дамиды,дамудың көздері мен қозғаушы күштері неде, қоғамдық құбылыстар мен процестердің байланысы қандай, өзара әсер, себеп, қарым — қатынастар заңдылықтары бар ма, тағы басқа көптеген сұрақтар, ой — пікірлер және идеялар туады. Ал мұндай ой — пікірлер мен идеялар адамдардың қоғамға бірігуінен және осының негізінде өздерінің тіршілігін сақтау, күн көру, одан әрі дамыту қажеттілігінен, олардың тікелей тәжірибелік өмірімен байланысты туды.
Қоғамдық құбылыстарды, процестерді, тарихты танып — білуде, өзгертуде философия тарихында материализм мен иденализмнің арасында ұдайы қарама — қарсы кескілескен күрестер жүргізіледі. Материализм қоғамды, оның даму заңдарын дұрыс ғылыми тұрғыдан түсіндірмекші болып әрекет жасаса, идеализм, керісінше, ғылымға жат, қоғамдық тәжірибеге сүйенбеген, көбінесе оларды діни тұрғыдан түсіндірмекші болады. өйткені, бұл бағыттарды қолдаушы қоғамда әр түрлі әлеуметтік таптар мен топтар болады.
Қоғам дегеніміз — адамдар арасындағы экономикалық қатынастар, яғни материалдық игіліктерді өндіру процесінде адамдар арасында қалыптасқан қатынастар.
Қоғам өмірі — алуан түрлі қатынастардан тұратын аса күрделі әлеуметтік шындық. Олар белгілі бір салаларға бөлінеді. Оларды түсінуді біраз оңайлату мақсатында топтастыра келіп, мынандай төрт салаға бөліп көрсетуге болады: 1. экономикалық сала; 2. әлеуметтік сала; 3. саяси сала 4. рухани сала. Кең мағынада алғанда, «әлеуметтік» ұғымы «қоғамдық» ұғымымен тепе — тең. Алайда, ол ұғымды философияда тар мағынада қолданып, таптар мен таптық қатынастарды, ұлттар мен ұлттық қатынастарды, отбасы және соған байланысты оқу, тәрбие, тұрмыс жағдайы сияқты тіршілік мәселелері саласын білдіру үшін қолданады. Сол сияқты, қоғам өмірінің саяси саласы саясатты, мемлекет пен құқықты және олардың арақатынасы мен қызметін, т.б. қамтиды. Бірақ бұл соңғыны философиядан кейін оқытылатын саясаттану пәнінің иелігінде.
Қоғам өмірінің аса күрделі саласы — рухани өмір. Ол қоғамдық сананың түрлі формалары мен деңгейлерін: саяси және құқықтық сананы, моральдық және эстетикалық сананы, дін мен ғылымды, қоғамдық және жеке адам психологиясын т.б. қамтиды. Қоғамдық сананың бұл формалары рухани мәдениет деп аталады.
«Қоғам өмірінің саласы» деген ұғым алуан түрлі, өзара күрделі байланыстағы қоғам өмірін терең зерттеу мақсатында біртұтас қоғамдық субъектінің іс — әрекетінің жеке салаларын бөліп алып қарастыру үшін қолданылатын абстракция, яғни бұл ұғым әлеуметтік философияның категориясы болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда, ол қоғамды танып білудің методологиялық «аспабы» десе де болады. Олай болса, қоғамдық өмір салаларының ішінен негізгі, экономикалық, саланы бөліп алып, адамның біртұтас нақты іс — әрекетінің ішкі мәнін, сырын ашуға болады.
Өндіріс процесі белгілі бір табиғи жағдайлар болғанда ғана жүзеге асады. Ондай табиғи жағдайларға географиялық орта және тұрғын халық жатады.
Жоғарыда айтылып кеткендей қоғам ұғымы философиялық мағынамен біртұтас жеке адамдардың анықталған ерекшеліктерінің байланыс типтеріне рухани (Ф. Аквинский), конвенционалдық, материалдық адамдардың өзара әрекеттесуінің негізі болып табылады. (К. Маркс)
Генезисті түсіндіру амалы осы және басқа таңдау бойынша жұмыс істеу қоғамы алғашқы дүниетаным қондырғысына тәуелді және қоғам философиясы бұл адамның басқа жағымен байланысты, оның дүниедегі басты рөлі және жан — жақпен қатысы. «Қоғам» түсінігі заңдылық қырымен адамдардың басын біріктіреді.
ХІХ ғасырда К. Маркс тарихтың материалистік түсінігінің тұғырнамасын жасады, оның құрамында өндірістік тәсілінің жағдайы бар. Халықты «Әлеуметтік ұйымда» жалпы құдай және жалпы ой емес өндірістік күш және өңдірістік байланыс байланыстырады. Бұл факторлар табиғаттың шартына, тіл мәдениетіне, байланыс құрамына т.б. байланысты. Бірақ қалың қоғам болмысы, өзіндік «әлеуметтік мәселе», болып табылады.
Марксизм тарихының өзіндік факторын теріске шығармайды, бірақ шынайы шартты, себепті зерттеу ұйғарылады. Халықтың қоғамдық байланыстың негізіне материалдық немесе қоғамдық қатынас жүйесі жатады. Барлық мүмкіншілігі бар тәсілдер қоғамдық түсінікте аса жалпылама тарихи іздермен иемденеді. Қоғам өзінің даму негізінде күрделі жүйе болып өнімі, сол немесе басқа халықтың мәдениетті потенциалының мүшесі болып табылады. Саяси және құқықтық сана тарихы өнім, қоғамның дамуымен қалыптасады. Саяси сана билікке толығымен алғанда класс қатынасын анықталған саяси партияларға ықпал етеді. Негізгі қызмет — көпшіліктің қызығушылығымен қамтамасыз ететін осындай билікті құруға әлеуметтік күшті бағыттау және айқындау.
Құқықтық сана құқыққа қарағанда жалпы міндетті, мінезі бар, қоғамдық тұлғаның келесі түсінігі ғылым болып табылады. Ғылым — рухани мінездің құрылысы, бұл адамның қызметіне жүйелеуге тексеруге дағдыланады. Ғылымның мақсаты — обьективтік ауқат. Ғылымның білімтану — білімнің ұдайы өндірісінің қиын қарама — қарсы үрдісі. Практика ғылыми білімнің басты критериі болып табылады. Ғылымның басты функцияларының қатарына мыналар жатады: танымдық әдістеменің түсініктемесінің практикасы. Қазіргі заманда ғылым рухани білімнің айырмашылығын ұсынады. Техногендік өркениеттің ерекше маңыздылығы ғылыми ұтымдылықты табады. Қоғамдық идеология және қоғамдық психология қоғамдық сананың сыңары болып табылады. Қоғамдық идеология — қоғамдық сананың компаненті.
Экономика идеологиялық формамен тікелей байланыспайды. Ол біріншіден, қоғамдық қажеттікті, қызығушылықты тудырып ұсынады. Идеология — қоғамдық психологиясыз өмір сүре алмайды. Қоғамдық психология — халықтың әлеуметтік тұрмысымен байланысқан қоғамдық сананың компаненті. Қоғамдық тұрмыс қызығушылықты, эмоция мен сезімнің дамуының жалпы бағытын, халықтың іс — әрекетін тудырады. Қоғамдық психология өзінің дамуында белгілі бір заңдылыққа бағынады. Біріншіден ол, тіршіліктің материалдық шартына байланысты, екіншіден, қоғамдық психологияның нақты — тарихи мінезі бар, үшіншіден, қоғамдық психология халықтың іс — әрекеті және өміріне байланысты және әлеуметтік ойымен толтырады, төртіншіден, қоғамдық психология және қоғамдық идеология бір — біріне ықпал қоғамдық етеді,бұл процессте идеологияның рөлі басым. Бірақ қоғамдық психология белсенді және идеологияға қарсы әсер көрсетеді.
Базистің айрықша бір рөлі сол, ол өзіне (базиске) орнатылатын қондырма үшін, яғни қоғамның саяси, құқықтық, философиялық, этикалық, көркемдік және діни көзқарастары мен соларға сәйкес саяси — идеологиялық мекемелер мен ұйымдар үшін реалды негіз болып табылады. Сондықтан базис өндіріс тәсілінің қоғамдық өмір кейпін, оның идеялары мен мекемелерін тікелей айқындап беретін жағын құрады.
Антагонистік таптық қоғамдардың базисі іштей қайшылықты. Адамдардың өндіріс құрал — жабдықтарына деген түрліше қатынасын білдіре отырып, ол қанаушылар мен қаналушылардың арасындағы антагонизмді — таптық мүдделердің қарама — қарсылығын білдіреді. Антагонистік таптық қоғамның базисінің қайшылығын бейнелендіретін оның қондырмасы да қайшылықты.
Базистен туған қондырманың дамуында сонымен қатар салыстырмалы дербестік те бар. Бұл дербестіктің бірінші көрінісі — оның дамуындағы сабақтастық байланыс. Ескі базистің орнына жаңа базис келгенде қондырмада болатын төңкеріс бұрынғы қондырманың барлық элементтері автоматты түрде жойылады деген сөз емес. Екіншіден, әрбір қоғамның қондырмасында жалпы адамдық идеялар мен түсініктер болады. Үшіншіден, қондырманың салыстырмалы дербестігі оның өзін тудырған экономикалық базистің дамуына тигізетін пәрменді кері әсерінен көрінеді.
Қоғамдық — экономикалық формация ұғымына өндіріспен, базиспен және қондырмамен бірге басқа да қоғамдық құбылыстар кіреді. Олар: адамдардың белгілі бір тарихи қауымдастықтары, отбасы және неке, тіл, ғылыми және қоғамдық ұйымдар, т.б. Бұл құбылыстар базиске де, қондырмаға да тікелей қатысты болмағанымен, олар кез — келген формацияның біртұтас организмінің құрамдас бөліктері болып табылады. Оларсыз қоғам өмірі және дамуы мүмкін емес. Шынында да адамдардың қатынас құралы болып табылатын тілсіз еңбек ету, ой — пікір, тәжірибие алмасу мүмкін емес қой. Аталған құбылыстар, әрине, әр формацияда әртүрлі, бір формациядан екіншісіне өткенде елеулі өзгерістерге ұшырап отырады.
Қоғамдық — экономикалық формацияны құратын құбылыстар өзара табиғи байланысты, біріне — бірі тікелей немесе жанама әсер етеді, солардың нәтижесінде формация күрделі, дамушы әлеуметтік организм, біртұтас жүйетүрінде әрекет етеді.
Қоғамдық — экономикалық формация ұғымы түрліше қоғамдық құбылыстардың бірлігінің, өзара байланысының материалдық негізін аша отырып, қоғам жайындағы бұрынғы және қазіргі идеалистік, метафизикалық көзқарастардың шын мәнін ашып берді. Қоғамдық — экономикалық формацияның ашылуына байланысты тарихи процесс қатаң ғылыми тұрғыдан кезеңдерге бөлінетін болды: қоғам тарихи қоғамдық — экономикалық формациялардың даму және заңды түрде ауысу тарихы екені ашылды.
Қоғам дамудың қандай жоғары деңгейіне жетпесін, адамдар азық — түліксіз, киім — кешексіз, баспанасыз, т.б. материалдық игіліксіз өмір сүре алмайды. Бұл игіліктерді табиғат дайын күйінде бере алайды. Ол игіліктерге ие болу үшін адам еңбек етуі тиіс. Еңбек — адамның табиғи қажеті, қоғам өмірінің негізі. Сол себепті де материалдық игіліктер өндірісі қоғамдық дамудың басты, шешуші күші болып табылады.
Өндіріс процесінде адамдар табиғатпен және өзара қарым-қатынас орнатады. Осы екі түрлі қатынастар кез — келген нақты өндіріс тәсілінің бір-бірінен айырғысыз байланысты екі жағын — өндіргіш күштерді және өндірістік қатынастарды құрады. Олай болса, өндіріс тәсіліне жалпылама талдау жасау үшін өндіргіш күштер деген не, олардың құрамы қандай, өндірістік қатынастар қандай қатынастардан тұрады, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың өзара байланысы қандай деген сұрақтарды анықтау қажет.
Еңбек нәрсесі деп адамның еңбегі жұмсалатын заттарды айтады. Мәселен, мақта, дән, руда, т.б. шикізаттар өңделуге тиісті еңбек нәрселері. Ал бұларды өңдеуге қолданылатын құрал-аспабтар еңбек құралдары деп аталады. Еңбек құралдарының ішіндегі ең бастысы еңбек нәрселерін өңдеу үшін қолданылатын өндіріс құралдары болып табылады. Құралсыз өндіру мүмкін емес. Табиғат өз байлығын оп — оңай бере салмайды, оларды алу үшін адамның білегінің қара күші мүлдем жеткіліксіз. Тіршілік үшін қажетті нәрселерді өндіру өндіріс құралдарының көмегімен ғана іске асады, ал өндіріс құралдары неғұрлым жетілген болса, өнім де соғұрлым көп болады.
Өндіргіш күштер дегеніміз қоғам жасаған өндіріс құралдары, ең алдымен еңбек құралдары және тіршілік үшін қажетті өнімді жасаушы — адам.
Еңбек құралдары қоғамның өндіргіш күштерінің шешуші элементі болып табылады, өйткені адамның табиғатқа деген қатынасының сипатын айқындап беретін солар.
Өндіріс процесінде адамдардың арасында қажетті түрде өндірістік қатынастар деп аталатын белгілі бір қатынастар пайда болады. Бұл қатынастар адамдардың өндірістік іс — әрекетінің ажырағысыз жағы болып табылады, өйткені адамдар жеке-дара өндіре алмайды, бір-бірімен қатынаса, қауымдаса отырып қана өндіре алады. Сондықтан еңбек әуелбастан қоғамдық еңбек еді және солай болып қала бермек. Еңбек процесінде адамдар арасында орнайтын бұл қатынастар болмай қоймайтын қажетті қатынастар болып табылады.
Өндірістік қатынастар — экономикалық қатынастар. Түрліше әлеуметтік топтардың өндірістегі үстемдік немесе бағыныштылық жағдайы, олардың өндіріс процесіндегі қатынастары меншіктік формадан туындайды. Егер меншік қауымдық болса, онда өндірістік қатынастар өндірушілердің ынтымақтасу және өзара көмектесу сипатында болады. Ал егер меншік жеке адамдікі болса, онда бағындыру және қанау қатынасы орнайды. Өнім бөлісу формасыда өндіріс құралдарына деген меншіктің сипатына тиесілді болады. Өндіріс құрал — жабдықтарының иесі өндіріс процесіне қатыспағанымен, өнімнің не барлығын алады немесе басым көпшілігін алады. Өндірістік қатынастар адамдардың санасы мен еркіне тәуелсіз объективті түрде қалыптасады. Адамдардың өндіріс процесіндегі қайсыбір қатынастары олар сәйкес келетін өндіргіш күштер дамып жетілген жағдайда ғана пайда болады.
Адамдардың үздіксіз өсетін қажеттерін қанағаттандырудың бір ғана жолы бар — өндірісті ұдайы жетілдіріп дамыту. Өндірісті дамыту — қоғам өмірінің объективтік қажеттілігі, заңы. Қоғамның тарихи, осы тұрғыдан алғанда, ең алдымен қоғамдық өндірістің төменгі тәсілінен жоғарғы тәсіліне қажетті түрде өту тарихы.
Өндірістік қатынастардың өндіргіш күштер сипатына сәйкес келуі — өндірістің дамуының міндетті шарты. Ол шарт белгілі бір дәрежеде қоғамдық — экономикалық формациялардың бәріне тән, бірақ жеке меншікке, қанауға негізделген қоғамда өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің сипатына ұзақ сәйкес келіп тұра алмайды.
Өндірістік қатынастар өндіргіш күштердің дамуына ілесе алмай, кейін қала береді де олардың дамуына кедергі бола бастайды, олармен қайшылыққа келеді. Өндіргіш күштер әрі қарай дамыған сайын өндірістік қатынастардың кедергілік рөлі арта түседі де, олардың арасындағы қайшылық ақыр соңында жанжал деңгейіне жетеді. Сонда ескі өндірістік қатынастарды жойып, дамыған өндіргіш күштердің сипатына сәйкес келетін жаңа қатынастар орнататын әлеуметтік революцияның қажеттігі туады.
Сөйтіп, көп түрлі қоғамдық қатынастардың ішінен әлеуметтік философия материалдық, экономикалық қатынастарды негізгі, шешуші қатынастар ретінде бөліп көрсетеді, өйткені осы өндірістік қатынастардың жиынтығы қоғамның экономикалық құрылысын, базисін құрады. Бұл жағдайда өндірістік қатынастардың жиынтығын құрайтындар: меншіктің формасы және бұдан туынды адамдардың өндіріс процесіндегі қатынастары, материалдық игіліктерді бөлу формасы деп түсіну керек.

  1. Пәндік статус және әлеуметтік философиялық ілімнің «табиғаты».

«Әлеуметтік философия» терминін айналымға қашан және кім енгізгені туралы дөп басып, дәл жауап беру қиын. Біздің ойымызша оның философияға енуі ХІХ ғасырдың екінші жартысы – соңғы ширегінде іске асуы мүмкін. Бұл мәселенің шешімі әлеуметтік философия немен айналысатынын, пәндік ерекшеліктерін, оның философиядағы орны мен негізгі функцияларын талдауға онша ықпалын тигізе қоймайды. Бұл сала қоғамдық өмірдің мәні және іргелі заңдылықтарымен, социум болмысының логикасымен, қоғам мен тұлғаның өзара байланысы және өзара қатынастарымен, жалпы әлеуметтік таныммен қатар, қоғам мен адам туралы философиялық пайымдар принциптері және логикасы, заңдылықтары, ерекшеліктерімен байланысты болды. Осы сала әлеуметтік философия деп атала бастады.
Әлеуметтік философияға ерекше анықтама берген орыс ойшылы С.Л. Франктың пайымдауына тоқталайық.
1929 жылы ол өзінің негізгі шығармаларының бірі — «Қоғамның рухани негіздері» атты кітабын жариялады. Ол бұл еңбегінде әлеуметтік философияға мынадай анықтама береді: “әлеуметтік философия мәселесі – бұл қоғам деген не, ол адам өмірінде қандай мағынаға ие болады, оның шынайы мәні неде және ол бізге қандай міндет жүктейді деген сұрақтарға жауап береді”.
Ал, әлеуметтiк философияның қарастыратың мәселелер келесi:
* әлеуметтiн жалпы даму заңдарың жалпы әлем қалыптасу жүйесiнiң бөлiгi ретiнде
* қоғамдық болмыс және адамдардың рухани дүниесiнiң ерекшелiктерiн, ұжымдық сананы
* әлеуметтiк құбылыстарға адамдардың құндылық қатынастарың, олардыңадамдардың қажеттiлiктерi мен мақсаттарына сәйкестiгiн.
Сонымен, әлеуметтiк философия әлеуметтiк әлемге деген өзiндiк көзқарасын қалыптастырады, ал мұны басқа жеке ғылымдар жасамайды, өйткенi олар көпқырлы әлеуметтiк құрылымның тек жеке үзiндiлерiн зерттейдi. Бiрақ, бұдаң адамның негiзгi мәселелерiн тек әлеуметтiк философия шешедi деген пiкiр қалыптаспау керек, өйткенi жеке ғылымдардың теориялары, олардың тәсiлдерi және олар арқылы алынған эмпирикалық деректер сiз әлеуметтiк философия өз мағынасынаң айырылады.
Ендi осы келтiрiлген пiкiрлердi бiрiктiрсек, мұнда шығатыны: әлеуметтiк философия адамның қоғамдық өмiрiнiң барлық «әлемдерiнiң» – тарих, мәдениет, дiн, саясат, құқық, экономика т.б. әлемдерiнiң түпкi, онтологиялық негiздерiн зерттейтiн философиялық бiлiм саласы.
Әлеуметтiк философияға өзгеше анықтама берген орыс ойшылдары: Бердяев, Ильин, Флоренский, Булгаков. Франк «Қоғамның рухани негiздерi» атты кiтабында әлеуметтiк философияның сұрақтарың анықтайды: 1) Қоғамдық өмiр деген не? 2) Адам өмiрiнде қоғамдық өмiр қандай орн алады және оның шынайы мақсаты неде? 3) адам өзiнiң қоғамдық болмысы формасын құра отырып неге ұмтылады және неге жету мүмкiн? 4) адамның қоғамдық өмiрi әлемдiк, ғарыштық болмыста қандай орын алады? Қоғамдық өмiр болмыстың қандай саласына жатады? Оның айтуынша әлеуметтiк философия- «қоғамдық болмыстың жалпы негiздерiн» зерттеумен айналасатын философиялық таным. «Әлеуметтiк философия қоғамдық шындықты оның нағыз, барлығын қамтитын құрамы мен нақтылығына көруге ұмтылу болып табылады».
Әлеуметтiк философияны әлеуметтiк құбылыстар мен үдерiстердi танудың теориялық-методологиялық мәселелерi, заңдылықтары, социум болмысының логикасы қызықтырады. Және ақырында, С.Л.Франктың анықтауынша, әлеуметтiк философияның зерттеу аймағы- қоғамдық өмiрдiң мәнi, оның индивидуалды адам өмiрiмен қатынасы және қоғамдық өмiрдiң құндылық қрларының жалпы өмiрдiң фундаментальды құндылықтарына қатысты.



  1. Әлеуметтік-философиялық рефлексия табиғаты мен философия тарихы.

Философияның негізгі бөлімдері – онтология, гносеология, философиялық антропология, логика, этика, эстетика, әлеуметтік және саяси философияның қысқаша сипаттамалары. Философия және фәлсафа. Фәлсафа дәстүріндегі ғылым мен дін мәселелерін шешу жолдары.
Ойлау– объективті шындықты белсенді бейнелеудің жоғарғы формасы, дүниені тану мен игерудің жоғарғы сатысы, тұлғаның танымдық әрекеті. Ойлау формалары мен құрылымдарында адамзаттың бүкіл танымдық және тарихи-әлеуметтік тәжірибесі, материалдық және рухани мәдениеті дамуының басты нәтижелері қорытылып, бекемделген. Сыртқы дүниені толык тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау аркылы ғана білеміз. Түйсік, қабылдау процестерінде сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстары жайлы қарапайым қорытындылар жасалады. Бірақ қарапайым қорытындылар сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының ішкі құрылысын, оның қажетті қатынастары мен байланыстарын толықтай ашып бере алмайды. Адамның ой-әрекеті әсіресе тұрлі мәселелерді бір-біріне жанастыра отырып шешуде өте жақсы көрінеді.
Ойлау тарихы адамның пайда болып, дамуының тарихымен байланысты. Ойлау – қоғамдықтарихи қалыптасқан адам миы қызметінің жемісі. Ойлау мен тіл өзара терең байланыста, тіл – адам ойлауының құралы. Адам ойы сөз арқылы өрнектеледі, сөздің ар жағында ой жатады. Сөз бен ойды теңестіруге болмайды, алайда сөзсіз ойлау іске аспайды, ой айтылмай, үнсіз тұншығады. Ойды үнсіз іштегі сөз деп, тілді дыбысталған ой деуге болады. Ойлау тек табиғи тіл арқылы ғана емес, жасанды тілдер (мысалы, абстрактылы математика тілі немесе нақтылы-бейнелі “өнер тілі”) арқылы да іске асады. Ойлау күрделі тарихи-әлеуметтік құбылыс болғандықтан, оны зерттеумен көптеген ғылымдар – психология, логика, таным теориясы, лингвистика, кибернетика, физиология, т.б. шұғылданады. Философияда ойлау белсенділігі, логикасы туралы мәселелер қарастырылып, оның ақиқаттылығының өлшемі зерттеледі. Бұл мәселелер философия тарихында әр түрлі тұрғыда (материалистік және идеалистік, рационалистік және эмпирикалық, априорлық және апостериорлық, диалекттік және метафизикалық, т.б.) зерделеніп, ойлау жөнінде әр түрлі ілімдер орын алған. Ойлау тек адамға ғана тән қабілет ретінде оның шынайы адами болмысының қайнар көзі әрі басты құралының бірі, адам еркіндігінің мүмкіндігі мен шындығының кепілі болып табылады
Даналық – ауқымы кең, күрделі құбылыс, оған бір жақты, кесімді анықтама беру мүмкін емес. Ол, әдетте, надандыққа қарсы мәнде қолданылады. Даналықтың мән-жайын алғаш зерттеп, ашып беруге философия талпынған. Өйткені «философия» деген сөздің өзі грекше «даналықты сүю» мағынасын білдіреді. Даналық мазмұнының тереңдігі мен пішімінің алуан қырлылығы жағынан филос. ұғым болып табылғанымен, оған философияның көптеген функцияларының (ғылым, таным теориясы, логика, методология, идеология, т.б.) бірі ретінде қарауға болмайды. Философия ғылымсыз да өмір сүре алады (мыс, Ницшенің шығармаларында ғылым жоқ, даналыққа толы философия ғана бар). Ал даналықтан қол үзсе, философия аты ғана қалып, заты (мәні, мазмұны) жоғалады.
Даналық – философия негізі, болмысының кепілі, басты шарты. Басқа ғылым түрлері тәрізді филос. ілімдер де даналықтан бастау алады. Сократтың «Менің білетінім – өзімнің ештеңе білмейтіндігім, өзгелер оны да білмейді» деуінде үлкен мән бар. Білмейтінін біліп, түсінуге, әлем ақиқатын танып, ой түюге ұмтылу – адамды рухани кемелдікке, данышпандыққа бастайтын жол.
Қазақ ойшылы Абай да «Атымды Адам қойған соң, қайтып надан болайын» деп толғайды; ештеңені біліп-тануға ұмтылмайтын, қарны тойып, құлқыны тоят тапқанына мәз хас надандықты, тоңмойын тоғышарлықты мансұқ етеді. Қазақ халқында «Өзің білме, білгеннің тілін алма» деген сөз қарғыстың ең жаманы саналады. Дүниенің, өмірдің және өз табиғатының сырын танып, білу үшін адам баласы оқу-білімге ұмтылады, ғылымға ден қойып, логикаға, методологияға сүйенеді.
Даналықтың, көбінесе білімділікпен, оқымыстылықпен шендестіріле қаралатыны сондықтан. Бірақ даналық білім аясында шектеліп қалмайды; оның негізгі өлшемі – түсінік. Әр нәрсені білу бір басқа да, түсіну – басқа: яғни білім оқумен келсе, түсінік оқығанды көкейге тоқумен, өз еркімен жақсылыққа ұмтылып, ой қорытумен, игілікті қам-қарекетпен қалыптасады. Білім атаулы қашаннан нақты болады әрі жекені қамтумен шектеледі, ал даналық жалпыны, тұтас құбылыстарды – дүниені, өмірді, дәуірді, тарихты қамтиды. Білім – өткінші, уақытша, салыстырмалы, даналық, яки түсінік жүйесі – мәңгілік нәрсе. Білімділер қай заманда да көп болған, қазіргі кезде де жетіп артылады, ал дана адамдар, данышпандар бұрын да, қазір де аз. Гераклит «Көп білгеннен дана болмайсың» деп осы шындықты меңзеген. Ұлы Абай да «Әрбір ғалым – хакім емес, әрбір хакім – ғалым» дейді.
Даналықтың тарихи бастауы – ауыз әдебиеті нұсқаларында, мифтік аңыздар мен діни әпсаналардың желілерінде, өнер туындылары мен әдеби, филос. шығармаларда жатыр. Қорқыт ата, Асан Қайғы, Толағай, сондай-ақ Прометей, Сизиф, т.б. мифтік тұлғалардың ойтолғам, іс-әрекеттерінде өмірдің өткіншілігіне қарсы күрес, мәңгілік өріне – Даналық тәліміне талпыныс бар. «Дүние, қудым сені жалықпай-ақ, Ұстатпайсың судағы балықтай-ақ, Көрсетіп бірде алдыңды, бірде артыңды, Қойдың ғой дидарыңды танытпай-ақ» деген қазақтың қара өлеңінде халықтық пәлсапаның – өзін қоршаған әлемді, өмірді, дүниедегі өзінің орнын тануға құштарлықтың, экзистенциалдық түсініктің сарыны жатыр. Жалпы, дәстүрлі қазақы дүниетанымның өзі даналыққа, Ғ. Қараш айтқандай, «өмір пәлсапасына», ізгі түсінікке, рухани кемелдік аңсарына негізделген.
Философия - рухани мәдениет пен адамзаттық білімнің көне және қызықты салаларының бірі. Біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырларда Үндістанда, Қытайда, Ежелгі Грецияда пайда бола отырып, кейінгі ғасырлардың қоғамдық санасының тұрақты формасы ретінде танылды. Философтардың ой-көзқарастары негізінде дүниетанымдық мәселелер алға қойылып, оларға жауап ізделді. Мұндай мәселелерді түсіндіру адамдар үшін өмірдің маңызды мағынасы, негізгі мәні болып табылады.
Күнделікті практикалық өмірдің барысында әрбір адам философиялық мәселелермен соқтығысады. «Философия» термині грек тілінен аударғанда «филео - махаббат, құштарлық; софия – даналық» деген мағынаны білдіреді. Терминнің шығу тегін грек ойшылдары Пифагор, Сократ есімдерімен байланыстырады. Осыдан кейін «ғылымдардың ғылымы» ретінде саналатын философиядан тарихи түрде әртүрлі білім салалары бөлініп шығады: астрономия, математика, механика, физика, медицина және т.б.
Философия ғылымында мынадай үш мәселені қарастыру маңызды:

  • Бірде бір жеке ғылым әлем туралы, адам туралы, жалпы тұтас, интегралды білімді зерттей алмайды.

  • Философия әлемді тек қана танымайды, сонымен қатар бағалайды.

  • Ол дүниені тану әдістерін меңгереді.

Философия дүние мен адам туралы тұтас ілім ретінде өзіне мәнді, маңызды мәселелердің жиынтығын қоса қарастырады. Философия адамзат қоғамының басты құндылықтарының жағымды және жағымсыз қатынастарын анықтайды. Философиялық білімнің негізгі мәнісі оның екі жақтылығында:

  1. Оның ғылыми біліммен ұқсастықтары өте көп, мысалы - пәні, әдістері, логикалық - түсініктік ойлау аппараты.

  2. Бір жағынан философия таза күйдегі ғылыми білім емес.

Философияның басқа ғылымдардан басты айырмашылығы — ол
философия адамдармен жалпы игерілген білімнің теоретикалық дүниетанымы болып табылады.
Сөйтіп, философия дүниеге көзқарастың жоғарғы деңгейі мен түрі, оған рационалдық, жүйелілік, логикалық пен теориялық зерделеу тән.
Дүниеге көзқарас - объективтік дүниеге, болмысқа, адамға және тіршілікке деген неғұрлым жинақталған, қорытылған біртұтас көзқарастар мен қағидалар. Дүниеге көзқарастың негізгі үш формасы бар.

  • Мифология

  • Дін.

  • Философия.

Мифология (грекше мифос - аңыз, шежіре; логос - сөз, ілім) алғашқы қауымдық қоғамға тән дүние туралы қиял-ғажайып, танымдық қоғами сана формасы. Әдетте, миф мына негізгі мәселелерге көңіл аударады:



Дін - жаратылыстан, адам мен адамзаттан тыс трансцендентальдық, құдіретті күшке сенуге негізделген дәстүрлі қоғами сана формасы.
Дін мына мәселелерді қарастырады:

  • Құдайдың бар екеніне шек келтірмеу;

  • Табиғат құбылыстарын өздігінше ұғыну;

  • Әлемнің, адамның, фәни мен бақидағы өмірдің, барлық тіршіліктің пайда болуы, жаратылуы.

Философия дүниеге көзқарас тұрғысында өзінің эволюциялық дамуы жағынан үш кезеңнен өтті.

  • космоцентризм;

  • теоцентризм;

  • антропоцентризм;

Космоцентризм деп қоршаған ортаны, табиғат құбылыстарын тіршілікті жасаушы дүлей, шексіз сыртқы күш – Ғарыш, барлық өзгерістер ғарыштық айналым арқылы жүзеге асады деп түсінетін философиялық көзқарасты айтады (Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Ежелгі Грекия) Теоцентризм деп барлық тіршіліктің мәні дүниеден тысқары тұрған тылысым күш –
Құдайда деп түсінетін философиялық көзқарас түрін айтады (Ортағасырлық философияға тән).
Антропоцентризм деп адам мәселесін негізгі мәселе деп қарастыратын
философиялық көзқарас түрін айтады (Қайта өрлеу, жаңа заман, Қазіргі заман философиялық кезеңдерге тән).
Философияның әдістері, философиялық зерттеулердің көмегімен жүзеге асады. Философия ғылымының негізгі әдістері:
Диалектика - бұл әдісте заттар, құбылыстар, ішкі қарама-қайшылықтар, өзгерістер, даму, себеп пен салдар, қарама қарсылардың бірлігі мен күресі есебінде қарастырылады.
Метафизика - диалектикаға қарама-қарсы әдіс, мұнда объектілер өздігінен, статикалық және біржақты қарастырылады.
Догматизм - қоршаған ортаны догмалар, яғни дәлелденбейтін және абсолютті сипаттар арқылы қабылдау.
Эклектика - бұл әдісте фактілер, түсініктер мен концепциялардың біртұтас шығармашылық бастамасы болмайды, соның нәтижесінде сырттай шындыққа ұқсас қорытындылар алынады.
Софистика – айтыс-тартыста өз қарсыласын жеңу үшін әдейі ақты қара деп, қараны ақ деп көрсетуге жүгінетін әдісті айтады. Бұл әдісте ақиқатты тану емес, тек қарсыласын айтыста жеңу мақсат етіледі.
Герменевтика - мәтіннің мәнін, оның объективтік және субъективтік негіздерін түсіндірудің теориясы мен өнері.
Сонымен қатар, философиялық әдіс, әрі философиялық бағыт болып табылатындар:

  • материализм;

  • идеализм;

  • эмпиризм; - рационализм.

Материалистік әдістер материя алғашқы субстанция ретінде, ал сана оның модусы сана, материяның көрінісі деп қарастырылады.
Идеалистік әдістің мәні – керісінше, идеяны алғашқы бастама, ал материя идеяның туындысы деп ұғыну.
Эмпиризм – көбінесе тәжірибеге сүйенетін, сезімдік таным нәтижесін таным процесінің негізі деп санайтын әдіс және бағыт.
Рационализм - шынайы абсолютті білімге тәжірибе мен түйсіктің ықпалынсыз тек қана ақыл-ойдың көмегімен жетуге болады деп есептейтін философиялық бағыт және әдіс. Философия функциясы - философия мақсатын, міндетін, тағлымын жүзеге асырудағы философияның атқаратын қызметі. Философияның негізгі функциялары: - дүниеге көзқарастық; - методологиялық:

  • теориялық;

  • гносеологиялық; - сыншылдық;

  • аксиологиялық;

  • әлеуметтік;

  • тәрбиелік-гуманитарлық; - эвристикалық.

Дүниеге көзқарастық функция - дүниенің біртұтастық бейнесін жасау, оның құрылымы жөнінде, дүниедегі адам орны, оның қоршаған ортамен байланысы туралы көзқарасты қалыптастыру.
Методологиялық функция - философия коршаған дүниені, шындықты, ақиқатты танудың негізгі әдістерін жасайды.
Теориялық функция - философия бүкіл дүниені, құбылыстарды ұғынуды мейлінше жалпылайды, концептуалды - логикалық жүйелер жасайды, теориялық тұжырымдар түзейді. Гносеологиялық функция - философия қоршаған дүниені, шындықты, дұрыс әрі айқын тануды (таным тетігін) мақсат етеді.
Сыншылдық функция - философия кез келген теорияны, білім қағидаларын сыни ойлаудан өткізіп, ондағы қайшылықтарды анықтап, мәнді тұстарын айқындайды. Бұл функцияның міндеті - догмаларды әшкерелеу, білімнің дәйектілігін пысықтау және таным шеңберін мейлінше кеңейту.
Аксиологиялық функция - философия заттар мен құбылыстарды бағалағанда оларды моральдік-әдептілік, этикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, рухани және т.б. құндылықтар жағынан қарастырады.
Әлеуметтік функция - философия қоғамды зерттегенде, оның пайда болу себептерін, дамуын, құрылымын, қозғаушы күштерін, қоғамда болатын қайшылықтарды айқындап, оны шешу жолдарын, жетілдіру мәселелерін карастырады.
Тәрбиелік функция - философия гуманистік құндылықтар мен мұраттарды адам, адамзат пен қоғам игілігіне жаратуды көздейді. Философия - тарих қойнауындағы барлық адмгершілік ізгіліктердің тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді.
Эвристикалық функция - философиялану, яғни философияны оқып-үйрену процесінде адам дүниеге, бүкіл болмысқа жаңаша көзқараспен қарайды, оны бейне бір құлшыныс, шабыт сезімі, инсайт билейді. Ой кешуде, тылсым дүниенің інжу - маржанын тапқанда ойшыл адам сыр мен кемел сезімге бөленеді

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет