Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар факультеті Мектепке дейінгі және бастауышта білім беру кафедрасы «Бастауыш сыныптарда қазақ (орыс) тілін оқыту әдістемесі»



бет7/8
Дата20.05.2024
өлшемі81 Kb.
#202525
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
каз принц

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңда мектептерде оқу- тәрбие жұмысын түбегейлі қайта құру жаңалап, жанғырту жұмыстары жүріп жатыр. Адамның немесе баланың жан дүниесіне терең үнілін, оны өз ой елегінен өткізген Абай: «...соның бірі – ес. Ес-сана болмаса, адам балаға ғылым, білім, мәдениет салаларын меңгерте алмас еді» дей келіп, адам психологиясының барлық жағына терең үңіліп, тиісінше талдаулар жасайды. Абай: «Қайрат, ақыл, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек...» деп олардың бірлігін көрсетеді. Жүрек сөзі мидың символы, мидың өнімі ойлау, түйсік, мінез.
Тіл маманы сыныптағы әр оқушының психологиясын жете білуі, арқылы педагогикалық әдебімен жұмыс істеу шеберлігі ұштасқанда табысқа жетеді. Белгілі ақын, педагог, ана тілі жайында бірнеше еңбек жазған М.Жұмабаев. «... ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады...».
Сабақта мақсат қоюда болсын, болжауда болсын, оқытуда оқушының ой-санасын дамытуды қалыптастыру жән оның нәтижелі болуына қол жеткізу қарастырылады.
Адам баласы, қоғам пайда болғаннан бері тіл қоғамға қатынас құралы ретінде қызмет істеп, коғаммен бірге дамып келетінін ғалымдарымыз дәлелдеган оқыту барысында тілдің даму зандылықтары, өзгеріске түсу сөздердің негізгі элементтерін өрістету, жетілдіру жолымен бірте-бірте қорландыру жолымен дамиді.
Сондықтан, оқушыларға қазақ тілінен алған елеулі кемшіліктерден, қайшылықтардан, қателіктерден құтылудың жолы тиімді оқыта отырып, білімді гуманизациялау (гуманизм - латын сөзінен адамгершілік, адамға деген сүйіспеншілік идеясын бейнелейтін көзқарас) және дифференциялау идеяларын үзеге асыру, тиімділігін арттыра отырып, оны интенсивтендірудің маңызды ретінде білім мазмұнын интеграциялау арқылы жүзеге асыру мәселесі талап етіледі екен.
Қорыта келгенде, қазақ тілін оқытудағы мақсат ұлттық, дүниежүзілік рухани, мәдени мұралардың сабақтастығымен байланыстыру, өз халқының мүддесі мен қоғамдық мүдені ұштастыра білетін жан-жақты жетілген ұрпақты даярлау екен. Оқушының білімін жетілдіре білуде, оқып үйренсем деген ынтасын арттыра отырып, ізденімпаздық қасиетке жетелеу, өз бетінше білім алуға үйрету, сабақ үстінде қазақ тілінен білім бере отырып, олардың санасына халқына деген құрмет пен мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру, халқының тарихын, әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін меңгерту жаежақты жетілген жаңа ұрпақты оқытып тәрбиелеу, саннан сапаға секірту бүгінгі таңдағы өмір заңдылығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет