Электронды оқулықтар
1. Основы антикоррупционной культуры [Электронный ресурс]: учебное пособие / под ред. Б. С. Абдрасилова. - Электрон. текстовые дан. (702Мб). - Астана: Акад. Гос. упр. при Президенте РК, 2016. - 176 с.
2. Гендерная социология. Акбаева Л.Н., 2017. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
3. Әлеуметтану. Ертаев М.А., Тасқымбаева С.М., Қаратаева Ф.М., 2020. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
4. Әлеуметтану. Тесленко А.Н., Сембина Ж.Ж., Аязбаева А.Т., 2019. Aknurpress / https://aknurpress.kz/login
5. Решетников, А. В. Социология медицины / Решетников А. В. - Москва: ГЭОТАР - Медиа, 2014. - 864 с. - ISBN 978-5-9704-3067-5. - Текст: электронный. http://rmebrk.kz/
6. Тәжітаева, Р.С. Саясаттану: Электрондық оқулық. - Жетісай: «Сырдария» университеті, 2016. http://rmebrk.kz/
7. Ритцер, Д., Степницки, Д. Әлеуметтану теориясы: Оқулық. - 10-басылым - Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. - 856б. - ISBN 978-601-7943-17-2. http://rmebrk.kz/
6. Бақылау сұрақтары (Feedback кері байланысы):
1. «Мазмұн» және «еңбек нысаны» түсініктері нені білдіреді?
2. Еңбек мазмұнын қай деңгейде қарастыруға болады?
3. Қоғамда медицинаның рөлі қандай?
4. Денсаулық сақтаудың экономикалық және әлеуметтік аспектілерін атаңыз.
5. Жаңғыру, урбанизация және миграция ұғымдарын анықтаңыз.
6.Әлеуметтік өзгерістерді зерттеудің әлеуметтанулық перспективалары қандай?
№6 дәріс
1. Тақырыбы. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері.
2. Мақсаты: Саясаттану мәні, оның әдістемелік базасы: объект, субъект, пәні, әдістері мен қызметтерін, саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін ашу.
3. Дәрістің тезистері:
1. Қазіргі білімдер жүйесіндегі саяси ғылымның алатын орны, саясаттанудың қалыптасуы мен дамуы, оның негізгі категориялары, саясаттанудың пәні мен объектісі. Саяси шынайылықты зерттеу әдістері. Саяси ғылымның ғылыми-танымдық, әдіснамалық және қолданбалы функциялары.
2. Саяси ойдың қалыптасуы мен даму тарихының дәуірлік кезеңдері. Ежелгі дәуір ілімдеріндегі саясаттанудың элементтері (Конфуций, Платон, Аристотель). Орта ғасырдағы саяси идеялар (Августин, Аквинский, Әл-Фараби). Қайта өрлеу және Ағарту дәуіріндегі саяси идеялардың дамуы. Саясаттың мәні туралы Макиавеллидің көзқарасы. Ж.Боденнің мемлекеттік билік егемендігі теориясы. Утопиялық социализм идеяларындағы мінсіз қоғамдық құрылыс. (Т.Мор, Т.Кампанелла).
3. Табиғи құқық пен қоғамдық келісім теориялары. Ағарту дәуірінің негізгі саяси доктриналары ретінде. Ж.-Ж.Руссоның радикалды демократизмі. И.Кант пен Г.Гегельдің концепцияларындағы мемлекет пен азаматтық қоғам концепциялары.
Бүкіл әлемде, оның ішінде түбегейлі бетбұрыс жасап демократиялық өзгерістерді іске асырып жатқан елімізде, саясаттан тыс тұрған адам жоқ. Сондықтанда кәсіби мамандығына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан, әрбір адамға қажет деп тұжырымдау орынды, өйткені ол қоғамда өмір сүріп отырып, басқа адамдармен және мемлекетпен өзара іс-қимыл жасайды. Пайымды адам саяси мәдениетке, саяси құндылықтарға қарым-қатынаста болуы туралы мәселеде баламықты көре алмайды, өйткені ол мемлекет және басқа да саяси күштер тарапынан өзінің айлалы амалдау объектісіне айналуына жол бере алмайды.
Қазақстан қоғамдық өмірдің барлық салаларында – экономика, саясат, әлеуметтік, рухани салаларда сапалық түбегейлі өзгерістерді басынан кешіріп отырған мемлекеттер санатына жатады. Бұл өзгерістер қазірдің өзінде-ақ қоғамнан саяси білімдар, білікті де жауапты, жаңаша, таптаурынсыз ойлауға қабілетті адамдарды талап етіп отыр.
Саясаттану адам және қоғам туралы өзге де ғылымдар сияқты адамның білімін қалыптастыруға, өткенді, қазіргіні, келешекті дұрыс түсініп, орнын анықтауға көмектеседі.
Саясаттану сөзі гектің “политика” және “логлос” деген сөздерден шыққан, саясат туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Саясат термині мемлекетпен, өкімет билігі қатынастарымен, адамдар мен қоғамға басшылық ету ғылымдармен байланысты көне заманғы ұғымдарға негізделген.
Дәстүрлі түсінік бойынша Саясат дегеніміз, ең алдымен, мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар, әлеуметтік топтар, халықтар мен мен мемлекеттер арасындағы айқын көрінетін және өкімет билігі жөніндегі қатынастармен байланысты қызмет саласын білдіреді. Әлеуметтік сирек ұштасатын құбылыс ретінде оған саяси институттар мен ұйымдардың қызмет атқаруы, саяси нормалар мен дәстүрлері, адамдардың басқару қызметі, олардың әлеуметтік-саяси мүшелері мен қажеттері, саяси идеялары мен көзқарастары жатады.
Саясат - өкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың, қызметтің, тәртіптің, бағдарлардың және комуникациялық байланыстардың сан алуан әлемі ретінде түсіндірілетін әмбебап қоғамдық сирек ұшырасатын құбылыс. Ол адамзаттың қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерістердің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастыру жолдары, қазіргі заманғы сан түрлі саяси идеалық көзқарастар, саяси сананың дамуы туралы, дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Ол өткендегі және қазіргі саяси жүйелерді, адамдардың санасындағы, көзқарасындағы, мақсат-мүддесіндегі және мінез-құлық, іс-әрекетіндегі саяси өзгерістерді қарастырады. Ал, бір жағынан жиналған деректерді қорытады, екінші жағынан, құбылыстардың өзара ұқсастығы бойынша болашаққа болжам жасайды.
Қорыта айтқанда саясаттану дегеніміз – саясат туралы, саясаттың адам және қоғам қарым-қатынастары туралы жинақталған ғылым. Ол саяси биліктің қалыптасуы мен даму заңдылықтарын, оның жұмыс істеуі мен пайдалануын, түрлері мен әдіс-тәсілдерін зерттейді.
Кез келген ғылымның зерттеу әдістері болады сондықтан саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән мағынасын түсініп білу үшін бірнеше әдістер қолданылады. Әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтады. Оларға салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік және т.б. әдістер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |