Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы



Дата04.10.2022
өлшемі16,18 Kb.
#151570
Байланысты:
Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы


Әлеуметтік жұмыстың тарихы мен теориясы
Әлеуметтік жұмыс – халықтың біреудің көмегін қажет ететін әлжуас топтардың әлеуметтік құқықтық, әлеуметтік технологиялық, әлеуметтік психологиялық, әлеуметтік тұрмыстық көмекті қажет ететін адмадарға көмек болып келеді. Яғни, әлеуметтік жұмыс – қолдау, қорғау, түзету және әлеуметтік оңалту арқылы адамдар мен әлеуметтік топтарға жеке және әлеуметтік қиындықтарды жеңуге көмектесуге бағытталған кәсіби қызмет. Оған жалғызбасты аналар, мүгедектер, зейнеткерлер, панасыздарға, психикалық ауруға шалдыққандарға көмек кіреді.
Негізінен әлеуметтік жұмыстың тарихы – 20 ғасырдың 30 жылдардың соңына таман әлеуметтік жұмыс бағыты бойынша мамандар даярлана бастады. 1931 жылы АҚШ-та Джеймс Адамс алғашқылардың бірі ретінде Нобель сыйлығының лауреаты атанды. Осы кезеңде әлеуметтік жұмыстың бастау алуы қайырымдылық көмек арқылы жүзеге асқан болатын. Әлеуметтік жұмыстың құрылуы 2-ші дүниежүзілік соғыстың алдында батыс елдерінде бекітілген. Сол арқылы сол жылдары Шығыс елдерінде пайда болды. Алғаш Израиль, Индия, Египетте пайда болды. 1956 жылдары Әлеуметтік жұмыскерлердің халықаралық федерациясы құрылды, сол кезде бұл социализімнің құлауына әкеп соқты. Сол арқылы әлеуметтік жұмыс кеңінен таралып бастады. Қазір Қазақстанда 10% қарттар, 14% балалар экономикалық белсенді емес топқа жатады. Ал 63% адамдар экономикалық белсенді топқа жатады.
Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасына келер болсақ көмек көрсету үрдісінің барысына айтарлықтай өзгеруіне алып келген эволюциялық даму факторлары 3 ке бөлінді. Эволюциялық макрофакторлар, эволюциялық мезофакторлар, эволюциялық микрофакторлар. Әлеуметтік жұмыстың теориясының негізін қалаушыларға: Алиса Соломон, Мари Гахери, Елизавета Фрай, Джеймс Адамс, Мэри Ричмонд жатады.
Мэри Ричмондтың пікірі бойынша әлеуметтік жұмыс дегеніміз бұл көмек көрсету өнері деп анықтайды. Әлеуметтік қызметкер мен клиенттің арасында көңілге қонбайтын жағдайға дұрыс ойды пайдалану өзара әрекеттің бір үдерісі болып келеді деп пайымдайды. 1930 – 1945 жылдары әлеуметтік жұмыстың теориясы Г. Гамгелтонның қызсетімен диагноз түсінігін кеңейту арқылы рәсімделді. 1961–1970 жылдары әлеуметтік жұмыс теориясы Германия мен АҚШ-та белсенді жұмыс істей бастады. АҚШ-та әлеуметтік жұмыстың 3 бағытта дамыды. Дәстүрлі әдәстердің теориялық дамуы, теория мен бір жүйеге біріктірілген кешенді даму және клиенттің ерекше топтарына әлеуметтік жақындықты өңдеу. Ал Германияда әлеуметтік жұмыста ресми емес мемлекеттік қызметтерді атқаратын және жекелеген ұйымдық қызметтер мен мемлекеттің барлық әлеуметтік потенциалынкүш қуат деп түсіндіру арқылы қызмет атқарады.
Қазақстандағы әлеуметтік жұмыстың тарихы кеңес үкіметті кезіннен бастау алады. 1918 жылы В.И Лениннің жарлығымен жергілікті басқару органдарына еңбекшілер үшін әлеуметтік жәрдем және қолдау көрсету мәселелерін құрастырды. Сол арқылы 1921 жылы әлеуметтік сақтандыру жүйесі қолданыла бастады. 1929 жылы әлемде ең алғаш КСРО үкіметі барлық еңбекшілерді еңбекке түрлі деңгейде қабілеттін жоғалтқан адамдарға, жұмыссыздарға әлеуметтік көмек көрсетуді заң жүзінде орнатты. Қазақстанда әлеуметтік жұмыс мамандығы 1993 жылы ашылып дами бастады.
Қазіргі кезде Қазақстанда әлеуметтік көмек нысандары бар. Олар: әлеуметтіік саясат, ғылым, құқық, тәрбие болып бөлінеді. Әлеуметтік жұмыстың негізгі бағыттары бар оларға: халық әлеуметтік көмек көрсетудегі әлеуметтік көмек көрсетудің, әлеуметтік қорғаудың жүйесін құрастыраудың тұрады. Қазақстан Республикасында әлеуметтік жұмысты жетілдіріп, оны ары қарай дамытуда көптеген мекемелер ашылып жатыр. Қазір әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарын дамытуда ол отбасыларға, балаларға, жасы ұлғайған қарттарға, мүгедектерге жалғыз басты аналарға әртүрлі қызметтерді көрсетіп әртүрлі әдістер арқылы жүзеге асыруда. Мысалғы әлеуметтік-медицина, әлеуметтік-педогогикалық, әлеуметтік-тұрмыстық әдістер арқылы көмек көрсетуде. Әртүрлі әдістер арқылы қоғамдағы әлжуас топтарға тұрмыс мұктажын қанағаттандыруға байланысты яғни, азық-түлік, зат, ақшалай көмек, жеңілдік т.б көмектер көрсетіледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет