Әлеуметтік өзгерістердің бірнеше себебі бар. Бұл себептер мыналар: ғылыми жаңалықтар, техналогиялық жаңалықтар, ой-пікірлер, наным-сенімдер,халықтың артуы, мәдени өзара байланыс, соғыс, табиғи апаттар, тарихи оқиғалар т.б. • Әлеуметтік өзгеріс процесінде қоғам бірнеше әлеуметтік мәселелерді басынан кешіреді. Жаңалықтар әр уақытта онай жолмен қалыптаспайды және оған бейімделмейді. Өзгерістерге қарсы әлеуметтік қарсы тұру пайда болып тұрады. Өзгерістерге қолдаушылар мен оған қарсы шығушылар арасында қақтығыстар болуыда ықтимал. Әр өзгерістің өзінше шығыны болады. Болымды нәтижелермен қатар болымсыз нәтижелерде орын алып тұрады. Мысалы, автомобильдің пайда болуы қоғамда жылдам өзгеріске жол ашқаны белгілі: тасымалдау, сауда, өнеркәсіп т.б. сияқты бірнеше салада болымды нәтижелерге қол жеткізді. Бірақ, сонымен қатар, жол апаттары, экологияның нашарлауы т.б. сияқты болымсыз нәтижелер осы әлеуметтік өзгерістің жемісі.