Әлеуметтік психология


Әлеуметтік психологияның дамуының



бет12/24
Дата08.02.2022
өлшемі0,81 Mb.
#124878
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24
Байланысты:
ӘП-РК 50

Әлеуметтік психологияның дамуының алғышарттары негізінен басқа кез-келген ғылыми пәннің дамуына ұқсас, оның мазмұны, алдымен философия ғылымының қойнауында қалыптаса бастаған, бірте-бірте дербес ғылымға айналды, бірақ ол процесс тікелей емес, басқа екі ғылым арқылы (социология мен психология) іске асырылды.
Американ зерттеушісі О.Клейнбергтің көрсетуінше, әлеуметтік психологияның көптеген проблемалары ежелгі философия жүйелерінде пайда болған.
Әлеуметтік психологиялық түсініктердің негіздері ертедегі грек еліндегі ғұлама ғалымдар Платонның «Республика» еңбегінде, Аристотельдің «Саясат» және «Этика» еңбектерінде қаланған. Әлемнің екінші ұстазы саналған ежелгі түрік елінен шыққан Әл-Фараби бабамыз өзінің «Қайырымды қала тұрғындары» деген еңбегінде былай деп жазған: «Адам өзінің табиғатына сәйкес өмір сүруі, дамуы және жоғарғы дәрежеге жетуі үшін көптеген заттарды қажет етеді, оларды жалғыз өзі тауып ала алмайды, ол үшін адамдардың қауымдастығы қажет».
Жаңа заман философиясында (ХУ-ХУІІғ.ғ.) Гоббс, Локк, Гельвеций, Руссо, Гегельдерді атап кету қажет.
XIX ғ. орта тұсында, қоғамдық процестерге қатысты көптеген ғылымдар дамуында айтулы прогресс болды. Бұл кезеңде тіл білімі қарқындап дамыды. Осы кезеңде Европада капитализмнің дамуына байланысты, әр түрлі елдер арасындағы экономикалық қатынастар көбейіп, халықтар миграциясы белсенді бола түсті. Тіл арқылы қарым-қатынас жасаудың, басқа халықтың психологиялық ерекшеліктерін ескеру проблемалары туындады. Бұл проблемаларды шешу жалғыз тіл білімінің қолынан келмеді.
Сонымен бірге, осы кездерде антропология, этнография, археология ғылымдарында көптеген деректер жинақталынып, оларды түсіндіруде де әлеуметтік психологияның көмегі қажет болды.
Американ антропологы Э.Тейлор алғашқы қауымдық құрылыс мәдениеті туралы еңбегін тамамдады, этнограф және археолог Л.Морган америка үндістерінің тұрмысын зерттесе, француз ғалымы (социолог жөне этнограф) Леви-Брюль алғашқы қауымдық құрылыстағы адамдардың ойлау ерекшеліктерін зерттеді.
Бұл кезеңдегі психология, негізінен, индивидтер психологиясы тұрғысынан қалыптасқан еді. Адамның мінез-құлқын түсіндіруде психологияны қайта қарастыру бағдарламасы енді ғана дами бастады.

  1. Қазіргі әлеуметтік психологиядағы необихевиоризм.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет