1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заң жарық көрді.
Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметтері бойынша 2010 жылы Қазақстанда 1,6 млн зейнеткер тіркелген. Осы 2010 жылы зейнетақының төменгі көлемі - 18 325 теңгені, орташа деңгейі - 27 481 теңгені құрады.
Әлеуметтік қорғау саясатының бір тармағы – халықты жұмыспен қамтудағы кепілдіктер еді. Мәселені шешу жолындағы маңызды кезең – Жол картасы бағдарламасы болды. Бағдарлама елдегі жұмыссыздықты азайту жолындағы бірден-бір мүмкіндік болды. «Жол картасы» шеңберінде жүз мыңдаған адамдар қайта даярлықтан өтіп, 400 мыңға жуық жұмыс орны ашылды. Президенттің «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы өз нәтижелерін берді.