Әлеуметтік-саяси білім модулі



бет2/3
Дата09.04.2022
өлшемі78,43 Kb.
#138571
1   2   3
Байланысты:
срс берекет №6

Философия дүниеге адамзат өркениеті қалыптасып жатқан шақта келгенді. Алғашқыда бұл пәнді Платонның Академиясы, Аристотельдің лицейінде оқытты, XIII ғ. бастап алғашқы университеттер ашылғаннан бері күні бүгінге дейін Жер бетіндегі әрбір елдегі жоғары оқу орындарында философия пәні оқытылып, одан емтихан тапсырылады. «Философиясыз жоғарғы білім жоқ», – деген пікір дүниеде кең тараған.



Философияның функциялары Философияның қызметі (функциялары) - философияның мақсат-міндеті мен арналуы іске асатын негізгі қолданылу салалары. Философияның негізгі функциялары мынадай: 1) дүниетанымдық; 2) методологиялық; 3) жүйелеу; 4) рационалдық; 5) аксиологиялық; 6) тәрбиелік-гуманитарлық; 7) сындарлы; 8) футурологиялық.

Философияның негізгі сұрағы. Философияның дәстүрлі негізгі сұрағы деп - ойлаудың болмысқа, болмыстың - ойлауға (санаға) қатынасы мәселесін айтады. Сұрақтың негізгі болуының мәні, маңыздылығы: адамның (философияның басты міндеті болып табылатын) қоршаған дүние және ондағы адам орны туралы тұтас білім жинақтауы, қандай сипаттағы жүйе құруын - дәл осы сұраққа беретін жауабына тікелей байланыстылығында. Материя және сана (рух) - болмыстың қарама-қарсы және ажырамас екі сипаты. Осыған байланысты философияның негізгі сұрағынан оның екі - онтологиялық және гносеологиялық жақтары туындайды. Философияның негізгі сұрағының онтологиялық (болмыстық) жағы: «не бірінші: материя ма, әлде, сана ма?» деген сұрақпен беріледі. Философияның негізгі сұрағының гносеологиялық (танымдық) жағының мәні - «Дүние таныла ма, әлде танымнан тыс па? Таным процесінде не бірінші?» - деген сұрақ.



Философияның негізгі сұрағына беретін жауаптарына қарай адамдар: 1)материалистерге; 2) идеалистерге; 3) дуалистерге бөлінеді.
Ойдың болмысқа қатынасы немесе рух пен материяның арақатынасы туралы мәселе – қайсысының алғашқы, қайсысының туынды екендігіне байланысты қалыптасқан. Рух, ойлау алғашқы, бастапқы, ал материя, болмыс туынды, екінші деп санайтын бағыт философияда идеализм деп аталады. Яғни, материалдық әлемнен идеяны бөліп алып, басымдылыққа шығарады.
«Идеализм» терминін 1712 жылы Платон философиясын бағалау кезінде Лейбниц енгізген болатын. Идеализмнің негізгі екі түрі бар: объективті және субъективті. Объктивті идеализмде, идея, рух шынайы, объективті өмір сүретін құбылыс. Оның көрнекті өкілдері – Платон мен Гегель болып табылады. Мәселен, Көне Грек ойшылы Платон әлемді шын және жалған дүние деп ажырата отырып, шын дүние мәңгі өзгермейтін, тұрақты идеялар дүниесі дей келе, материалдық дүние өзгермелі, тұрақсыз, ол тіпті ештеңеге сәйкес келеді деп тұжырымдайды. Кейіннен осындай танымнан әлемдік рух, әлемдік ақыл туралы түсініктер туындаған. Ал субъективті идеалистерде әлемдік құбылыстар мен заттар адам танымының нәтижесі, түйсіктердің жиынтығы, бәрі субъективті деген пікірді басшылыққа алады. Көрнекті өкілдері 18 ғасырдағы ағылшын философтары – Д.Юм мен Дж Беркли. Мәселен, олар уақыт пен кеңістік субъективті, яғни, адам санасында ғана деп түсінеді: денелердің бірінен соң бірінің орналасуы бізге кеңістік сияқты, құбылыстардың бірінен соң бірінің өтуі – уақыт сияқты болып көрінеді деген сияқты пікірлерін ұсынады.
Ал материализм бұған керісінше әлемнің материалдық бастауын басымдылыққа шығара отырып, рух пен сана сол дүниені тануға бағдарланған және одан кейінгі деп тұжырымдайды. Осылайша дүниенің материалдығына басымдылық береді. Материализмнің мынадай түрлері бар: 1) физикалық материализм – материяны соңғы физикалық шындық ретінде таниды; 2) Биологиялық немесе физиологиялық материализм - материалдық пен материалдылық еместің айырмашылығын сақтамайды; 3) этикалық – жеке дара материалдық емес құндылықтарды жоққа шығара отырып, пайдалы жетістіктерді ғана мойындайды; 4) Диалектикалық – диалектиканың қағидаларын негізге алып, оны материалистік тұрғыдан түсіндірді; 5) тарихи – материализм қағидаларын ұстанып, оны қоғамның даму жағдайына қарай сәйкестендіріп пайдаланады.
XIX ғасырда О.Конт негізін салған позитивизм ағымында бұл мәселелер, мәңгі шешілмейтін метафизикалық, жалған түйіткілдер деп табылды да, философиялық ойдың негізгі мәселесі мағынасыз деп түсіндірді. Бірақ олар әсіресе, рационализм, идеализм, спиритуализм сияқты ағымдарға қарсы шықты.
Дүниеге көзқарас және оның тарихи формалары Адам басқа тіршіліктерге қарағанда ерекше пенде: ол өзін бүкіл дүниеден бөліп алып, оған қарсы қоя алады. Менің осы дүниедегі орным қандай? Мен бұл өмірге не істеу үшін келдім? Адамды Құдай, я болмаса «Ұлы мәртебелі Табиғат» неге жаратты? Бұл дүниені адам танып, түбіне жете алар ма екен? Мені айнала қоршаған табиғат неге шексіз, әртүрлі және сондай әсем? Ертең-ақ бұл әсем дүниені өлер шағымда қалайша қиып кетемін? Егер мен бұл дүниеге уақытша ғана келсем, онда бұл өмірдің мәні неде? Міне, осындай және мыңдаған басқа сұрақтар адамның ойына оқтын-оқтын келеді. Әрбір адам өзінің ой өрісі, өмірден алған тәжірибесі, жалпы мәдениетінің деңгейіне қарай бұл сауалдарға жауап беріп, дүниеге деген өзіне тән көзқарас қалыптастырады.
Қорытынды


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет