Елі қадірлеген Қадыр



Дата17.06.2018
өлшемі27,14 Kb.
#43011



Елі қадірлеген Қадыр

Әдеби кеш




Сыныптан тыс жұмыс




Бүркітбаева Гүлшат Бөкейқызы








Елі қадірлеген Қадыр.

Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған әдеби кеш.

Мақсаты: Қ. Мырза Әлидің өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы танымдарын кеңейту. Оқушылардың мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. Қазақ әдебиетіне, ақынның шығармаларына деген қызығушылықтарын ояту. Дарындылықты, ақындықты қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: тақырып, ақынның суреті, ақын туралы қанатты сөздер, ақынның кітаптарының атаулары, өмірінің кезеңдері жазылған плакаттар.

Сыныптан тыс жұмыстың барысы:

  1. Ұйымдастыру: Оқушыларды отырғызу, мұғалімдерді қарсы алу.

  2. Мұғалімнің сөзі: Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі «Елі қадірлеген Қадыр» атты Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығына арналған әдеби кешімізге қош келдіңіздер.

Қазақ әдебиетінің тарландарының бірі – Қадыр Мырза Әли қазақ елі үшін, қазақ әдебиеті үшін өшпес із қалдырған ақындардың бірі де бірегейі. Қадыр ақын сүйікті оқырмандарына халқының қазақы қасиеттерін, тектілігін, тазалығын ту еткен туындылар ұсынды. Ақын өзі туралы былай деп жырлаған болатын:

Бәрін тез-тез болады деп кім күткен,

Күндер өткен жұлдыз жауар түндіктен.

Мырзалының

Үміт артқан өлгенше

Үш ұлынан жалғыз еркек кіндік мен.

Жүз демейін-

Түсінеді жөнді ұққан.

Жалғыз едім мен бір ірі сондықтан.

Жалғыз едім өспей қойған атадан.

Жоғалуға қақым жоқ-ты сондықтан!

Ағайын жоқ ертелі кеш аңдыздар,

Бар аздаған ойнамайтын балдыздар.

Бар аздаған жолдастарым

Достарым,

Олар да сол: Мен секілді жалғыздар.

Әлі айтпақшы.

Жарқылдаған жарым бар,

Үш балам бар,

Құдай берген дарын бар.

Момын да емен көне кетер қорлыққа,

Асау да емен ала қашып арындар.

Өлең жаздым тоғыз тарау,

Жеті өрім.

Сездім соның жүректерге жетерін.

Жалғызбын деп

Жанға нөкер болмадым,

Өзімнің де болған емес нөкерім.

Сөйледім бе,

Сөйлемейтін бекерге,

Ақылымды алмасын тек кетерде.

Жағаласпай тыныш жүрсем,

Әлі де

Жаман жүрек жарап қалар лекерге!



Жас алып тұрып көзіме,

Жырлаймын, жерім, құп алсаң.

Түсемін тамып өзіңе,

Тола алмай тұрған көл болсаң.

Алысқа тағдыр әкетіп,

Амал жоқ егер шет қонсам,

Тиемін саған лап етіп,

Тұтанбай тұрған от болсаң.

-Енді ақын өміріне шолу жасайық:

1-оқушы:

Қадыр Мырза Әли 1935 жылы 5 қазанда Орал облысы Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған «Балдырған» журналынан бастаған.



2-оқушы:

1962-1965 жылдары «Жұлдыз» журналында поэзия және сын бөлімін басқарды. Жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары болды.



3-оқушы:

1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, кейін Қазақстан жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған. 1993 жылдан «Балауса» баспасының директоры болды.



4-оқушы:

Тұңғыш туындысы 1954 жылы «Пионер» журналында жарияланды. Содан бері 40-тан астам жыр жинақтары мен әдеби-сын, ән өлеңдері мен прозалық кітаптары шықты. Кітаптары: «Көктем» (1959), «Данышпан» (1961), «Сабақ», «Ой орманы» -1965, «Дала дидары»-1966, «Бұлбұл бағы»-1967, «Ақ отау»-1968, «Күмісқоңырау»-1970, «Домбыра» «екі кітап -1971-7974), «Кеш»-1973, «Жерұйық»-1976, «Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Алақан»-1981, «Саз сиқыры»-1982, «Күндер-ай»-1984, тоқсаныншы жылдары таңдамалы шығармаларының бес томдығы, ал2001 жылы «Қазығұрт» баспасынан 15 томдығы шыққан. Екі жүзге жуық ән мәтіндерін жазған.



5-оқушы:

Балаларға арналған шығармалары: «Жаңғалақтар»-1960, «Данышпан»-1961, «Ноян қоян»-1962, «Алуан палуан»-1963, «Сабақ»-1964 жылдары шыққан.



6-оқушы:

Өлеңдері ағылшын, француз,неміс, болгар, фин т.б. көптеген тілдерге аударылған. Ол Овийдің, Румидің, Гейненің, Гюгоның, Лермонтовтың, Есениннің, Расул Гамзатовтың, Межелайтистің, Петифидің т.б. жырларын қазақшаға аударған. Орыс тілінде «Ұйқысыз түндер», «Ақ отау», «Бұлбұл бағы», «Дала дидары», «Сабақ», «Алақан», «Домбыра», өзбек тілінде «Алақан», әзірбайжан тілінде «Бұлбұл бағы», монғол тілінде «Шымыр жаңғақ» сияқты кітаптары басылды.



7-оқушы:

1966 жылы «Ой орманы» жинағы үшін Қазақстан Ленин комсомолының сыйлығы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. Қазақстанның Халық жазушысы, Қазақстан Республикасының Әнұранының авторларының бірі. 2001 жылы тәуелсіз «Тарлан» сыйлығын алды. «Парасат» орденінің иегері.



Мұғалім:

Ақындық жолын балалар журналынан бастаған Қадыр ақын өмір бойы балаларға арнап жыр жазды. Сіздердің алдарыңызда «Балдырған» журналының ақынның балаларға арналған өлеңдері басылған сандары тұр. Қазір осы өлеңдерден бірнешеуін тыңдап көрелік.



Диас:

Мейірбек: «Жұмыстың жылуы»

Мұғалім:

Тамылжыған сыршыл әннен сан қилы,

Кең даламның жұпар иісі аңқиды.

Қуат алам сырға толы әуеннен,

Жан дүниеге шуақ төккен әуелден.

Қадыр Мырза Әлидің өлеңдеріне 200-ден астам әндер жазылған. Солардың бірі Ш.Қалдаяқовтың әні «Сыған серенадасы».



8 класс оқушылары - Жұлдызай мен Алтынай.

Мұғалім:

Қадыр ақынның өлеңдерінен нағыз қазақ, нағыз елжанды азамат екендігін танимыз. Ана тілін, туған тілін ардақтау қай ақынға болса да біткен ұлы қасиет десек те, Қадыр ақынның ана тілді жырлауы өте ерекше десек қателеспейміз.



Аяжан:

Ана тілің біліп қой,

Еркіндігің, теңдігің.

Ана тілің біліп қой,

Мақтанышың, елдігің.

Ана тілің –арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Мұғалім:

Қадыр Мырза Әли - табиғаттың тылсым сырын да, өмірдің шырғалаң жолын да адам жанына, тереңге үңілдіре жырлаған ақын. Ол туралы Зейнолла Қабдолов: «Асылы, адам әдебиетке сұлудың бұрымындай өрілген екі мақсатпен келеді: бірі-өзінен бұрын ешкім айтпағанды айту; екіншісі –өзге ешкімге ұқсамай, тек өзінше айту. Осы екі мақсат орындалған жерде ғана шын мәніндегі әдеби туынды бар.

Енді турасына көшсек, қазақ поэзиясында осы ғасырдың орта тұсынан өте бере келіп, соңғы отыз жылда тек қана өзіне тән өзгеше пішінін тапқан шын мәніндегі шынайы талант екеу болса-бірі, біреу болса-өзі-Қадыр Мырзалиев.

Демек, қазіргі қазақ поэзиясын көп дауысты, қуатты оркестр десек, мұның құрамындағы Қадыр музыкасының қайталанбас өз үні, машығы мен мәнері, айшығы мен өрнегі бар. Қадыр лирикасының сыңғыры бөлек, сыры терең» деген еді.



Гүлназ: «Кәрі қыран».

Мұғалім:

Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың, рухтанасың, жігерленесің. Бірде бала, бірде дана боласың, сүйсінесің, тамсанасың, күй тартқандай боласың, халқымыздың бүкіл болмысы көз алдыңа келеді. Ұлтыңның асыл қасиеттерімен, құндылықтарымен қаруланасың.

Жайлауың болар жеріміз.

Төсегің болар төріміз

Білгіңіз келсе қазақты

Қонағы болып көріңіз.

Төгілген қан мен теріміз.

Туыстық бізде еріміз

Білгіңіз келсе қазақты

Тегіне тиіп көріңіз.



Сұлтан: «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру».

Мұғалім:

Қадыр Мырзалиев шығармашылығында Отан, ел, туған жер тақырыбының орны бөлек.

Қадірлі ақын Қадырдың!

Елге қымбат қадірі.

Сенен басқа ақын жоқ.

Елдің ойлар тағдырын!



6 класс «Жігіттер» тобы «Өз елім».

Мұғалім:

Ақын өлеңдеріне Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев сияқты қазақтың дарынды сазгерлері әндер жазды.

Сүйемін мен қазақ әнін әдепті,

Бала күннен үйреткен жақсы әдетті.

Асыл қазына жатқан жоқ па әр әнде,

Киелі одан ешнәрсе жоқ әлемде.



6 класс: ән «Тамаша»

Сөзі Қ.Мырзалиевтікі, әні Теміржан Базарбаевтікі.



Мұғалім:

Біз бүгін Қадыр Мырза Әли шығармашылығына тоқталдық. Өлеңдерін жатқа оқып, әндерін шырқадық, өміріне шолу жасадық. Енді сіздермен сөзжұмбақ шешейік.



Сөзжұмбақ «Қадыр Мырза Әли»


Қ



а



д



ы



р



М



ы



р



з


а



Ә



л



и




  1. Қадыр ақын қай айда туған? (қазан)

  2. Ақын қай облыста туған? (Орал)

  3. Ақынның 1961 жылы шыққан кітабы? «Данышпан»

  4. Еңбек жолын бастаған журналы? «Балдырған»

  5. Тұңғыш туындысы қай журналда жарияланды? «Пионер»

  6. 1971-1974 жылдарда шыққан екі кітабы? «Домбыра»

  7. Өлеңі аударылған тілдердің бірі? (ағылшын)

  8. Ақын қай орыс ақынының өлеңдерін аударды? (Лермонтов)

  9. 1962-65 жылдарда қандай журналда жұмыс істеді? «Жұлдыз»

  10. 2005 жылы қандай орденмен марапатталды? «Парасат»

  11. Қ.Мырзалиевтың сөзіне жазылған «Сыған серенадасы» әнін жазған сазгер? (Шәмші)

  12. Қандай факуольтетті бітірген? (филология)

Мұғалім:

Осы кеште жайқалып «Бұлбұл бағы»

Әсем әуен құлақта сыңғырлады.

«Ой орманын» тынымсыз кешкен ақын

Жырдың кенін тереңнен бұрғылады.

Кең жайлауға тікті де ол «Ақ отауын»

Жарқын жүзбен қарсы алды дала таңын.

Мен де осындай «Даланың дидарына»

Ғашық көзбен қарауды жаратамын.

Қадыр Мырзалиевтей дара талантқа ғана айтылатын бағаның салмағын ешбір сөзбен жеткізе алмайсың... Қадыр елі, қадыр жері – қадыр жырларын ешқашан ұмытпаймыз. Кешімізді халқымыздың екінші әнұранына айналып кеткен сүйікті әніміз «Атамекенмен» аяқтаймыз.

Ән «Атамекен»

Сөзі Қадыр Мырзалиевтікі



Әні Ескендір Хасанғалиевтікі.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет