Әліппе Сабақтың тақырыбы: Елбасы. Еліміздің рәміздері. Сабақтың мақсаты



Дата15.12.2016
өлшемі113,61 Kb.
#3861
Әліппе
1.Сабақтың тақырыбы:Елбасы. Еліміздің рәміздері.

Сабақтың мақсаты:Әліппе оқулығының авторларымен таныстыра отырып, нені оқып, білетініміз жайлы мағлұмат беру. Елбасы, еліміздің рәміздері туралы түсінік беру.

Н. Ә.Назарбаев сөзімен таныстыру.Мектеп ішінде жүріп –тұру ережесін үйренуге баулу.



Сабақтың көрнекілігі: Елбасы-Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті.Мемлекеттік рәміздер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Оқушыларды партада отыруға, мектеп тәртібіне үйрету.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. Әліппе кітабы туралы мағлұмат бару.2. ҚР-ның президентінің сөзімен таныстыру Айналайын!

Қолыңдағы әсем кітап «Әліппең»-аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың. Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын!Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ.Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі жақсы азамат болып өсетініңе сенемін.

Қазақстан Республикасының президенті: Н. Назарбаев.

Қорытындылау: Балалар, біз бүгінгі сабағымызда не жайында білдік? ҚР-ның рәміздерін атап көрейік.Әнұранның сөзімен таныстыру. Әнімен айтып беру.

2. Сабақтың тақырыбы: Мектеп

Сабақтың мақсаты :Білім күні. Айналамен таныстыру.Ынтымақ, достыққа, үлкенді сыйлауға еңбек ете білуге өз отбасына, туған жеріне құрмет көрсетуге баулу.

Танымдылық қабілетін арттыру,түсінігін баяндай білуге,ойланып тиянақты жауап беруге баулу.



Сабақтың көрнекілігі: мектеп, сынып туралы суретттер.

Сабақтың әдісі: Сұрақ –жауап, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны:

І .Ұйымдастыру: Оқушыларды партада отыруға, мектеп тәртібіне үйрету.

ІІ. Мақсат қою: тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа сабақ: 1. «Білім күні» мұғалімнің кіріспе әңгімесі.

Оқушы білімін тиянақтау.-ҚР-ның президенті кім?-Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?-ҚР-ның рәміздерін ата.

Әліппедегі шартты белгілермен таныстыру:дыбыс,дауысты дыбыс,дауыссыз дыбыс,

сөз,сөздің буынға бөлінуі,сөйлем



ІҮ. Жаңа сабақтан түсінгенін тексеру кезеңі:-Назарбаев кім?-Көрсете отырып, шартты белгілерді атату.

Ү Бекіту кезеңі: Міне, балалар,біз сендермен бүгінгі сабақта білім күні туралы мағлұмат алдық. шартты белгілермен таныстық.. Әліппе кітабымыздан нені үйренетінімізді білдік.

3.Сабақтың тақырыбы: Оқу құралдары

Сабақтың мақсаты: Оқу құралдарымен таныстыру.Жыртпай таза ұстауға, яғни ұқыптылыққа баулу.Танымдылық қабілетін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Оқу құралдары

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны:



І .Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:

а) Оқу құралдарымен таныстыру.1. дәптер, қалам 2. Сызғыш, өшіргіш 3. Пенал портфель 4. Бояу ә) Оқу құралдарды қалай пайдаланамыз? б) Кезекші не істейді?

Сергіту сәті

ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.-Балалар, кәне кім оқу құралдарын атап береді? -Дәптер не үшін керек? -Қандай дәптердің түрлерімен таныстық?-Пенал деген не?

-Оқу құралдарын неге салып тасимыз? -Бояумен не істейміз?



Ү. Білімді бекіту:Біз оқу құралдарына құрметтей қарауымыз керек екен.

Біл олардың көмегі арқылы білім аламыз. Оқулықтарды жыртуға, құртуға болмайды.

Оқушы туралы өлең жаттау.

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді денемді.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

ҮІ .Сабақты қорытындылау: Оқу құралдары сенің көмекшің. Сондықтан оқулығыңды ұқыпты ұста.
4.Сабақтың тақырыбы: Мектептің спорт алаңы.

Сабақтың мақсаты: 1. Спорт түрлерімен таныстыру. Спорт зал,спорт ойын өткізу тәртібімен таныстыру. 2. Салауаттылыққа баулу.3. Спорт оындарына қызығушылығын арттыру.

Сабақтың көрнекілігі: Доп, хоккей ойынына қажетті заттар.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңа білімді меңгерту:а) Спорттың қандай түрлерін білесіңдер?

ә) Серуенге алып шығу.(мектебімізде спорт алаңы, спорт залы)

Сергіту сәті: б) Денені шынықтыру денсаулыққа пайдалы екеніне тоқталу.

Ерте тұрып ертеңгілік жаттығу жасау керек екенін айтып, дағдыға айналдыру.

в) Өткен олимпияда жайында мағлұмат беру.

ІҮ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру. Біз қандай спорт түрлерін білеміз?

Олар қандай жерлерде өтеді? Спортпен шұғылданған адамның денсаулығы қандай болады?



Ү. Білімді бекіту: Балалар, бүгін біз сендермен спорт жайында танысып, білдік. Бұдан былай денсаулығымыз күшті болу үшін спорттың әр түрімен айналысуымыз керек.

ҮІ.Сабақты қорытындылау: Спорт алаңында өткізілетін қандай спорт ойындарын білесіңдер?

5. Сабақтың тақырыбы: Күн режимі.

Сабақтың мақсаты 1. Күн режимі. Тамақтану мерзімі туралы түсінік беру.

2. Салауаттыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиетті бойына сіңіру. 3. Сана сезімін ояту,ой-өрісін дамыту.



Сабақтың көрнекілігі: суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны.

І. Ұйымдастыру: Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ .Өткенді еске түсіру.Уақыт, мезгіл туралы.

ІІІ .Жаңа сабақ:а) 12-беттегі сурет бойынша әңгіме.ә) 13 бет. Қыз баланың бір күнгі іс-әрекеті туралы айтып беремін.б) Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды атату.

Жеке бас гигиенасына қажетті заттарды дұрыс пайдалануға үйрету.Таза ауаның денсаулыққа пайдасы туралы түсінік беру.в) Оқушыларды мектеп асханасымен таныстыру. Дастархан басында өзін-өзі ұстау. Мәдениетті, тазалықты сақтау.Тағамдардың құндылығы .оны талғаммен пайдалану туралы түсінік беремін.

Сергіту сәті.

Бір, екі үш Бір,екі үш

Бұлшық етте күш.

Мен ұшамын кептерше

Еңкейемін жерге қолым жеткенше.

д) Әдептілік және әдемілік кітапшасынан «Дастархан басында»әңгімесін оқып беру.е) Дәптермен жұмыс: Қоңырау, алмұрт, алма сөзіне сөйлем құрату. Сыртын қоршап сызу.



Сабақты қорытындылау: Біз бүгін сендермен нені білдік?
6.Сабақтың тақырыбы: Менің бос уақытым.

Сабақтың мақсаты: 1. Бос уақыт туралы түсіндіру. 2 Еңбекке баулу

3 Оқуға деген ынта жігерін арттыру, еңбекке деген қызығушулығын ояту.



Сабақтың көрнекілігі: Суреттер.

Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың мазмұны:

І. Ұйымдастыру: Түгендеу, партаға дұрыс отыру. Сабаққа назарын аудару.

ІІ. Өткенді еске түсіру.-Сендер мектепке қай уақытта келесіңдер?-Сабақ қашан бітеді?

-Таңертең, түс, кеш сөздері арқылы біз нені білеміз?



ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жаңа білімді меңгерту: -Енді бүгін боса уақатымыз жайлы әгімелесіп көрейік.Сендер бос уақыттарыңда не істейсіндер?

Ү Оқулықпен жұмыс: (сурет бойынша әңгіме.)-Балаларға ат қойғызу.-Айнұр, Асхат-Айнұр мен Асхат бос уақытында не істеді?- Әсем мен Айша не істеді?-Ернат ше?-Айбек бос уақытында немен айналысады екен?

ҮІ. Жаңа білімді түсінгенін тексеру.

Балалар, бүгін біз бос уақытымызды қалай өткізетінімізді айтып көрейікші.

Өздерің бос уақыттарың жайлы айтып беріңдер?

ҮІ І.Сабақты қорытындылау: Бүгінгі сабақта нені білдік?

Ана тілі
1сабақ.

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу. Сөйлеу үшін не қажет ?

Көзге көрінбейтін бала

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Сөйлеу мәдениетіндегі тіл қызметі ана тілінің құдіреттілігі туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Оқушылардың ана тілінде сөздік қорын қалыптастырып, есте сақтау,ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Ана тілін құрметтеуге, оны шұбарламай таза сөйлеуге тәрбиелеу. Оқушылардың патриотттық сезімін қалыптастыру
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың түрі: аралас
Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: оқулық, дәптер, сурет,
Сабақта пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап, әңгіме.
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу.Оқушыларды түгендеу Оқушылардың дайындығын тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.


II.Мақсат қою кезеңі

-Балалар , біз сендермен 1 кезең «Әліппе кезеңін» аяқтап бүгін сендермен

2-кезең «Ана тілі кезеңімен» таныс боламыз.
III. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

-Бүгінгі өтетін жаңа тарау «Сөйлеу».

-Балалар, сөйлеу не үшін қажет?

Сөйлеуде тіл қандай қызмет атқарады?

Бүгінгі өтетін тарау бастамасы «Көзге көрінбейтін бала».
Сергіту сәті

1-жаттығу.Мәтінмен жұмыс.

а) Мұғалімнің оқуы.

ә) Оқушыларға мәтінді кезектестіріп оқыту.

б) Мәтіннің мазмұны талданады.

1. Мәтінде кім жайлы айтылған?

2. Апасы не себепті Үсенге үндемеді?

3.Үсен неліктен көрінбейтін бала болғысы келмеді?

4.Үсен әдепті баланың қатарына қосылды ма?
Сөздік жұмыс:

Лезде-тез арада, жылдам.

Білімді тиянақтауға арналған оқулықтар тыс грамматикалық тапсырмаалар:

1.Оқушылар сюжетті суретке қарап, әңгіме құрастырады.

2.Өздік диктанты. Жақшадағы сөздерді сөйлем мағынасына қарай өзгертіп жазу тапсырылады.

Арман мен Досжан (телефон)ұзақ сөйлесті.

Әжесі немересіне(арыстан мен түлкі) ертегі айтып берді.
IV.Жаңа материалдар бойынша түсінгендерін зерттеу кезеңі

-Балалар,сөйлеу қалай жүзеге асырылады?

-Дұрыс .

Сөйлеу тіл арқылы жүзеге асырылады.

Ал енді мына суретке мән берейік.суретте не көріп тұрмыз?

-Кім маған сурет бойынша шағын әңгіме құрап береді?


V.Сабақты қорыту:

-Балалар, біз сендермен қандай жаңа тарау бастадық? Сөйлеу не үшін керек? -Өзің айтқың келген пікіріңді, тілегіңді өзгелерге қалай білдіресің?


VI. Үйге тапсырма. Ертегі Көзге көрінбейтін бала. Оқу, түсінік айту.

VII. Бағалау.

Ана тілі
2сабақ Күні:10.01.14 ж

Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу. Мақалды түсініп оқы.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тіл мен сөйлеу туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Оқушылардың ана тіліне деген сүйінпеншілігін,оқу және жазу дағдысын қалыптастыра отырып дамыту.
Тәрбиелік: Әдептілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру .

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет,қима қағаз

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер; сұрақ-жауап,

Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, сынып бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.


II.Үй тапсырмасын сұрау

-Балалар , кім айтады үйге қандай тапсырма берілді?

-Көзге көрінбейтін бала мәтіні бойынша әңгімелеу

-Сөйлеу не үшін керек?

-Тілдің қызметі қандай?
IV. Жаңа сабақ .

Балалар,бүгінгі біздің сабағымызға ертегі кейіпкерлері Мақта қыз бен мысық келіпті. Бірақ екеуі әлі күнге дейін өзара дауларын шеше алар емес,қане, біз көмектесейікші. Ол үшін үш төртбұрышта жасырын жазылған жұмбақты шешейік:

Өзі үлкен жануар,

Үстінде үлкен тауы бар . (Түйе)


Үсем, үзілмейді,

Терсем, терілмейді. (Із)


Тастан-тасқа секіреді,

Қалқиып қос құлағы.

Ойын болып көкірегі,

Аула оның тұрағы. (Лақ)


-Қане, балалар, жұмбақтың шешуінің бастапқы әріптерінен қандай сөз шықты, хормен дауыстап айтып көрейікші.

-Тіл деген сөз шықты

-Олай болса, балалар, жұмбақты шешіп, Мақта қыз бен мысыққа үлкен көмегіміз тиді.


Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкене ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.
VI. Жаңа материалды пысықтау

2-жаттығу.Мақалды түсініп оқып көшіріп жазамыз.

Тіл қаруы-- сөз,

Сөз қаруы- ой.

3-жаттығу.

-Жан- жануарлар,жәндіктер қалай дыбыстайды?

Түйе боздайды. Ешкі бақырады. Арыстан ақырады. Қасқыр үлиды. Үйрек барқылдайды. Қаз қаңқылдайды. Тауық қыт-қыттайды.Әтеш шақырады.Инелік тызылдайды. Шегіртке шырылдайды.
4-жаттығу Жұбақты шешуін тауып, көшіріп жазамыз.

Тілі жоқ өзінде,

Сөзі бар ізінде.

/Қалам./
VII. Сабақты қорыту: Сөйлеу үшін не қажет?



Мақал не туралы айтылған?
VIII. Үйге тапсырма : Мақалды жаттау. 4-жаттығуды орындаймыз
IX. Бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет