«Элита» термині француз тілінен elite – іріктелген, таңдалған деп аударылады. 17 ғасырдан бастап, бұл термин таңдалған, атақты, жоғары мәртебелі адамдарды атауға қолданған. Элита теориялары



бет2/2
Дата08.02.2022
өлшемі23,69 Kb.
#124018
1   2
Байланысты:
соц семинар 10

Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын “Cаяси ғылым негіздері” деген еңбегінде негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен басқарылушыларға бөлінеді деді. Оған ұйтқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызды. Осы үш қасиет , оның ойынша, адамға басқарушылар ( элита ) қатарына кіруге жол ашады.
«Элита» терминін ғылымға алғаш енгізген Вильфредо Парето (1848-1923). Ол бойынша элита билік басына алдыңғы қатарлы идеяны ұсынуның арқасында келеді. Ол идея жүзеге асқанда олардың энергиясы азайып, ізденісі баяулай бастайды. Олардың орнына жаңа идеямен жаңа элита билік басына келеді. Мұндай алмасу қоғамда әрқашан болмақ. Яғни, бір элита екіншіні алмастырып, жаңарып, қоғамды алға жылжытып оытрады.
Гаэтано Моска (1854-1941) элита теориясын негіздеді. Онда ол қоғам басқарушылар мен бағынушыларға бөлінеді деді. Оған ұйытқы болатын қасиеттерге әскери ерлікті, байлықты, діни дәрежені жатқызады.. Осы үш қасиет адамға басқарушылар қатарына енуге жол ашады.
Саяси элита дегеніміз қоғамда билікті, байлықты және танымалдылықты иеленген жоғарғы топ. Қоғамның екіге басқарушыларға және бағынушыларға немесе элита мен бұқараға бөлінуі табиғи нәрсе, оған әсер еткен бірнеше факторларды айта кетуге болады. Олар:
Еңбектік бөлінуі;
Әлеуметтік құрылымның иерархиялы түрде болуы;
Басқарушы қызметтің жақсы сипатты иеленуі;
Көпшіліктің билікке, саясатқа қызықпауы.
Саяси элита бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
Жоғарғы элита;
Ортаңғы элита;
Әкімшілік элита.
2. Саяси элита әр түрлі келеді. Сондықтан ол жіктеледі, топтастырылады. Билікке иелігіне қарай басқарушы және оппозициялық элита деп бөледі. Басқарушы элита деп мемлекеттік билікке ие, маңызды саяси шешімдерді кабылдаушыларды айтады. Олардың катарына ене алмай қалған, бірақ сол үшін күрес жүргізетіндер билік басындағылардың іс-әрекетін сынап, ол қылықтарын тауып, қателіктерін көрсетеді. Оларды оппозициялык немесе контрэлита деп атайды. Саяси элитаның жаңару, қайта жасақталу тәсіліне сай ашык және жабық элита деп бөледі. Ашық элитада барлық әлеуметтік топ өкілдеріне есік ашық. Жабық элитада ол белгілі бір таптан, тектен шыққандармен ғана толықтырылады. Мысалы, гильдия жүйесі.
3. Саяси қызметтің ажырамас компоненті саяси көшбасшы болып табылады, себебі кез-келген саяси белсенді топ өздерінің ортасынан басшылар тобын алға шығарады.
Саяси көшбасшылықтың табиғаты барынша күрделі және оның түп-тамыры ғалым-ойшылдардың, консульдар, императорлар, корольдер феноменін зерттеп білген алыс өткенде жатыр. Көшбасшылықтың феномені саяси психологиядағы ерекше мәселе. Оның ертеректегі теориясы «геройлар» теориясы деп аталады. Оның басқа да теориялары бар. Көшбасшылықтың саяси психологиялық типологиясын жасағандар мыналар: психопотологиялық типологияны Г. Лассуэль, саяси типтерін Д. Рисман, макиавеллилық теориясы, Президенттер типологиясы Д. Барбер және т.б. жасаған. Көшбасшылық феномені саяси психологиядағы ерекшелігі бар мәселе.
Көшбасшы («лидер» ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) – сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Көшбасшыға тән қасиеттер:

  • Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;

  • Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;

  • Бастамашылдығы;

  • Өзіне-өзінің сенімділігі;

  • Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;

  • Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;

  • Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.

«Саяси көшбасшы» категориясы саясат саласындағы адамдардың белгілі бір бірлестігіне басшылық ету бойынша қызмет процесін білдіреді. Көшбасшылық – ең алдымен қоғам мүшелері арасындағы қатынас, себебі көшбасшы әрқашанда қандай да бір әлеуметтік топтың немесе қауымдастықтың бір бөлігі болып табылады. Мұндай жағдайда көшбасшы белгілі бір қауымдастықтың мүддесі мен мақсатын тұжырымдау және білдіру құқы мен жауапкершілігінің белгілі бір көлеміне ие болады, оларды жүзеге асыру және барлық қауымдастықтың саяси процеске қатысуын ұйымдастыруда бастамашы болуға құқы бар.
Көшбасшының негізгі қызметі:

  • интегративтік, яғни халықтың белгілі бір бөлігінің мүддесін анықтау және саяси бағдарламаны жасау;

  • алға қойған мақсатты орындау үшін ұтымды шешімді табу және қабылдау қызметі;

  • билік органдарының қоғам мүшелерімен байланысын нығайту, қоғам мүшелерінің биліктен және басқарудан шет қалуын болдырмау қызметі;

  • бір жерге жұмылдырушы, яғни нақты міндеттерді шешуге көпшілікті ұйымдастыру, көпшіліктің әлеуметтік күш-қуатын, саяси мәдениетін және белсенділігін дамыту қызметі;

  • прагматикалық, яғни мақсат пен міндеттерді нақты әрекетке айналдыру.

4.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет