Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарында, әсіресе қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың шетелдік фирмалардың қатысуымен салынуына байланысты импорттық жабдықтар кеңінен қолданылады.
Бұл тарауда қарастырылатын жабдықтар, өз саласында жоғарғы әлемдік беделі мен көп жылдық жұмыс өтілі бар, Европалық қоғамдастық елдеріндегі компаниялармен өндіріледі.
Бұл фирмалар шығаратын барлық жабдықтар РФ сапа стандартына сәйкес сертификатталған және Европалық қоғамдастық елдерінің сапа стандартына сай (CG сәйкестік белгісі).
Әмбебап жетек электр қозғалтқыштан, реттегіштен және ауыспалы атқарушы механизмдер жиынтығынан тұрады.
қаптама; 5 —тұғыры; 6 —қағқасы; 7 — жылжымалы үстел
FHMH электр ет тартқыштары
Ет тартқыш сызықты, төмендетілген майлы реттеуішпен қамтылған. Оның барлық жұмыс элементтері:қаңқа, иірмек, реттейтін сақина, өздігінен қайралатын пышақтар, тот баспайтын болатты тор. 24 В төмен вольтты ауыстырып-қосқыш, желдеткіш қозғалтқыш, ол барлық модельдер үшін стандартты болып табылады. Бұл РФ қауіпсіздік стандарттарының талаптары болып табылады.
a- TS8; б - TS12; в - TI12;
TS8 электр ет тартқышы біржақты пышақ пен тордан жинақталады; TS12—TI12 және TS22—TI22 модельдерінде екі тор мен бір жақты пышақтар бар; TI32 машинасы екі екіжақты пышақтармен, кескіш, ортаңғы және сыртқы торлармен жабдықталады.
TS8 электр ет тартқышы біржақты пышақ пен тордан жинақталады; TS12—TI12 және TS22—TI22 модельдерінде екі тор мен бір жақты пышақтар бар; TI32 машинасы екі екіжақты пышақтармен, кескіш, ортаңғы және сыртқы торлармен жабдықталады.
Ет тартқыш толып қалулар мен бұғатталулар кезінде іске қосылатын қозғалтқыштың жылу қорғауышымен жабдықталған.
Жұмысты қайта қалпына келтіру үшін машинаны токтан толық ажыратып, толып қалу себептерін жойып, қозғалтқыш суығаннан кейін ғана жұмысты жалғастыру керек.
Етт артқышқа кез-келген санитарлық қызмет көрсету кезінде машинаның тоқтан ажыратылуына толық көз жеткізу керек. Машинамен жұмыс тек техника қауіпсіздігі ережесін өткен білікті маманға ғана рұқсат етіледі.