4. Құрылыс ерекшеліктері: Хорион бүрі-ұрықты қоршайтын және плацентаның
нәрестелік бөлігін құрайтын ең сыртқы ұрықтан тыс бүрлі қабық.
5. Қызметі : Сүтқоректілерде хорион қабығы тікелей жатыр қабырғасына жанаса
орналасып, аналық организм мен шарана арасындағы зат алмасу процесін реттеп
отыруға қатысады.
6. Орналасуы: ұрықта
1. Атауы: Плацентаның аналық бөлігі
2. Бояуы: Гематоксилин-эозин.х100.
3. Бояу тәсілі : нейтрофильді деуге болады,себебі мұнда негіздік бояу да,қышқылдық
бояу да қолданылады.Гематоксилин-эозинмен бояған кезде цитоплазмасы қызғылт
түске,ал ядросы күлгін немесе көк түске боялады.
4. Құрылыс ерекшелігі: 1-ана қанына толы лакуналар; 2-хорион бүрлерінің
кесінділері; 3-базальды пластинка; 4-децидуальды жасушалар-
Плацентаның аналық бөлігі - жатырдың түрі қатты өзгерілген шырышты қабығының
децидуальді ,яғни босанғаннан кейін түсіп қалатын қабатының ұрық пен миометрий
арасындағы бөлігі.
Ана қанына толы лакуналар-мұны имплантациялық шұңқырлар деп те атайды.Ұрық ана
қанынан қоректік заттармен қатар,одан тыныс алу процесіне керекті оттегін де алады.
Базальды пластинка-жатырдың түсетін қабығының терең бөлігі трофобластпен бірігуі
арқылы түзіледі.
Децидуальды жасушалар-жатыр эндометриясының базальды қабаты құрамында болады.
5. Қызметі: ұрықтың дамуына қатысты :тыныс алу, транспорттық, экскреторлық,
иммунды қорғаныс, барьерлік қызмет атқарады.
6. Орналасуы: жатырда