Эмбриология



Pdf көрінісі
бет125/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология

Тығыз 
дәнекер тіндер
Тығыз дәнекер тіндер 
(lextus connectivus compactus)
курамында тығыздау 
орналаскан талшыктардын басымырак мөлшерімен және аздаған жасушалык 
элементтер мен олардын арасында орналаскан негізгі аморфты заттын болу- 
ымен сипатталады. Талшыкты кұрылымдардың орналасу сипатына байла­
нысты тығыз дәнекер тіндердін 
пішінделмеген
(калыптаспаған), 
піииінделген
(калыптаскан) және 
аралас
түрлерін ажыратады.
Тіннін пішінделмеген түрі талшыктардын әр түрлі бағытта орналасуымен 
сипатталады, мысалы терінің дермасында. Пішінделген тінде талшыктардын 
орналасуы катан тәртіпке бағынады және әрбір жағдайда мүшенін (сінір, 
байлам, фиброзды мембрана) кызмет аткаратын жағдайына сәйкес келеді. 
Аралас типті тін, әдетте, тығыз дәнекер тіннің талшыкты элементтерінің 
бағытталуынын кезектесуімен ерекшеленетін кабаттар кұрайды.
Сіңір 
(tendo).
Ол параллельді бағытталған, жуан, бір-бірінетығыз параллельді 
орналаскан коллаген талшықтарының шоғырынан түрады. Бұл шоғырлардын 
араларында 
сіңір жасушалары
(
tendinocyti
) деп аталатын фиброциттер және 
аздаған мөлшерде фибробласттар және негізгі аморфты зат орналаскан. 
Фиброциттердің жіңішке табакша пішінді өсінділері талшыктар шоғырының 
арасымен өтіп олармен тығыз байланысады. Көрші шоғырдан фиброциттердін


8.1. Меншікті дәнекер тін
211
кабатымен бөлініп тұрған әрбір коллаген талшыктарының шоғыры 
бірінші
реттік шоғыр
деп аталады. Бірнеше бірінші реттік шоғырлар борпылдак 
дәнекер тіннін жұқа кабатымен коршалып, коллаген талшыктарының 
екінші
реттік шоғырларын
түзейді. Екінші реттік шоғырларды бір-бірінен бөлектеп 
түратын борпылдак дәнекер тіннін кабаттары 
эндотеноний
деп аталады. Одан 
көрі жалпактау борпылдак дәнекер тіннін кабатымен — 
перитенониимен
бөлінген коллаген талшыктарынын 
үиіінші реттік шоғыры
бірнеше екінші 
ретгік шоғырлардан кұралады. Кейде сіңірдін өзі үшінші реттік шоғыр болып 
аныкталады. Ірі сінірлерде 
төртінші реттік шоғырлардың
да болуы мүмкін.
Перитеноний мен эндотенонийдін кұрамында сінірді коректендіруші кан 
тамырлары өтіп, жүйкетер және ОЖЖ-не сінір тіндерінін тартылыс жағдайы 
туралы сигнал жіберетін проприорецептивті жүйкелік аяктамалар болады.
Тығыз дәнекер тіннін пішінделген түріне сүт безі байламы да жатады, тек 
ол жуан эластикалык талшыктардан кұралады.
Кейбір сінірлер сүйекке бекінген жерлерінде екі талшыкты дәнекер тіндік 
кабыкшалардан түратын кынаппен (
vagina
) қапталған, кабыкшалардын ара- 
сында гиалурон кышкылына бай сұйыктык (смазка) болады.
Фиброзды мембраналар.
Тығыз дәнекер тіннен кұралған бұл кұрылымдарға 
фасцияларды, апоневроздарды, диафрагманың (көкеттің) сіңірлік орталык- 
тарын, кейбір мүшелердің капсулаларын, мидың катты кабыкшасын, склера- 
ны, шеміршек және сүйек үсті кабыкшаларын, сондай- ак, аналыкжәне аталык 
жыныс бездерінің ак кабыктарын т.б. жаткызады. Тіннін бұл түрінін фиброзды 
мембраналары көп созылмайды, өйткені коллаген талшыктарынын шоғырлары 
және олардың араларындағы фибробласттар мен фиброциттер белгілі бір 
тәртіппен бірінің үстіне бірі кабаттаскан бірнеше кабаттарды кұрап орналаса- 
ды. Әрбір кабатта, толкындана иілген коллаген талшыктарынын шоғырлары, 
бір-біріне параллельді бір бағытта орналасады, бұл көрші кабаттың бағыты- 
мен сәйкестенбейді (әр түрлі бағыттарға параллельді бағытталған дәнекер тін). 
Талшыктардың жеке шоғырлары оларды бір-бірімен байланыстыра отырып, 
бір кабаттан екінші кабатка ауысады. Фиброзды мембраналарда коллаген 
талшыктарынын шоғырларынан баска, эластикалык талшыктар да бар. Сүйек 
үсті кабығы, склера, аталык жыныс безінің ак кабығы, буын капсулалары 
сиякты фиброзды кұрылымдар апоневроздармен салыстырғанда эластикалык 
талшыктарынын 
молырак болуымен 
жэне 
коллаген 
талшыктарынын 
шоғырларынын орналасу тәртібінің аса сактала коймауымен сипатталады.
8.1.2. Ерекше қасиеті бар дәнекер тіндер
Мұндай тіндерге 
ретикулярлық, май
және 
шырышты
ұлпаларды жаткызады. 
Олардын кұрамына кіретін жасушалардың ішінде басымырак аныкталатын 
біртекті топтары болып, осы тіндердің атауларын калыптастырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет