Эмбриология


7 11.4-сурет. Жалғасы II — мишық қыртысындағы нейрондардың синапстық байланыстарының схема-



Pdf көрінісі
бет202/383
Дата04.10.2022
өлшемі74,12 Mb.
#151686
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   383
Байланысты:
Афанасьев Гистология
bazylkhan n kone turik bitiktastary men eskertkishteri orkho, БЖБ, ОКЭД 5-тизнач рус-17092015, ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ
321
7
11.4-сурет. Жалғасы
II — мишық қыртысындағы нейрондардың синапстық байланыстарының схема- 
сы (Сентагатаи бойынша): а — мишықтың қатпарлары (бойлай кесіндіде үзікті 
(пунктирлі) жолақпен б  және в суреттерде көрсетілген аймақтар белгіленген); 
б — түйіршікті қабаттың шумағы; 
в
— молекулярлық қабаттағы синапстар. 
1 — Пуркинье жасушасы (алмұрт тәрізді нейрон); 2 — алмұрт тәрізді нейронның 
дендриттері; 3 — алмұрт тәрізді нейронның аксоны; 4 — себет тәрізді нейрондар; 
5 — себет тәрізді нейронның дендриттері және 6 — себет тәрізді нейронның ак­
соны; 7 — жұлдыз тәрізді нейрон; 8 — үлкен жұлдыз тәрізді нейрондар; 9 — үлкен 
жулдызтәрізді нейронныңдендриттері; 10 — үлкенжұлдызтәрізді нейронның аксо­
ны; 11 — жасуша-түйіршіктер (түйіршікті нейрондар); 12 — жасуша-түйіршіктердің 
аксоны; 13 — жасуша-түйіршіктердің дендриттері; 14 — мүк тәрізді жүйке 
талшықтары; 15 — синапстық көпіршіктер. Тежегіш нейрондар қара түспен боялған
Молекулярлык кдбатта негізгі екі нейрон болады: 
себет тэрізді
және 
жул-
дыз тәрізді.
Себет тәрізді нейрондар 
(neuron corbiferum)
бірнеше деңгейде орна- 
ласады: кабаттың тереңінде ең ірілері, жоғарғыда — ұсактау жасушалар бола­
ды. Себет тәрізді нейрондардың денелерінің көлемі 8 мкм-ден 20 мкм-re дейін


322
11-Тарау. Жүйке жүйесі
болады. Олар молекулярлык кабаттын жасушаларының 20% жуығын күрайды. 
Гистохимиялык әдіс аркылы нейрондарда ГАМҚ, парвальбумин, кальбиндин, 
соматостатин, NO-синтаза аныкталады. Бұл нейрондардың ерекшеліктері -
олардың аксондык жүйелеріне тән: горизонталды орналаскан аксон 500 мкм 
астам жерге мишык катпарынын үстіңгі беттеріне параллельді таралады. Жо- 
лай ол көптеген жоғары өрлейтін және төмен кететін коллатералдарды береді. 
Бір себет тәрізді жасуша өзінің аксондык жүйесі аркылы 250-дей Пуркинье 
жасушаларымен байланыс түзейді. Алмұрт тәрізді нейрондардын денесіне 
келетін коллатералдар, баска талшыктармен біріге отырып, осы нейрондар- 
ды коршай шырмайды да, олардын сыргында жүйке талшыктарынын ерекше 
күрылымы — себеттерді 
(corbis neurofibrarum)
пішіндейді. Бір Пуркинье жа- 
сушасына шамамен 20—30 себет тәрізді жасушалардың аксондары жинала- 
ды, нейронный бүкіл денесін және аксонның бастапкы сегментін шырмап, 
ГАМКергиялык тежеу синапстарын түзейді. Аксондык коллатералдар, өз 
кезегінде, молекулярлык кабаттын себет тәрізді жасушаларына да тежеушілік 
ыкпал көрсетеді, ал олар, жоғарыда көрсетілгендей, Пуркинье жасушалары­
на тежеушілік кызмет аткарады, сонымен, алмұрт тәрізді нейрондардын және 
мишык кыртысының молекулярлык кабаттарынын деңгейінде ерекше локал- 
ды тежегіш «түзактар» калыптастырылады.
Жүлдыз тәрізді нейрондардын 
(neuron stellatum)
диаметрі 15—20 мкм, 
олардың денесінен радиалды бағытта дендриттер жэне аксон тарайды. 
Қысқа
және 
узын аксонды
жұлдыз тәрізді нейрондарды ажыратады. Олардын түзейтін 
синапстарында таурин жэне ГАМК медиаторлар кызметін аткаруы мүмкін. 
Жұлдыз тәрізді нейрондар себет тәрізділерден жоғары орналасады. Ұсак 
жұлдыз тәрізді нейрондар, алмұрт тәрізді нейрондардын дендриттерінде си­
напс кұрайтын, жіңішке кыска дендриттермен және аз тармакталған ней- 
риттермен жабдыкталған. Ірі жұлдыз тәрізді нейрондардын, ұсактардан 
айырмашылығы, ұзын және көп тармақталған дендриттері мен аксоны бо­
лады. Олардын аксондарының бұтактары алмұрт тәрізді нейрондардын 
дендриттерімен бірігеді, бірак олардың кейбіреуі алмүрт тәрізді нейрондардын 
денесіне дейін жетіп, себеттердің кұрамына кіреді. Молекулярлык кабаттын 
себет және жұлдыз тәрізді нейрондары ендірме нейрондардын бірыңғай 
жүйесін кұрап, Пуркинье жасушаларының дендриттері мен денелеріне 
тежегіш жүйке импульстерін жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   383




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет